"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕ БАСТАДЫ

03.04.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тасқыннан зардап шеккен жерлестерімізден өтініштер қабылдана бастады. Дүйсенбі, 2 сәуір күні түстен кейін сағат 15.00-де №№ 2, 18, 29, 44 және 39 мектептерде балаларға қажетті киім-кешек пен оқулықтар ата-аналарға табысталды. Осы күні қаладағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің, белсенді жастардың бастамасымен сенбілік жұмыстары атқарылуда.

Бүгінде жағдай тұрақталып, тұрғындар үйлеріне оралуда. Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін штабтар құрылып, жұмыс істей бастады. Азаматтық қорғаныс қызметіндегілер батпаққа айналған жерлерге топырақ төгу жұмыстарын жүргізуде.

Кеше, яғни 2 сәуір күні, Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова №2 орта мектепте қызыл судан зардап шеккендермен арнайы жиын өткізіп, баспаналары бүлінгендердің өтініштерін қабылдайтынын айтып, тұрғындарға 5 балдық өлшем бойынша бағалау жасалатынын естеріне салды. Келіп түскен өтініштер бойынша материалдық көмек көрсетіле бастайды. Дәл осындай жиын шаһардың Затон ауданында және Бобровка кентінде де өтті. Әр басқосуда Надежда Васильевна үйі бүлінгендерге әкімдік тарапынан көрсетілетін көмектің жайын айтып, жабырқау жандардың көңілін жадыратты.

Осы күні түске дейін Мирный, ал түстен кейін Бобровкадағы зардап шеккендерге отын–су таратылды. Мирныйдағы штаб жетекшісі Айдар Абдухамитовтің айтуынша, екі КамАЗ көмір, бір КамАЗ құрғақ отын Мирный кентінің тұрғындарына үлестіріліп беріліпті.

— Төтенше жағдай бойынша құрылған штабтар тек отын мен көмір ғана емес, арнайы WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы келіп түскен хабарлар арқылы кімде құжат жоқ, кімнің баласына сабаққа баруға қажетті кеңсе тауарын әперу керек — осы жағын да қарастырып жатырмыз. Кешеден бері жергілікті полиция бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірге өзім басқаратын штаб өкілдері үйлерді аралап көрдік. Осыған дейін 60 шақты су басқан үйді анықтадық. Бұл соңғы дерек емес, үй саны бұдан көбірек болуы ықтимал.Нақты есебі кейін белгілі болатын шығар,- деді Айдар Әбдихатұлы.

Осы жолы үйлерін су басқан Загородная және Ипподромная көшелеріндегі тұрғындар көмір мен отын түсіріп, шатқаяқтаған тірліктерін бір түзеп алды.

Бір сөзбен айтқанда, Семей халқы су тасқыны кезінде ауыр жағдайға ұшырағандарға көмек қолын созуда. «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы арқылы алғашқы гуманитарлық көмектер көрсетіле бастады. Бұл ретте «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында Бобровка кенті мен Мұрат саяжайында, Затон ауданында, Полковничий аралында баспанасыз қалғандарға көмек беру үшін қабылдау бекеті ашылып отыр.

Азық-түлік, жылы киім-кешек, төсек-орын жабдықтары Шайжүнісов көшесіндегі 138-үйде, партияның қалалық филиалында ашылған қабылдау пунктінде қабылдануда.

— Біз 29 наурыздан бастап гуманитарлық көмек жинауды қолға алдық. Осы уақытқа дейін біздің бастамамызға көптеген қала тұрғындары, кәсіпкерлер қауымы, мекемелер үн қосып үлгерді. Күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар, жылы киімдер, жылдам бұзылмайтын тағамдар жиналды. Жерлестеріміздің басына түскен тауқыметке бейжай қарамайтын жандар бізді қолдайтынына нық сенімдіміз,- дейді «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Жұмаділов.

Айта кетейік, Семей қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтардың мүлкін қалпына келтіруге байланысты өтініштерді қабылдау басталды. Өтініштерді қабылдау орындары: Бобровка саяжайында № 44 орта мектеп,  Пристань ауданында — №18 орта мектеп, Мирный кентінде — №2 орта мектеп.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

3 дня бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

3 дня бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

4 дня бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

6 дней бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

1 неделя бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

1 неделя бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

1 неделя бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

1 неделя бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

1 неделя бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС