"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖИЫНҒА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР АРҚАУ БОЛДЫ

17.04.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

12 сәуір күні Абай атындағы кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің арнайы мониторингтік тобы және қалалық Қоғамдық кеңестің кезектен тыс бірлескен отырысы өтті. Аталған басқосуда ірі сауда нысандарындағы өрт қауіпсіздігін тексеру нәтижесі, көше аттарын өзгерту, мектепке дейінгі білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету, шаһарды абаттандыру сияқты өзекті мәселелер қаралды. Келелі жиын Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Жанна Жибраеваның төрағалық етуімен өткізіліп, жоғарыда аталған мәселелер жан — жақты қаралып, шешу жолдары талқыланды.

Семейдегі аумағы 1500 шаршы метр болатын 43 ойын — сауық кешендері мен сауда үйлерін тексерудің барысы арнайы жұмыс тобының мүшесі Екатерина Гуляеваның баяндамасында сөз болды. Баяндамашы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің арнайы мониторингтік тобы, қалалық кәсіпкерлер палатасы, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының өрт сөндіру бөлімімен бірге өздері тексерген нысандарға қатысты орын алған кемшіліктерді ортаға салды. Орын алып отырған кемшіліктерді жою жолдары қарастырылды. Өрт қауіпсіздігіне қатысты ең көп сынға «Барыс», «Арка» сауда үйлері сынды нысандар ұшырады. Тексерушілер «Барыс» сауда үйіне бас сұққан кездерінде өрескел заң бұзушылыққа жолығыпты.

— Ғимаратта орналасқан дәмхананың тағам әзірлейтін бөлмесінде мүлдем өрт қауіпсіздік шаралары сақталмайды. Газ балонының жанында аузы ашық ұн қаптары тұрғанын немен түсіндіреміз? Әрі жертөледегі төменгі қабатта орналасқан би залындағылар, өрт шыға қалған жағдайда, сыртқа шыға да алмайды. Өйткені ол жақтағы шығар есік мүлдем жабық. Дабыл қағушы құрал мүлдем жұмыс істемейтіні белгілі болды. «Арка» сауда үйінде де осындай жағдай қайталанды. Осы кемшіліктерден халық көп баратын өзге де ірі сауда орындары сабақ алса жақсы болар еді. Аталған жерлерде орын алған кемшіліктер меншік иелері тарапынан жуық арада түзелетін болады,- деді Е.Владимировна.

Қала әкімі жанындағы онамастикалық жұмыс тобының көше атауларын өзгертуге қатысты жұмысы жайында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Маржан Бахатова баяндады. Таяу уақытта Парковая көшесіне армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің, Строительная көшесіне атақты сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың, Н.Крупская көшесіне халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың, ал Краснознаменная көшесіне Баян Байғожинаның есімдерін беру туралы ұсыныс жасалыпты.

Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтарда ата — аналарымен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері мен шығармашылық формаларын енгізу туралы баяндады.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

18 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС