"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰҢҒЫШ ОҚУ-КЛИНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДА ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

22.02.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жедел жәрдем дәрігерлерін даярлайтын еліміздегі тұңғыш оқу-клиникалық орталығы Семей мемлекеттік медицина университетінде ашылды. ҚР Ден-саулық сақтау министрлігінің 2017 жылдың 3 шілдесінде жарық көріп, күшіне енген №450 бұйрығына сәйкес, Қазақстанда «жедел жәрдем дәрігері» атты жаңа мамандықтың пайда болғанын газетіміздіңөткен сандарында жазған едік. Осы мамандық иелерінің алғашқы қарлығаштарын даярлау тағы да Семей мемлекеттік медицина университетіне жүктеліп отыр. Айта кетейік, абыройлы оқу орны осыдан бірнеше  жыл бұрын да «жалпы тәжірибе дәрігерлерін» оқытуды бірінші болып қолға алып, сәтті жүзеге асырған болатын.

«Жедел жәрдем» дегенде бірден көз алдымызға жылдам қимылдау жайлы ой келеді. Бұл мамандық ең алдымен шапшаңдықты, кәсіби біліктілікті қажет ететіні сондықтан болар. Адам өміріне қауіп-қатер төнгенде алғаш көрсетілетін медициналық көмектің маңыздылығы да даусыз. Осы жауапты қызмет иелерін оқыту, бүкіл Қазақстанға тәжірибе тарату ісі Семей мемлекеттік медицина университетінде әлдеқашан басталған. Университет қабырғасында арнайы оқу-клиникалық база ашылып, триаж жүйесі енгізіліпті. Қабылдау бөлімінен басталатын жүйеде науқастың ауру деңгейіне байланысты көрсетілетін медициналық көмектер белгіленген. Мәселен, шұғыл ота жасауды қажет ететін науқастарды дайындау бөлмелері қызыл сызық бойында орналасса, сары сызықпен екінші кезекте көмек көрсетілуі тиіс бөлмелер қамтылған. Ал жасыл қоршау ауру деңгейі жеңіл науқастарға арналған.

Жалпы, мұнда триаж жүйесімен он бөлме қамтылыпты: тіркеу, науқастарды қарау бөлмелері, медициналық сұрыптау нәтижелері ескерілген функционалды арбалары бар әмбебап қарау аймақтары, манипуляциялық және шокқа қарсы аймақ, шұғыл операция жасау бөлмесі, науқастардыңқысқа мерзімді ем алу аймағы, қарқынды терапия бөлімі, емдік және диагностикалық шаралар көрсетілетін құрылымдық бөлімшелер, сонымен қатар жұқпалы аурулармен науқастанғандар үшін оңашаланған бөлмелер.

— Жедел жәрдем қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Семей мемлекеттік медицина университетінде жедел жәрдем мамандығын оқыту алғаш рет қолға алынып отыр. Науқастың ауруын сұрыптау, медициналық эвакуациясын жүргізу Еуропа, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония мемлекеттерінің тәжірибесінде бар. Осы елдердің тәжірибесінен үлгі ала отырып, біз де іске кірістік. Қазіргі уақытта Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасымен тығыз қарым-қатынастамыз. Жуық арада қаламыздағы және еліміздегі медициналық мекемелерде бұл жүйе іске қосылатын болады,- деді ректор Ерсін Жүнісов.

Қазіргі уақытта университеттің оқу-клиникалық базасында Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан келген студенттер мен оқытушылар білім алып, өзара тәжірибе алмасуда. Алдағы уақытта өзге де аймақтардың студенттері мен оқытушылары, дәрігерлері қамтылмақ. Еліміздегі медицина саласын дамытуға сүбелі қосып келе жатқан университет ұжымының бастамасына біз де сәттілік тілейміз!

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

22 часа бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

22 часа бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС