"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛАНЫ КӨРКЕЙТУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

15.06.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаламызда мемлекеттік құрылыс нормаларын, ережелері мен талаптарын бұзып, заңсыз салынған құрылыс нысандарын анықтау, түсіндіру, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай құрамы қалалық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, кәсіпкерлік, ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарынан және учаскелік полиция инспекторларынан тұратын арнайы жұмыс тобы да құрылды.

Осы жұмыс тобы 11 маусым күні БАҚ өкілдерімен бірге Қайым Мұхамедханов, Шмидт көшелерінен Морозов көшесіне дейінгі аралықтағы сауда нысандарын аралады.

— Қаламызда тұрғындардың игілігі үшін қазіргі жүргізіліп жатқан абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары аясында тұрғын үй құрылыстары салынып, жолдар жөнделіп жатыр. Облыс және қала әкімінің тапсырмасы бойынша жұмыс істеп жатқан бөлшек сауда жасайтын дүңгіршектер мен павильондарды, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін дүкен, офис, дәріхана сынды нысандарды тәртіпке келтірмекпіз. Бұл орайда осы нысандардың иелері дер уағында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді ме, өз қарауындағы аумақтың тазалығын сақтап отыр ма, міне, осының бәрін тексеріп білеміз. Дегенмен қазіргі уақытта жекенің қарауындағы көптеген нысандардың ахуалы тіптен сын көтермейтінін несіне жасырып, жабамыз. Бірінші қабатта орналасқан коммерциялық нысандарда ең қарапайым жайт — мүгедек жандардың кіріп-шығуы мүлдем ескерілмеген. Бұл бір жолғы жазалау іс-шарасы емес, керісінше, біз кәсіпкерлерді құлағдар етіп, не істеу керек екенін түсіндіреміз. Бұдан кейін жағдайлары мәз емес дүңгіршектер мен павильондардың жұмыс істеуін мүлдем тоқтатамыз. Бүгін тек түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Егер өрескел заң бұзушылық орын ала қалса, онда қолданыстағы заң аясында әкімшілік хаттама толтырамыз. Мұндай рейд қала келбетін ажарландыруда үлкен рөл атқарады,- дейді Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бақтияр Сәлімов.

Рейд барысында Қайым Мұхамедханов көшесі бойында кәсіпкердің өз қаражаты есебінен салынып жатқан, салынған, жұмыс істеп тұрған нысандарға жұмыс тобы тарапынан талдау жүргізілді. Кәсіпкерлік нысан иелеріне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316, 319-баптарына сәйкес, объектілерді жобалау құжаттамасынсыз салғаны үшін айыппұл көзделгені туралы, құрылысты рәсімдеу тәртібі жайлы түсіндіріліп, жаднама берілді.

Жұмыс тобы ең әуелі «Космос» бизнес орталығында болды. Одан кейін тұрғын үйдің бірінші қабатында жаңадан салынып жатқан «Тами» дүкенінің иесімен жолықты.

— Мұндай рейдтердің өтіп тұрғаны жақсы, әрине. Бірақ өте аз өтеді. Біз қаламыздың абаттанғанын, жасыл желекке оранғанын қалаймыз. Өз ісімізді жаңадан ашып, құрылыс жұмыстарын енді-енді бастаған шақта, тұрғындар мен тиісті органдар тарапынан бірде орынды, енді бірде орынсыз талаптар туындайды. Жаңа құрылыс салушылар қаланың көркін кіргізетін абаттандыру жұмысын жүргізіп және көше шамдарын орнатуды да ескеруі керек. Белгілі бір аумақты жеке ісіңе пайдаландың ба, өзгенің де жағдайын ойлауға тиіссің. Міне, сондықтан осындай рейдтердің тұрақты жүргізілгені жақсы болар еді. Мұндай тексерулер жиі болып тұрғанын қолдаймын,- дейді жеке кәсіпкер Александр Макаров.

Кәсіпкерлер құрылыс бастарда өзім білемдікке салынбай, тұрғындардың жағдайын ескеріп, өзінің жобалық-сметалық құжаттамасын заң аясында жоспарлап, тиісті орындарға бекітіп алғаны ләзім екенін осы жолы «Тами» дүкенінің иесі Александр Макаров та нақтылай түсті.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде заң бұзушылыққа жол берген тұлғаларға Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде белгіленген шараларды қолдану мақсатында әуелі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтиже шықпаса, облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хатпен мәліметтер жолданып, тиісті шаралар қабылданады.

Енді бұдан былай кәсіп иелері өздеріне тиісті органдар тарапынан жасалған ескертуден қорытынды шығармаған жағдайда, қала көлемінде мемлекеттік құрылыс нормаларын, ережелері мен талаптарын бұзып салынған заңсыз құрылыстар жойылатын болады.

Осы жолы тағы бір мәлім болған жайт — құрылыс заңдылығының орындалу деңгейі бүгінде Семей қаласы бойынша артып келеді. Өйткені заңдастыруды кейінге шегеріп, қайтсем де табыс табамын деп, рұқсатсыз құрылыс жүргізетіндер пайда орнына өздері шығындалатыны дау тудырмайтын ақиқатқа айналып отыр. Бір кездердегідей әуелі салып аламын, содан кейін айыппұлын төлеп, заңдастырып аламын деушілерге ендігі жерде мықты тосқауыл бар. Білместіктен немесе білгісі келмегендіктен белгіленбеген жерге сауда нүктесін орналастыру сияқты жөнсіздіктер әлі де қылаң береді. Бірақ заңды білмеу жауапкершіліктен еш босатпайды. Сондықтан әр кәсіпкер өз ісін бастамас бұрын алдымен оның заңдылығын қамдап алмаса болмайды.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

4 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

5 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

5 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

5 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

6 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

6 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС