"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРМАК СӘЛІМОВ:ҚОЛЫМЫЗДАН КЕЛГЕНШЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕМІЗ

20.04.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

18 сәуір, сәрсенбі күні Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қызыл судан зардап шеккен Бобровка кентіндегі тұрғындармен кездесті. № 44 мектеп ғимаратында өткен жүздесу барысында айтылғандай, бүлінген үйлер бір ай көлемінде қалпына келтіріледі. Әкіммен сұрақ — жауап түрінде өткен кездесуде тұрғындар сауалының дені жөндеу жұмыстарын бастау мерзімі, өтемақы беру, тұрмыстық техниканың ақысын өндіріп алу туралы болды.

Өкінішке орай, саяжай үйлері тұрғын үйлердің қатарына жатпайтындықтан, республикалық комиссия шешіміне сәйкес, өтемақы берілмейтіні мәлім болды.

— Бұған дейін шығындарды есептеу жөніндегі 5 экспертші компания тексеріп үлгерген 54 үйдің құжатын Астана қаласындағы республикалық комиссияның қарауына жіберген болатын. Бірақ, саяжай үйлері тұрғын үйлер санатына жатпайтындықтан, бюджет есебінен қаржы қарастырылмайды. Соған қарамастан, бұған дейін де мен қазақша, орысша — екі тілде айтқанмын, қазір де айтамын: қызыл судан зардап шеккен тұрғындар қолдаусыз, назардан тыс қалмайды. Облыс әкімдігінің, «Парыз» сынды қорлардың, кәсіпкерлердің көмегімен шығындарыңызды мейлінше өтеп, үйлеріңізді қалпына келтіруге көмектесеміз,- деді Ермак Бидахметұлы.

Яғни қажетті қаржы қарастырылып жатыр. «Жөндеуге жұмсалатын қаржыны қолыма беріңіздер, құрылыс жұмыстарымен өзіміз айналысамыз»,- деген саяжайлықтардың қолдарына ақша берілмейтінін, жөндеу жұмыстарын құрылыс компаниялары жүргізетінін қала әкімі нақты кесіп айтты.

— Тұрғын үйлерді жөндеумен айналысатын екі мердігер компания анықталды. Олар «ГорДорСтрой» ЖШС мен «Сәт-Транс» ЖШС. Жоспар бойынша, 19 сәуір күні құрылысшылар үйлеріңізге барып, жөндеуге кіріседі. Сіздер жұмыстардың сапасын қадағалайсыздар,- деді Ермак Бидахметұлы.

Жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес кезекпен жүргізіліп, бір айдың көлемінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Тұрғындардың арасында әлі күнге дейін үйлеріне от жағып, қабырғаларды кептірмегендері бар. Үйлерді кептіру аса қажет екені, себебі дымқыл қабырғаларға құрылыс жұмыстары жүргізілмейтіні бұл кездесуде баса айтылды.

Маңызды мәселелердің бірі судың салдарынан істен шыққан тұрмыстық техника болып тұр. Жұрт несиеге алған тұрмыстық техникаларына алаңдаулы. Бұл ретте шаһар басшысы зардап шегушілерге шекті деңгейде, техникасының жағдайына сәйкес, қалалық комиссияның шешіміне орай өтемақы берілетінін атап өтті.

Қарғын су тұрғын үйлерді ғана емес, көшелерді де шайып, қозғалысқа айтарлықтай кері әсерін тигізгені белгілі. Саяжай тұрғындарының жол жөнделсе деген өтініштеріне орай, Ермак Бидахметұлы бұған дейін бірнеше көлік тас төгілгенін, кенттің депутаты Сергей Покатиловтың басшылығымен жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасатынын тілге тиек етті.

— Менің үйім кішірек. Өзім осы кезеңде оны кеңейтіп салмақ болып отырған едім. Сіздер құрылысшы жіберсеңіздер, олар бұрынғыны қалпына келтіреді де, мен үйімді кеңейте алмай қаламын ғой…- деген саяжай тұрғынына қала әкімі:

— Сіз үйіңізді кеңейтіп, бөлме қосқыңыз келсе, құрылысшыларға ақы төлей отырып, олармен келісіңіз,- деп, жиыннан кейін мәселені қарастыруға кеңес берді.

Саяжайлықтардың арасында экспертші комиссия үйдің өзін ғана қарап, қора — қопсы, қосалқы сарайларды есепке алмады деп наразылық танытқандар да болды.

— Заң бойынша, зардап шегушілерге шектік деңгейде көмек көрсетілуі керек. Оған қора — қопсы енбейді,- деген жауап айтты Ермак Бидахметұлы.

Үйлері толық кеуіп үлгермеген тұрғындар, комиссия есебі бойынша тиесілі құрылыс материалдары берілсе, жазда құрылысты өздері жүргізіп алуға мүмкіндіктері барын айтып, осы жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл жол да қарастырылмақ.

Материалдық шығынмен қоса, моральдық көмекке де зәруміз деген жандарға қала басшысы:

— Қылмыстық іс қозғалған. Сот шешімі шыққан соң, кінәліні сотқа беру арқылы сіздер моральдық шығынды талап ете аласыздар. Біз әртүрлі қорлардың, жомарт жандардың, семейліктердің қолдауымен тек материалдық шығындарыңызды ғана өтеп бере аламыз,- деп анығын айтты.

Қазіргі таңда қызыл су кірген үйлердің басым көпшілігінің жағдайымен комиссия танысып, шығындарды есептеген. Зардап шеккендіктері туралы өтініш білдірмеген тұрғындарға комиссия бара алмайтыны белгілі. Сондықтан әлі күнге дейін шаңырағына комиссия келмесе, тұрғындар өтініш жазған — жазбағандарына көз жеткізуі керектігін шаһар басшысы атап өтті.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

21 час бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

21 час бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС