"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘДІЛ ЗАҢ – ҚОРҒАНЫҢ

28.05.2018
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

25 мамыр күні Семей қалалық әділет басқармасының ұйымдастыруымен Халыққа қызмет көрсету орталығында Ашық есік күні өтіп, тұрғындар өздерін мазалаған мәселелер бойынша заңдық кеңестер алды. Шараға Әділет басқармасының мамандары, нотариустер, адвокаттар, аумақтық сот орындаушылары қатысты.

Тоқсан сайын өтетін Ашық есік күнінің мақсаты – халықтың заңдық сауаттылығын арттыру. Осы орайда Семей қалалық әділет басқармасының жетекші маманы Аслан Мұратбеков:

— Біз осы акцияны дәстүрлі түрде тоқсан сайын өткіземіз. Шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындарына тегін заңдық кеңес беру. Негізінен, тұрғындар сауалының басым көпшілігі құқық қорғаушыларға арналады. Бұдан өзге мүлікке құқықтарды тіркеуге, кондоминиумді және заңды тұлғаларды тіркеуге қажетті құжаттар тізімі көп сұралады. Барша қызметтер Әділет басқармасы жүзеге асыратын қызметтер негізінде орындалады,- дейді Аслан Мұратбеков. — Біз сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалымен бірлесіп көшпелі кеңес беруге тұрақты шығып отырамыз. Семей өңіріне қарайтын ауыл мен кент тұрғындарына тегін заңгерлік кеңестер беріледі. Сонымен қатар ақпараттық-насихаттық топ халық арасына тоқсанына екі рет шығып тұрады. Оның құрамына ШҚО наториаттық палатасының өкілдері, адвокаттар, аумақтық сот орындаушылары, біздің Әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің, жылжымайтын мүліктерді тіркеу бөлімінің мамандары және АХАТ мұрағатының жетекші мамандары кіреді.

Ашық есік күнінде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға заңға сәйкес нақты жауаптар берілді. Сұрақтардың негізгі бөлігі жылжымайтын мүлікті тіркеу және оны жекешелендіру, кәсіпкерлерді тіркеудегі өзгерістер, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің әр түрлі бағыттарына қатысты болды.

2011 жылы қайтыс болған әжесі Екатерина Дайнек мұрагерлік туралы өсиет қалдырмағандықтан, жапсарлас салынған үйді заңдастырып, тіркей алмай жүрген қала тұрғыны Виктор Белазин өзінің мұрагерлік құқығы туралы кеңес алуға заңгерлерге жүгінді. Мамандар мүлікті тіркеудің жолын түсіндіріп берген соң, бәрі айқын болды.

— Талай жылдан бері шеше алмай жүрген мәселем бес-он минуттың ішінде шешілді. Заңнан хабары жоқ жандарға осындай акциялар міндетті түрде керек,- дейді Виктор Белазин.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

14 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

15 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС