"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАРБАҒАТАЙДАҒЫ ТОРҚАЛЫ ТОЙ

19.06.2018
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру, тарихымызды танып, қасиетті бабалар өнегесін насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дамыту бағытында Тарбағатай ауданында тағы бір игілікті істің туы желбіреді. Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі жарыс — Қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран — при турнирі — Ақсуат ауылындағы орталық стадионда биыл алтыншы рет өткізілді. Әлемнің жиырма екі елінен келген әйгілі балуандар Ақсуаттағы жаңа стадионда топ алдында белдесіп, күш сынасты. Аудан басшыларының ұйғаруымен, спорт жанкүйерлерінің қолдауымен жаңа стадионға қасиетті емші, дәстүрлі қазақ медицинасының көрнекті атасы Ырғызбай Досқанаұлының есімі берілген болатын. Жарыс басталмас бұрын, осы стадионның салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

Жарысқа ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Қуат Байходжаев төрелік етті. Бақылаушы ретінде бірнеше елдің өкілдері келген екен. Олардың арасында турнирдің бас бақылаушы-үйлестірушісі – «United Oil Wrestling» федерациясының төрешісі, Халықаралық күрес федерациясы төрешілерінің директоры, Израиль мемлекетінің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Петр Бен Розен болды.

Балуандар белдесуі салтанатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев құттықтау сөз сөйледі. Аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлы Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының вице — президенті Серік Түкеевке Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы атағы берілгенін мәлімдеп, төсбелгі тапсырды.

Халықаралық, әлемдік конкурс-тардың бірнеше мәрте жеңімпазы Медет Шотабаев топ алдына шығып, Бейбіт Сиқымбайдың сөзіне жазылған Серік Бабаханның «Ырғызбай баба» әнін орындап берді.

Қош. Тарбағатайдың боз кілемінде белдесіп, жеңімпаз атанған балуандарды облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкеев, Халықаралық күрес түрлері қауымдастығының комитет төрағасы Гинтаутас Вилейта, Израиль мемлекетінің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Петр Бен Розен, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының вице — президенті, ҚР Құрметті спорт қызметкері Баделхан Камалханұлы, «ТАС КРЕДИТ» қаржы компаниясының президенті, Халықаралық Тарбағатай айтысының бас демеушісі Дулат Тастекеев, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев марапаттады.

Сонымен, Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран-приде өгіз палуан атағын тарбағатайлық Қуаныш Мұратов жеңіп алды. Екінші орынды Ғабит Дәулетов, үшінші орынды өзбекстандық Камолиддин Расулов иеленді. Ал түйе балуан атағын Өзбекстанның атақты балуаны Мухсин Хассамудинов алса, екінші орынды ресейлік Руслан Арсланов, үшінші орынды грузиялық Бессарион Берулава еншіледі.

Балуандар белдесулері аяқталған соң, жарысты көруге келген сауыққұмар қауым «Тарландарды түлеткен Тарбағатай» деген атпен ұйымдастырылған ақындар айтысын, елімізге аты мәлім өнер жұлдыздарының концертін тамашалады. Ал ертеңінде Екпін ауылындағы ипподромда, Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран-при бағдарламасына сәйкес, ат спорты ойындары ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен ат бапкерлері әкелген желден жүйрік тұлпарлар қатысты. 25 шақырымдық аламан бәйгеде бас жүлде мен оған тігілген автокөліктің кілті аты бәйгеден келген Күршім ауданының азаматы Н.Қасымхановқа тапсырылды. Топ бәйгеде бірінші орынды Орал қаласынан әкелінген тұлпар 35 аттың ішінен озып келіп, иесіне автокөлік мінгізді. Тай жарысында Көкпекті ауданының Айғаным атты тайы бірінші болып келді. Көкпаршылар сайысында көкпектіліктермен бақ сынасқан Ақжар ауылының жігіттері қарсыластарын ойсырта жеңіп, бәйгеге тігілген «Лада гранта» автокөлігінің кілтін иеленді.

Гран-при турнирі өтетін күні Ақсуатта есте қаларлықтай жаңалықтар көп болды. Атап айтар болсақ, ауылдағы ең сәулетті демалыс орындарының біріне айналар Мұрын ана саябағы ашылды. Одан соң зиялы қауым, той қонақтары К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебіне бет алды. Осы мектепте ұзақ жыл ұстаздық еткен Дина Әбілмәжінқызы Аманқұлованың атына бастауыш сынып кабинеті ашылды. Бұл шараны жүзеге асырған Тыныбаевтар әулеті игілікті істерімен көптің көңілінен шықты. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ашылып отырған бұл сыныпты Қазақ инновациялық гуманитарлық — заң университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, осы мектепті 1975 жылы үздік бағамен бітірген түлегі, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы Шырын Құрманбаева, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі Ерлан Сыдықов пен ұрпақтары заман талабына сай жабдықтады. Кабинеттің ашылу рәсіміне, Алматыдан, Астанадан келген профессор, ғалымдармен қатар, мектептің ұстаздары, Дина Әбілмәжінқызының әріптестері, ауыл тұрғындары қатысты.

Айта кету керек, бұл — К.Нұрбаев атындағы мектепте осы әулет ұрпақтары ашып отырған үшінші кабинет. Бұған дейін, 2014 жылы, Шырын Асылханқызы, мектеп бітіргеніне 40 жыл толуына орай, өзі білім нәрімен сусындаған мектебіне демеушілік көрсетіп, 2015 жылы анасы Өжікен Тыныбаева атындағы қазақ тілі кабинетін соңғы үлгімен жабдықтап, ашқан болатын. Міне, бұл үрдіс жалғасын тауып келеді. Сыныптың ашылу салтанатында аудан әкімі Ділдабек Оразбаев, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім құттықтау сөз сөйлесе, Аян Задан жырдан шашу шашып, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай әсем ән шырқады. Ашылып отырған сыныптың лентасын Елтаңбамыздың авторларының бірі Жандарбек Мәлібекұлы, Ғарифолла Есім, Ерлан Арын, Дихан Қамзабекұлы қиды.

Жаңа кабинетке жиналған бастауыш сынып ұстаздарына арнап Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің оқытушылары, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен, «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында конференция ұйымдастырды.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

04.11.2026
Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында су ресурстарының тапшылығын болдырмау және...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

04.11.2026
Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

Адам денсаулығы – қоғамның әл-ауқаты мен ел дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан медициналық көмекке қол жеткізу және денсаулықты қорғау мәселесі...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

04.11.2026
Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптары, валюталық түсімді...

Толығырақ...Details

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 час бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

1 час бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

2 часа бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

2 часа бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

3 часа бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

1 день бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

1 день бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

1 день бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС