"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРАЖАТ ҚОЛҒА БЕРІЛМЕЙДІ

04.06.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен Пристань, Мирный және Затон кенттері тұрғындарының материалдық шығынын өтеу жөніндегі қаулы жобасын Үкімет мақұлдады. Осы апта ішінде қаулыға қол қойылғаннан кейін, тиісті қаржы бөлініп, қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталмақ. Бұл туралы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов сенбі, 2 маусым күні Мирный кентінің тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті.

Баспаналарын топан су басып, үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған Мирный кентінің халқы ұзақ күтті бұл күнді. Көп ұзамай Үкімет тұрғындарға өтемақы төлейтін болады.

Төтенше жағдай орын алған кезде біз бағынатын заң, ережелер бар. Үкімет өзінің төтенше жағдайлар қорынан қаражат бөлсін деген өтінішпен Астанаға арнайы барып қайттық. Өкінішке орай, тиісті шаралар бірден жүзеге асырылмайды, бірақ қаулы жобасы қабылданды, бірер күннің ішінде қол қоюлары керек. Құжатта көрсетілгендей, қаржы тек қираған үйлердің орнына жаңа баспана алып беруге, сондай-ақ үйді қайта жөндеу жұмыстарына беріледі. Сондықтан Үкімет қорынан бөлінетін ақшаны жеке шоттарыңызға аударуға келмейді,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Қаражат, бағалау комиссиясы есептеп берген көлеміне сәйкес, белгілі мөлшерде құрылыс компанияларына аударылатын болады. Тұрғындардың компанияны өздері таңдауға мүмкіндіктері бар.

Пристань, Мирный аудандары бойынша 205 тұрғын үй жөндеуді қажет етсе, 9 баспана қайта қалпына келтіруге жатпайды, себебі апатты жағдайда. Жаңа үй алуға Үкімет 58 млн. теңге, жөндеу жұмыстарына 285 млн. теңге бөледі. Тұрмыстық техникалар үшін өтемақы жергілікті бюджет есебінен төленетін болады,- дейді әкім.

Жөнделетін баспаналардың сапасына алаңдаушылық білдірген тұрғындардың әрбіреуінің сауалына қала басшысы толыққанды жауаптар берді, ұсынысын да айтты.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Гордорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 16 көшеге ұсақталған тастарды төседі. Ал «Сәт — Транс» серіктестігі бірнеше саяжай үйлерді қалыпқа келтіруді аяқтауға жақын. Саяжайішілік жолдарға қиыршықталған тастар себілді. Сондай-ақ «12 месяцев» құрылыс дүкенімен линолеум, ДСП, ДВП, тұс қағаздар және басқа да қажетті құрылыс материалдарын тұрғындарға беру жөнінде келісімшарт жасалған екен. Айта кетейік, бүгінгі күні Электротехникалық колледждің жатақханасын, қаладағы қонақ үйлерді қызыл судан зардап шеккен 140 адам паналауға мәжбүр болып отыр.

Осы күні Ермак Сәлімов Ұшақтар кентіндегі жеке сектор тұрғындарымен де кездесті. Осыдан он жыл бұрын жер телімдерін алған тұрғындар соңғы жылдары үй салып, тұра бастаған. Бірақ үйлерге электр желілері тартылмағаны негізгі мәселе болып отыр.

Қазіргі уақытта қалалық әкімшілік жобалау-сметалық құжаттарын дайындап, сараптамадан өткізуде. Сараптама қорытындысы осы маусым айында шығып, бюджет нақтыланғанда, қаражатқа өтінім беріледі. Жоба құны 690 миллион теңге. Қазір уақытша болса да тұрғындарға жарық беру мәселесі қарастырылып, тиісті орындарға нақты тапсырма берілді. Ұшақтар кентіндегі жер телімдері республикалық «Нұрлы жер» бағдарламасына енгендіктен, басқа да коммуналдық жұмыстарды шешу жоспарланып отыр. Өткен жылы мектеп пайдалануға берілсе, қазіргі уақытта балабақша салынып жатыр. Тұрғындарды ауыз сумен қамту және емхана салу жұмыстары талқылануда.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

21 час бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

21 час бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

1 день бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС