"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АПАТТЫ ҮЙЛЕРДІ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРУ ЖАЛҒАСУДА

12.06.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мирный кентіндегі апатты үйлерге жөндеу жұмыстарының басталуына орай, өткен жұма, 8 маусым күні қала әкімі Ермак Сәлімов атқарылып жатқан шаруалар барысын арнайы барып бақылап қайтты.

Мирный кентінде 50-ге жуық үй апатты деп танылса, мердігер компания «Востокстройгрупп» ЖШС әзірге тек 2 үйге құрылыс жұмыстарын бастапты. Себебі үй иелері жергілікті әкімдіктен қаражатты қолдарына беруін өтініп отыр екен. Ал шаһар басшысы, заң бойынша, қаражаттың қолға берілмейтінін тұрғындарға қайталап айтуда. Олар өздеріне ұсынылған мердігерлердің ішінен біреуін таңдап, әкімдікке өтініш берулері керек.

— Бобровка кентін қоспағанда, қалған аудандар бойынша әзірге тек екі үйді ғана қалыпқа келтірудеміз. Тағы алты үй мердігерлерін жуырда ғана анықтады. Дүйсенбі күні осы мердігер компанияларға республикалық бюджеттен қаражаттың 30 пайызы беріледі. Ал қалғандары өздеріне тиімді жолдарды қарастыруда. Көбі қаражаттың қолдарына берілуін сұрап отыр,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов. Шаһар басшысының сөзіне сүйенсек, бүгінде Бобровка кентіндегі 110 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Мердігерлердің көмегіне жүгінгендердің бірі — Мирный кентіндегі Загородная көшесінің тұрғыны Ольга Машкова. Сол күнгі қызыл су бұл үйдің терезесіне дейін жетіп, бір тәулік тұрған. Мердігерлер болса баспананың жөндеу жұмыстарын 2 млн. 330 мың теңгеге бағалап отыр.

— Қожайынмен бірлесе жұмыс атқарып жатырмыз. Алғашында тек еденді ауыстырамыз деп ойлап едік. Бірақ еденді ашқаннан кейін ылғалдан қаптап өскен саңырауқұлақтарға тап болдық. Сондықтан алдымен бәрін тазартып, бетон құю керек. Цемент төсегеннен кейін ғана еден жабындысын саламыз. Сонымен қатар үйдің қабырғаларын түзеп, тұсқағаз жабыстырамыз. Есіктердің орнын да ауыстыру керек. Екі аптадан соң барлық жұмыстарды тамамдаймыз,- дейді «Востокстройгрупп» ЖШС директорының орынбасары Кирилл Андреев.

Аталған екі үйдің бірі зейнеткерлер — Николай және Лидия атты Романовтар отбасына тиесілі. Олардың сөзіне қарағанда, еден мен жертөлесі әлі кеуіп үлгермеген. Сондықтан құрылысшылар қуатты желдеткіштерді әкеліп қосыпты. Қазір барлық жұмыстар аулада жүріп жатыр екен.

Айта кетейік, комиссияның шешімімен тұруға жарамсыз деп танылған Мирный кентіндегі бес үйді және Пристань кентіндегі төрт үйді жаңасына ауыстыру үшін бюджеттен 58 млн. теңге қарастырылған. Ал аталған аудандардағы қызыл судан зардап шекен 204 үйдің шығыны 371 млн. теңгені құрап отыр.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

15 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

15 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

15 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС