"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СӘУЛЕТТІ ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ

20.04.2018

Семейдегі Ақсай жаңа ықшам ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты аясында алғашқы тұрғын үйлердің іргетасы қаланды. Сейсенбі, 16 сәуір күні қала әкімі Ермак Сәлімовтің қатысуымен аталған ауданда көшпелі жиын өтіп, онда бір ай ішінде бой көтерген баспаналар мен Ақсай кенті жайында жан-жақты мағлұмат берілді. Көшпелі мәжіліске жиналған көпшілік үлгі ретінде таныстырылған үй ішін аралап, құрылысқа қолданылған материалдардың сапасын, мердігер компаниялардың жұмысын бағалады.

Ақсай кенті қаланың оң жақ жағалауында, РСУ-1 ауданынан ары қарай орналасқан. Қаладан едәуір шалғай орналасқаны болмаса, ауасы саф, табиғаты көрікті. Көп ұзамай сыртқы пішіні, сәулеті біркелкі жеке тұрғын үйлер салына бастайды. Қазір мұнда электр желілері тартылған. Су желісінің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайын, осы жылдың күзінде су жүйесі орнатылады. Оқырмандардың есіне сала кетейік, өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Ақсай, Ұшақтар және Комсомол кенттерінде жеке тұрғын үйлерді салу мақсатында 3900 жер телімі берілген-ді. Соның ішінде 1700-і Ақсай ауданына бөлінсе, бүгінде оның 1200-і үлестірілді.

— Басты мақсат – халық игілігі үшін сапалы, қолайлы баспана салу. Егер құрылыс салуға ниетті азаматтың қалтасы көтерсе, үйді өзі салуға толық құқығы бар. Тек қалалық сәулет бөлімімен жоба жөнінде келісуі керек. Мұнда саман кірпіштен, шлакоблоктан үйлер салынбайды, тек әдемі әрі бірдей ғимараттар болады,- деді қала басшысы Ермак Сәлімов.

Айту керек, архитектуралық жобалар тұрғындарға тегін беріледі. Әрбір салымшы жоба эскизін сызу барысында қанша бөлме болады, қандай құрылыс материалдарын қолдану керек, өздері таңдайды.

Банк салымшылары назарына көрсетілген бірінші үй сырт көзге қарапайым көрінгенмен, іші жайлы әрі кең. Жалпы аумағы 90 шаршы метрді құрайтын баспананың іргетасын құю, кірпішін қалау, тақта-жабындарын орнату жұмыстары сапалы жасалған. Үй қабырғалары газоблокпен, силикат кір-піштермен қапталса, төбесі 15 сантиметр қалыңдықтағы ағаш және жылу ұстап тұратын арнайы жабындымен жабылған. Үйлер электр қуатымен немесе пешпен жылытылатын болады.

— Бұл үйдің құрылысын ағымдағы жылдың 27 ақпанында бастап, наурыз айында аяқтадық. Бір айда тұрғызылған үйді салуға 15 адам жұмылдырылды. Қолданылған құрылыс материалдарының барлығы өзіміздің қаламызда өндірілген,- дейді «Өкен» ЖШС прорабы Талғатбек Торғаев.

Ал «Сәт-Транс» серіктестігі мердігерлік ететін келесі үйдің жобасы еуропалық үлгіде салынған екен. Залы, жатын, жуыну бөлмелері ерекше кең.

— Мысалы, аумағы 100 шаршы метр болатын үйдің орташа бағасы 12 млн. теңге деп белгіленіп отыр. 1 шаршы метрі 120 мың теңгеден аспайды. Бұл сомаға үй тұрғызылады, жылу желісі тартылады, қоршауы салынады. Қалған ұсақ-түйек жұмыстарды сатып алушы өзі атқарады. Жер телімдерін алу үшін бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу қажет. Ол үшін міндетті түрде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшысы атанып, депозиттегі есепшот 2 млн. теңге көлемінде болуы шарт. Алғашқы жарнасы тұрғын үйдің жалпы сомасының 30%-ын құрайды. Несие 5 пайыздық жылдық өсіммен 15 жылға беріледі. Ауданда салынатын үйлер 80-140 шаршы метрге тең болады,-деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей филиалының директоры Равиль Сәбитов. – Жер телімін алуға кезекте тұрғандар қалалық әкімшіліктің жер қатынастары бөліміне барып, жолдама алып, үйдің жобасын таңдауы керек. Содан кейін, үйдің бағасы белгілі болған бойда, тұтынушы біздің банкке келіп, өзінің төлем қабілеттілігін растайтын құжатты өткізеді. Үйдің алғашқы жарнасын банкке салғаннан соң, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жергілікті атқарушы орган өкілдеріне хабарлама жібереді. Сөйтіп, жеке тұрғын үйдің құрылысы басталады,- деді ол.

Үй салынбас бұрын, қала әкімдігі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей филиалы, құрылыс компаниясы мен салымшы арасында төрт жақты келісімшартқа қол қойылады. Бүгінде Ақсайдан 10 сотық жер алуға 24 мыңнан астам тұрғын кезекте тұр. Оның 2600-і — банк тұтынушылары. Қазірде 644 жер телімі рәсімделіп жатыр. Келешекте жаңа ауданда 1200 орынға арналған мектеп және 320 бүлдіршінге шақталған балалар бақшасы салынады деген жоспар бар.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Бөлінетін қаражат қатаң бақылауда болады – Тоқаев Халықтық құрылыс бойынша комиссияның құрамын бекітті

25.11.2026
Бөлінетін қаражат қатаң бақылауда болады – Тоқаев Халықтық құрылыс бойынша комиссияның құрамын бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол...

Толығырақ...Details

«AUYL ART FEST» байқауы туралы

25.11.2026
«AUYL ART FEST» байқауы туралы

Ауылдағы дарынды баланың үлкен сахнаға шығу мүмкіндігі оның жанында музыка мектебінің болуына немесе отбасының облыс орталығындағы тыңдауға бара алуына тәуелді...

Толығырақ...Details

Абай облысында 431 бала қорғаншылық пен қамқоршылыққа алынған

25.11.2026
Абай облысында 431 бала қорғаншылық пен қамқоршылыққа алынған

Абай облысында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған...

Толығырақ...Details

ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

25.11.2026
ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Абай облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Айжан Мұқатова БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.  Баспасөз...

Толығырақ...Details

Заң мен тәртіп қағидаты – әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізі

25.11.2026
Заң мен тәртіп қағидаты – әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізі

Қазақстанның тұрақты дамуы экономикалық жетістіктермен қатар, қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға тікелей байланысты....

Толығырақ...Details

Бірлестік құру бостандығы – азаматтық қоғамды дамытудың маңызды негізі

25.11.2026
Бірлестік құру бостандығы – азаматтық қоғамды дамытудың маңызды негізі

Азаматтардың ортақ мақсаттар мен мүдделер негізінде бірігуі демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың бірлестік құру бостандығына...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бөлінетін қаражат қатаң бақылауда болады – Тоқаев Халықтық құрылыс бойынша комиссияның құрамын бекітті

19 часов бұрын

«AUYL ART FEST» байқауы туралы

19 часов бұрын

Абай облысында 431 бала қорғаншылық пен қамқоршылыққа алынған

20 часов бұрын

ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

20 часов бұрын

Заң мен тәртіп қағидаты – әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізі

20 часов бұрын

Бірлестік құру бостандығы – азаматтық қоғамды дамытудың маңызды негізі

20 часов бұрын

Халықтың әл-ауқатын арттыру – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының басты мақсаты

2 дня бұрын

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды

2 дня бұрын

Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін оны қолдап пікір білдірді

2 дня бұрын

ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС