"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КЕМЕРОВОДАҒЫ ОҚИҒАДАН САБАҚ АЛСАҚ ИГІ

03.04.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Семей таңы» газетінің 30 наурыздағы №25 санында тілші ретінде өз тарапымыздан дербес рейд өткізуге қамданып жатқанымызды айтқан едік. Өткен аптаның соңында Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне, 215 балаға тәрбие беріп отырған «Балдырған» жекеменшік балабақшасына, тұрғындар көп жиылатын «Қазына» ойын – сауық және сауда орталығына арнайы барып, өрт қауіпсіздігі ережелерінің қаншалықты сақталып отырғанына көз жеткізуге мүмкіндік алдық.

Назарбаев Зияткерлік мектебіне бас сұғып, келген мәселемізді айтқанымызда, мектеп әкімшілігі бірден техникалық салаға жауапты маманмен жүздестірді. Өзін еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша НЗМ инженерімін деп таныстырған Александр Халиков мұнда қауіпсіздік ережелері толығымен сақталғанын, ғимараттың барлық қабаттары мен жертөлесінде дыбысты дабыл белгілерінің орнатылғанын айтып, көрсетіп берд:

-Білім ордасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері толыққанды назарда. Әрбір кабинетте, дәлізде, барлық бөлмелерде тілсіз жауды ауыздықтауға арналған өрт сөндіргіштер, көмірқышқыл ұнтағы бар. 120 орындық интернатқа ішкі өртті сөндіру үшін су құбыры желісіне қосылған 6 өрт сөндіру краны орнатылған. Сонымен бірге, оқу бағдарламасына сәйкес, өрт қауіпсіздігі ережелері, антитеррорлық әрекет бойынша эвакуациялау жаттығулары жүргізіліп тұрады. Эвакуациялау жоспарына сәйкес, ғимараттан шығу тәртібі әрбір қабаттағы қабырғалардағы нұсқаулықтарда көрсетілген. Сол тәртіп бойынша оқытушылар сабақтарын тоқтатып, оқушыларды сапқа тұрғызып, ережелерге сай әрекет етуге әбден дағдыланған (оқу-жаттығу кездерінде).

Нысанда 14 тысқа шығу есігі болса, оның 11-і төтенше жағдайларға арналыпты. Барлығы дүрбелең туғызуға қарсы (антипаника), оқыс жағдайда іштен құлыпталып қалмайтын, жеңіл ашылатын есіктер. Сонымен бірге, дабыл іске қосылғанда, құлыптар автоматты түрде ашылатыны тағы бар. «Жаман айтпай, жақсы жоқ», апатты жағдай орын ала қалса, дыбысты дабыл іске қосылып, қалай әрекет ету керектігі дауыстап хабарланады екен. Сонымен қоса мектепте 220 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бірінші қабаттағы күзет мамандары бақылап отырып, төтенше жағдайдың қай уақытта, қай жерде пайда болғанын бірден байқай алады. Мектептің еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша инженерінің айтуынша, ғимараттағы оқушылар мен оқытушылар, жалпы, мұндағы адамдар шамамен 4 минутта толықтай тысқа шығуы керек, әрі жаттығулар кезінде осы аралықта тысқа шығып үлгерген.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің қауіпсіздік ережелерімен танысып, сауатты әрі мардымды жауап қайтарған маманмен тілдескен соң, жол — жөнекей Гагарин көшесінің бойындағы «Балдырған» балабақшасына аялдадық.

Балабақша меңгерушісі орнында болмады. Қауіпсіздік ережелері қаншалықты сақталғанын білгіміз келгенде, өзін әдіскермін деп таныстырған маман, басшысы келмейінше, еш ақпарат бере алмайтындарын жеткізді. «Оқыс жағдай орын алса, тілсіз жау тұтанса, балалар меңгерушіні тосып отыра ма?» деген сауалымыздан соң ғана тілшілік куәлігімізді қарап, балабақшаның құрылтайшысымен жолықтырды.

Дабыл тетігінің бар екенін кіреберістен байқаған біздер өрт жағдайында сыртқа шығу сызбасының бар-жоқтығына көз жеткізбек болдық. Ойымызға орай, балабақшаның құрылтайшысы Аян Бектұрұлы: «Сызбаға тапсырыс бердік. Бүгін — ертең дайын болуы керек. Бұрынғысын 15 күн бұрын Затон аудандық өрт сөндіру бөлімінің мамандары алып кеткен»,- деген пікір айтты. Бірақ түпнұсқасын тиісті мамандарға жіберсе де, көшірмені неге қалдырмағанына таңырқай қарағанымыз жасырын емес.

Жалпы, мұнда, негізгі есіктен бөлек, сыртқа шығуға арналған қосалқы екі есік бар. Мекеме әкімшілерінің айтуынша, олар таңнан кешке дейін кілттелмейді. Тәрбиешілер өрт қауіпсіздігі ережелерін еш бұзбайтынын айтқан Аян Бектұрұлы балалар мен ұжым 5 минут көлемінде тысқа толықтай шығып үлгереді дейді.

Хош, балабақшадан кейін «Қазына» ойын-сауық және сауда орталығына бет алдық. Алдымен қарапайым тұрғын, тұтынушы ретінде мұқият аралап, қауіпсіздік ережелерін бағамдаған соң тілшілік қызметімізге ауыстық. Орталықтың директоры Жұмағали Исабековті сөзге тартқанымызда:

— Ойын – сауық және сауда орталығы 2014 жылы барлық талаптарға сай ашылған. Өрт сөндіру жүйесі бар, оған жауапты арнайы маман да қарастырылған. Сауда нүктелерін жалға алып отырған 60-тан астам кәсіпкер қауіпсіздік ережелерімен етене таныс. Әрқайсысында өрт сөндіргіштер бар және ай сайын оқу — жаттығуларына қатысады. 3 күн бұрын ғана сондай жаттығу жасадық. Әр қабатта күзетші тыныштықты қадағаласа, бейнебақылау камералары кез келген жағдайды дер кезінде бақылауға мүмкіндік береді,- деді.

Ойын сауық орталығында сыртқа шығуға қосымша екі есік қарастырылған. Бұған қоса енді 4-ші қабатта балалар мен жастарға арналған 3 кинотеатр ашылмақ. Төртінші қабаттан тікелей далаға эвакуациялайтын есік болады деп жоспарлануда.

«Балаларға арналған, жастар көп топтасатын кинотеатр, ойын алаңдары неге алғашқы қабаттардан орын алмайды?» деген заңды сауал туындайтыны рас. Тек «Қазына» ғана емес, «Апрель», «Арғымақ», «SMALL» сынды өзге де ойын – сауық және сауда орталықтарында балаларға арналған алаңдар тек жоғарғы қабаттарда. Өкінішке орай, өрт қауіпсіздігі ережелерінде балаларға арналған алаңдар төменгі қабатта болуы керек деп көрсетілмеген екен. Бұл да болашақта назарға алатын мәселе сыңайлы…

Нысанда қауіпсіздік ережелері жіті қадағаланатынын айтқан Жұмағали Исабеков тұрғындарға кеңесін де айтты.

— Әрбір тұтынушы сауда үйіне немесе басқа да ғимаратқа енгенде қай есіктен кірді, қалай шығуы керек екенін мұқият бағдарлап алса деймін. Тұрғындар келіп, шығатын есікті таба алмай, адасып жүретін жағдайлар кездеседі. Мұндағы кәсіпкерлер, ғимараттың ішінде қызмет ететін жандар кіру — шығу жолдарын жақсы біледі. «Сақтансаң, сақтайды» демекші, тұрғындарға айтар осындай кеңесіміз бар, — дейді Жұмағали Исабеков.

Бұл — біз барып, жағдайымен танысқан 3 ғимараттағы жағдай. Осы үшеуіне қарап қаладағы ғимараттарда өрт қауіпсіздігі ережелері толықтай сақталып отыр деп кесіп айтудан аулақпыз. Қауіпсіздік ережелерін назарға алмайтын, тексеріс үшін бос өрт сөндіргіштер ілініп тұратын нысандардың бар екенін жасыруға болмайды…

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

13 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

13 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

13 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

13 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС