"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА КҮНІ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ?

18.09.2018

Семейде Қала күнін тойлауға дайындық қызу. Бұл мақсатқа қала басшылығы шамамен 8-10 млн. теңге қаражат жұмсамақ. Семей қаласы әкімінің орынбасары Наадежда Шарова журналистердің басын біріктіріп, биылғы Қала күніне орайластырылған іс-шаралардың өткізілу барысымен, жоспарымен таныстырды. Үш күнге созылатын келелі кездесулер, жарыстар, тағы басқа көрікті де қызықты мерекелік шаралардың алғашқы легі 20 қыркүйек күні басталмақ.

Журналистермен жүздескен қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова сөз басында осыдан екі жыл бұрын Қоғамдық кеңес және қалалық мәслихат депутаттарының шешімімен қыркүйек айының соңғы жексенбісі Қала күні болып белгіленгенін атап өтті. Биылғы мереке осы айдың жиырма үшіне дөп келеді екен. Мерекеге ерте қамданудың да өз себебі бар. Себеп сол — Қала күні бір тәулікпен тамамдалмайды.

— Мерекелік іс-шаралар легін білім бөлімі бастайды. Шаһардағы барлық орта білім беретін мектептерде 20 қыркүйек күні сынып, тәрбие сағаттары өтетін болады. Бұл эстафетаны ары қарай мәдениет бөлімі жалғастырып, «Автобуста оқиық», «Тілдер шеруі» акциясы, сондай-ақ музейлерде өлкетанушылардың қоғам өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылады. Сенбі, 22 қыркүйек жастарға және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне арналады,- деді Н.Шарова.

Иә, бұл күндері өткізілуге тиіс жоспарлы жұмыстар, жағымды жаңалықтар, ретро және заманауи концерттік бағдарламалар биылғы мерекенің сәнін кіргізіп, мәнін арттырады. Негізгі мереке 23 қыркүйек күні сағат 11:00-де қаланың орталық алаңынан бастау алып, Орталық саябақта, М.Әуезов алаңында жарасымды жалғасын таппақ. Дәл осы күні семейліктер басты төрт, яғни Шәкәрім даңғылы, Абай, Дулатов, Жұмабаев көшелерімен шерулетіп жүріп өтіп, ескерткіштерге гүл шоқтарын қояды. Сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін балалар фестивалі, Ертіс жағалауында түрлі көрмелер ұйымдастырылады. Сондай-ақ Қала күнін бір кісідей атап өтуге кәсіпкерлерді де тарту ойластырылған. Олардың демеушілігімен ірі сауда орындарымен келісімшарттар жасалып, бағалы сыйлықтар ойнатылатын ұтыс ойындары өткізілмек. Мереке кешкі сағат бесте Орталық алаңда қала әкімі Ермак Сәлімовтің қатысуымен өтетін гала-концертпен, отшашумен қорытындыланады. Гала-концертке Қуандық Рахым, Айқын Төлепберген сынды Қазақстан эстрадасының әншілері қатысады деп күтілуде.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21 час бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС