"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛҒА ДА ЖЕТПЕДІ…

22.06.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жылдың күзінде Ертіс жағалауында екі жылға созылған абаттандыру жұмыстарының тамамдалып, каскадты субұрқақтың іске қосылуы семейліктер үшін қуанышты жаңалық болған еді. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі жылдың мамырында ғана қайта іске қосылады деп жоспарланған субұрқақ маусым айы орта шеніне жетсе де әлі өшірулі. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаевтың айтуынша, бұған себеп — мердігер компанияның жұмысына салғырт қарауы.

Техникалық жұмыстар барысында бірқатар кемшіліктер жіберілгендіктен, айналасын суға малшыған фонтан тұрғындар наразылығын тудырған. Осыған орай, қазір қала әкімі Ермак Сәлімовтің қаулысымен арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Комиссия мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Рафаэль Хазиповтың сөзіне сүйенсек, бүгінгі күні мердігер компания орын алған келеңсіздіктерден толық хабардар. Нысанның пайдалануға берілгеніне бір жыл енді болғандықтан, олар барлық шығынды өз есептерінен өтеуге міндетті.

— Мәрмәр тақтатастардың бір-біріне жапсарлас бөліктерінің алшақ орналасуына байланысты су жан-жаққа жайылған. Бұдан басқа да кемшіліктер көп. Субұрқақ құрылысына табиғат жағдайларына төзімді материалдарды қолдану керек еді. Іске қосылғанына бір жыл ғана болғанына қарамастан, нөсер мен өзге де табиғи құбылыстарға шыдас бермегені сондықтан,- деген қалалық мәслихат депутаты аталған аумақтағы балалар алаңының да қауіпсіздік ережелеріне сай емесін айтып өтті.

Мердігер компания, каскадты субұрқақтан бөлек, Ертіс жағалауын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстарын да қоса атқарған.

— Субұрқаққа қатысты мамыр айында қала тұрғындарынан арыз-шағымдар келіп түсе бастады. Соған орай қала әкімінің қаулысымен құрамына ТҮКШ қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары енген арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады. Екі жақтың ортақ келісімшартына сай, мердігер компания бір жыл ішінде орын алған кемшіліктерді қалпына келтіруге міндетті. Олай етпеген жағдайда, біздің сотқа шағымдануымызға құқығымыз бар. Негізгі ақау субұрқақ төсеніштерінен туындап отыр,- дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев.

Айта кетейік, Ертіс жағалауын абаттандыруға 345 млн. теңге бөлінген болатын.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

2 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

2 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

2 дня бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

3 дня бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

6 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС