"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУ БАРШАҒА ОРТАҚ

15.05.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде жалпықалалық сенбілік жалғасуда. Бұл жолы тазалық жұмыстарын жүргізуге теміржолшылар шықты. Олар сегіз шақырым шойын жол жиегін күл – қоқыстан тазартты. Деповская, «Жансая» базары, Аягөз көшелерінің маңайы — күл-қоқысқа толы аумақтардың бірі. Сондықтан аталған көшелерді тазартуға тоғыз КамАЗ, үш жүк тиеуші жұмылдырылған.

— Сенбілікке темір жол саласында қызмет ететін үш жүзге жуық адам шықты. Келесі сенбіде тағы да тазалық жұмыстарын жүргізу керек, бірақ үлгереміз деп нақты айта алмаймын,- дейді Семей жүк тасымалдау бөлімшесі директорының орынбасары Ерғазы Жұмаділов.

— Өткен жылы қоқысты шығаруға байланысты қиындықтар көп кездесті. Біз автокөлік емес, темір жол мекемесінде жұмыс істейміз. Сондықтан бізде көліктер жетіспейді, қоқыс шығару үшін берілетін талондарды алуда үнемі қиындықтарға тап болып жатамыз. Биыл қала әкімдігі жұмысымызды жеңілдетіп, қажетті техника бөлді. Темір жолдардың бойы тұрмыстық қалдықтарға, қоқыстарға толы. Бұл жағдай жыл сайын қайталанып келеді. Қоқысты далаға емес, арнайы контейнерлерге тастау керегін тұрғындар түсіне бермейді. Пойыз өтетін жол маңайын тазалау теміржолшыларға жүктеледі. Учаскелік инспекторларға да, санитарлық полицияға да, әкімдікке де осы мәселені шешу жөнінде өтініш білдірдік.

Тұрғындардың сөзінше, учаскелік, санитарлық полиция қызметкерлері келіп ескерту жасағанмен, олардың сөзін елеп жатқан ешкім жоқ. Жоғарыда аты аталған көше тұрғындарының басым көпшілігі қоқыс шығару үшін ақша төлеуге ниет танытпайтын көрінеді.

— Деповская көшесінде тұрғаныма бір жылдай болды. Темір жол аумағын тазалап жатқан азаматтарға рақмет. Жергілікті тұрғындар бұл жерге қоқысты өздері тастап, табиғат-ананы ластайды. Олай етпеулерін талай мәрте өтініп сұрадық. Сенбілікке де ешкім шықпайды. Өздеріңіз де көріп тұрсыздар, үйлердің барлығы барак үлгісінде бір-біріне іргелес салынған. Үй тұрғындары қоқыс салынған пакеттерімен шығып, темір жол шетіне үйіп қояды. Өз ауламызды өзіміз тазалайық деген ұсыныс айтқым келеді көршілеріме,- дейді Нұрбану Қапаева.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметіне қарағанда, қала әкімдігі шағын және орта бизнес өкілдері мен халық арасында әркім өз аумағында тиісті санитарлық жұмыстарды ұйымдастырып, қоқыс шығарумен айналысатын мекемелермен келісімшартқа отыру жөнінде түсіндіру шараларын жүргізіп жатыр. Осы ретте полиция қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандарымен бірлесіп рейд өткізіп, санитарлық талаптарды бұзған азаматтар жауапқа тартылатынын ескертуде. Тиісті органдар тарапынан берілген ескертулерді елемегендер айыппұл төлейтін болады. Қаланың санитарлық тазалығы бойынша өткізіліп жатқан екі айлық ағымдағы айдың соңында аяқталса да, жұмыстар жалғаса бермек.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

12 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

14 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

14 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС