"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚСУАТТА АЛАМАН АЙТЫС ӨТТІ

30.07.2018
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

28 шілде күні Ақсуат ауылындағы Ырғызбай Досқанаұлы атындағы орталық стадионда Екпін ауылының тумасы, елімізге танымал меценат Дулат Тастекеевтің демеушілігімен «Туған жерге туыңды тік» деген тақырыпта халықаралық ақындар айтысы өтті. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында алға қойылған міндеттермен үндес айтулы шара биыл Ақсуатта үшінші мәрте ұйымдастырылды.

Айтысқа дайындық жұмыстарының шеңберінде ағайынды Тастекеевтер Екпін ауылының орталық көшелеріне асфальт төсетіп, ауылдың кіреберіс тұсындағы жол бойына қақпа орнатып, Кәбеков атындағы орта мектепте Құлбай Тастекейұлы атындағы мектеп мұражайын және Айдарбек би атындағы тарих кабинетін жабдықтаған болатын. Айтыс басталардан бірер сағат бұрын салтанатты жағдайда қақпаның ашылуы өтті. Мектеп мұражайы мен тарих кабинетінің ашылуы да әлеуметтік маңызы зор игілікті іс ретінде бағаланып, құттықтау тілектер айтылып, лентасы қиылды, шашуы шашылып, көпшілікті қуанышқа бөледі.

Межелі мерзімінде айтыс та басталды. ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген айтысты өнер бәсекесі, сөз өнерінің сайысы, қазақ ауыз әдебиетінің эстетикалық ләззат алатын, рухани дүниені байытатын, халқымыздың тәрбиелік мәні зор ең асыл құндылығы деп білетін жұртшылық бұл жолы да көп жиналып, айтыстың ақтангерлерін асыға күткен еді. Айтыстың басталғанын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман хабарлап, тапқырлық пен шешендік қабілеттері арқылы айтыс өнерінің әлеуетін арттырған ақындармен таныстырды.

Сахна төріне шыққан Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Тілеген Әділов, Мейірбек Сұлтанхан, Нұржан Өмірбаев, Шұғайып Сезімхан, Оңғар Қабденов, Нұрлыбек Мейірманов, Мөлдір Айтбай, Қырғызстаннан келген Баян Ахметов пен Моңғолиядан келген Серік Қуанғанды жырқұмар қауым қол шапалақтап қарсы алды.

Ақындардың өнерін саралап, көркемдік дәрежесін анықтап, төрелік ету Досxан Жолжақсынов, Алтынбек Қоразбаев, Нәдірбек Әпсәләмұлы, Еркін Жаппасұлы, Серік Қалиев, Ғалым Қалибекұлы, Берік Уәли, Дәулеткерей Кәпұлы сынды еліміздің таңдаулы тұлғаларына тапсырылды.

Айтыс басталарда Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, мәдени шараның маңыздылығына тоқтала келіп, үшінші рет айтыс ұйымдастырған Дулат Тастекеевке алғыс хат тапсырды. Одан соң Досхан Жолжақсынов пен Дулат Тастекеевке сөз кезегі тиді.

— Туған елім,- деп бастады сөзін Дулат Тұрсынұлы,- өздеріңіздің перзенттеріңіз ретінде туған жерге, халықтың алдына тағы да осы киелі де төл өнеріміз айтысты сый етіп әкелдік. Мұның екі түрлі себебі бар. Біздің Тарбағатай халқы айтыс десе ішкен асын жерге қояды. Екіншіден, біздің төл өнеріміз айтыс — туған тіліміздің, қазақ тілінің сақталып қалуының бір діңгегі. Айтыс дамыса, тіліміздің деңгейі көтеріледі. Тіліміздің деңгейі өссе, халқымыз болады. Халқымыз болса, ұлан-ғайыр жері бар Қазақстан елі мәңгі болады. Сондықтан да айтысты қолдауға бел будық. Айтыспен қоса елге арнаған сыйымыз бар. Оны жыл сайын ұйымдастыру үшін биыл «Асыл тас» деген қоғамдық қор құрдық. Оның мақсаты — туған жерді, қазақ елін көркейтуге, өркениетті ел етуге еңбек еткен ағаларымызға алғыс ретінде төсбелгі тақсақ деген ниет. «Асыл тас» қоғамдық қоры атынан үш азаматқа – Бәделхан Камалханұлына, Ділдабек Оразбаевқа және Талғат Мәзібаевқа «Тарбағатай тарланы» медалін ұсынып отырмыз,- деген Дулат Тұрсынұлы салтанатты түрде Ділдабек Оразбаев пен Талғат Мәзібаевқа «Тарбағатай тарланы» медалін өз қолымен тапсырды.

Айтыс алаңына алғашқы болып осы жердің тумасы Оңғар Қабденов пен «Сыр сүлейлерінің сарқыты» атанып кеткен Мейірбек Сұлтанхан шықты:

Ауылдың алты ауызын айту үшін

Қабденов Оңғар ұлың жыр бастайды.

Ақсуатта болып жатқан бұл айтысты,

Ағайын, мен бастамай, кім бастайды?–

деп жыр кестесін төгілдірген ол,-

Кеше ғана табылған Алтын адам,

Қойнынан құт кетпеген Тарбағатай,- деп әуелете жөнелді.

Оңғардың онысына жауап ретінде Мейірбек елі сүйген азаматтардың жарқын істерін жырға қоса келіп:

Алтынды жер үстінде бағалайық,

Жер астынан қазып ап мәз болғанша,-

деп термелетті.

Келесі бір сөз кезегі келгенде Мейірбек:

Дулаттай азаматтар көп болса екен,

Мақтан үшін жасамас марапатты.

Құнанбайдың жолымен мешіт салып,

Тапқанын тарыққанға жарататын

Қара термен жинаған қаражатын.

Ынтымақ пен тілерім бақ-береке,

Ырғызбай атам туған елге қонған.

Түркістанды облыс жасап жатыр,

Ақсуатты одан қалай кем көресің,

Облыс орталығы Семей болып,

Семейдің орталығы сенде болсын,-

деп бір қайырды.

Жырқұмар қауымды елең еткізген қыз бен жігіт айтысы болды. Нұрлыбек Мейірманов пен әрі ақын, әрі әлемді шарлаған спортшы, Азия чемпионы Мөлдір Айтбайдың сөз сайысы көптің көңілінен шықты.

«Жиырма жетіге келгенше күйеуге неге шықпай жүрсің?»- деп соқтыққан Нұрлыбекке Мөлдір:

Қабанбайдың кеп тұрса бір ұрпағы,

Әуелі қалыңмалын санатамын.

Күйеуіме ілесіп әлем шарлап,

Жиһангез деген ұрпақ таратамын,-

деп салды.

Оған қуанған Нұрлыбек:

Қысқасы, құртайын деп отырсың ғой,

Қабанбайдың ұрпағын қаңғыбас қып,-

дей келіп,-

Айтысып қырды да астық, тауды да астық,

Қалжыңдасып, кішкене салғыластық.

Ақыры, Ақсуатқа келін қылып,

Мөлдірдің басындағы дауды бастық,-

деді.

Нұрлыбекпен әзілі жарасқан Мөлдір ең соңында:

Елге айтатын сырым бар,

«Нәмөгімді» ұғыңдар.

Қайтар билет алмап ем,

Қайдасыңдар, Мұрындар?!–

деп әзілдеді.

Айтыс мәресіне жетіп, жүлде тарату басталды. Тастекеевтің жүйрік ақынға бір жыл бойы ай сайын екі жүз мың теңгеден тағайындаған стипендиясы Жансая Мусинаға тиесілі болды. Үшінші орынды Мейірбек Сұлтанхан, екінші орынды Нұржан Өмірбаев, бірінші орынды Аспанбек Шұғатаев алса, бас бәйгені Серік Қуанған қанжығасына байлады. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы атынан Бәделхен Камалханұлы белгілеген сыйлықты Талғат Мәзібаев жас ақын Нұржан Өмірбаевқа тапсырды.

Айтыс шымылдығының жабылар сәтінде Жүрсін Ерман:

— Моңғолиядан келген ақын Серік Қуанғанның шын қуанғандағы сөзін тыңдайық,- деп Серікті ортаға шақырды. Сонда Серік:

Алдыңда айтыс қылдым, тектілерім,

Өр Алтайда туылған өткір едім.

Алтайдың ар жағынан атқа қонып,

Ат басын ауылыңа кеп тіредім,

Ақсуаттық ағайын, берген жүлдең

Қарт Алтайға тартуың деп білемін,- деп көпшілікке алғыс сезімін білдірді.

Айтыс аяқталған соң, сахнаға Дәулеткерей Кәпұлы мен Серік Қалиев шығып, өлең оқыды. Айтыстың соңы еліміздегі ең таңдаулы өнер шеберлерінің гала- концертіне ұласты.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

21.08.2026
Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

Абай облысында алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары және мұнай өнімдерінің заңды айналымын қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік бақылау жүргізілуде. Негізгі мақсат –...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

21.08.2026
Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Семейде өнегелі өмірімен ұрпаққа үлгі болып жүрген отбасыларды ұлықтауға арналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

21.08.2026
«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің I форумы басталды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған форум ТМД Үкімет басшылары кеңесінің...

Толығырақ...Details

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

21.08.2026
59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

Құрылтай сайлауына санаулы күн қалды. 19 тамызда партиялар сайлауалды науқанның мазмұнды өткен соңғы күндерінің бірін өткізді. Кандидаттар мен партия өкілдері...

Толығырақ...Details

Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

20.08.2026
Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

Атом энергетикасы туралы сөз болғанда, адамдарда туындайтын алғашқы сұрақтардың бірі – қауіпсіздік мәселесі. Қазіргі атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздік қалай...

Толығырақ...Details

Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

20.08.2026
Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

1 день бұрын

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 день бұрын

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

1 день бұрын

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

1 день бұрын

Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

2 дня бұрын

Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

2 дня бұрын

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

3 дня бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

3 дня бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС