"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБЫРОЙЫҢ АСҚАҚТАСЫН, АЛАШТЫҢ АСТАНАСЫ!

25.09.2018
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Күздің мамыражай күндерінің бірінде шаһар тұрғындарына шат-шадыман көңіл-күй сыйлайтын Семейдің өз мерекесі бар. Ол – Қала күні. 22 -23 қыркүйек күндері қарт Ертістің жағасында орналасқан Алаштың астанасы өзінің төл мерекесін ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Мерекелік шараларға қала әкімі Ермак Сәлімов, қоғам қайраткерлері, қаламыздың құрметті азаматтары және Қазақстанның эстрада жұлдыздары қатысты.

Қала күні аясындағы шаралар 22 қыркүйек күні қалалық ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен велошерумен басталды. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл дәстүрлі велошеруге қала әкімі Ермак Сәлімов, мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, төрт дүркін әлем чемпионы, биатлоншы Галина Вишневская, әкімдік қызметкерлері, қала жастары, сондай-ақ 30-ға жуық мекемеден 400-ге тарта әуесқой веложүйріктер қатысты. Шеру Мұхтар Әуезов алаңынан бастау алып, Ертіс жағалауында аяқталды.

— Шараға кез келген ниет білдірушілер қатыса алады. Бүгінгі шараның ең жас қатысушысы 12-де болса, ең үлкені 74-те. Спортты серік еткендердің арасында депутаттар мен мемлекеттік қызметкерлер де бар,- деді дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев.

Мерекелік шара Ертіс жағалауында өткен «Туған қалам Семейім» атты       жастар фестивалімен жалғасын тапты. Шаһар басшысы Ермак Бидахметұлы семейліктерді Қала күнімен құттықтап, Семейдің экономикалық-әлеуметтік салаларда өркендеп келе жатқанын айтты.

— Қайырлы күн, құрметті жерлестер! Қала күні құтты болсын! Семейіміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамып, өркендеп келе жатқанына баршаңыз куәсіздер. Бүгінде ойға алған мақсаттарымыз біртіндеп жүзеге асуда. Бұл жолда әрбір тұрғын үлесін қосып келеді. Шаһарымыздың гүлденуі жолында баршамыз бір кісідей еңбек етейік. Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, табыс тілеймін,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Осыдан кейін шаһар басшысы велошеруде ерекше көзге түскен қатысушыларды марапаттады. «Ең ұйымшыл ұжым» аталымын Ұлттық қауіпсіздік комитеті иеленсе, ең жас қатысушы Елсана Кутиярова мен ең үлкен қатысушы Қаділбек Нұрсағалиев те әкім марапатына ие болды. Сондай-ақ елімізде тыныштық болсын деген ниетпен бейбітшіліктің символы саналатын ақ көгершінді қала әкімі Ермак Сәлімов, әкім орынбасары Надежда Шарова, мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев және биатлоннан төрт дүркін әлем чемпионы Галина Вишневская көкке ұшырды.

Фестиваль аясында қаламыздың жоғары және арнаулы орта оқу орындары көрме ұйымдастырып, қонақтар назарына ұсынды. Семей қаласының құрылыс колледжі студенттерінің шыққан ғимараттардың макеттерін, ал Радиотехника және байланыс кол-      леджі 1940-60 жылдары жарыққа шығып, бүгінге дейін қолданыстан шықпаған техника түрлерін көрмеге қойды.

Мерекелік шаралар жексенбі, 23 қыркүйек күні жалғасын тауып, қала әкімі Ермак Сәлімов пен қала тұрғындары Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Шоқан Уәлиханов және Әміре Қашаубаев ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Осыдан соң Абай театрының әртістері Абай көшесінен М.Жұмабаев көшесіне дейін театрландырылған шерумен жүріп өтсе, түстен кейін шаһар басшысы Ермак Сәлімов келер ұрпаққа аманат хатты, яғни уақыт капсуласын, Ертіс өзенінің жағалауына көмді. Салтанатты рәсім аясында Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының әртістері өнер көрсетіп, қала мекемелері көрме ұйымдастырды. Осы күні сондай-ақ «Youth Challenge battle» атты жасөспірімдердің би фестивалі болып өтті.

Хош. Сонымен, «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, халықтың бірнеше күннен бері елеңдеп күткені қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концерт болатын. Сондықтан да болар, осы күні Орталық алаңға жиналған халық қарасы да көп болды. Ең алдымен қала жұртшылығын мерекемен қала әкімі Ермак Сәлімов құттықтады.

— Құрметті семейліктер, қала қонақтары, қымбатты жерлестер! Берекелі халқы бар, рухы асқақ, ғылым мен білімнің алтын бесігі, ынтымақ пен достықтың киелі мекені, Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған қарт Семейдің мерекесі құтты болсын! Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, философ Шәкәрімнің 160 жылдық мерейтойын, әуені әлемді тамсандырған Әміренің 130 жылдығын атап өттік. Тарихты түгендеп, болашаққа бағдар жасадық. Биылғы жыл Семейіміз үшін табысты жыл болды. Қаламыздың көркі кіріп, рухы оянды. Осының барлығы егемендік пен елдіктің арқасы. Ардақты ағайын, бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, мағыналы ғұмыр тілеймін. Ісіміз оңға басып, табысты болайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,– деді қала басшысы.

Кеш барысында білім мен ғылым, мәдениет, медицина және спорт салаларында жеткен жетістіктері мен қосқан үлестері үшін өз салаларының үздіктері болып танылған жерлестеріміз марапатталды. Атап айтсақ, «Қаламыздың ең үздік актері» Бекен Имаханов, «Үздік құрылысшы» Серік Сейілжанов, «Жеңіл өнеркәсіп саласының үздік қызметкері» Әсет Нұрқасымов, «Үздік орта білім беру мектебі» Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп, «Мектепке дейінгі білім беру саласының үздік қызметкері» Райса Үйсумбаева, «Үздік спортшы» Галина Вишневская, «Үздік жаттықтырушы» Тұрмыс Халелов, «Үздік машина жасаушы» Төлеген Шамшинов, «Орта арнайы білім беру саласының үздік қызметкері» Тұрсын Жандыбаев, «Құрылыс индустриясының үздік қызметкері» Вячеслав Пинайлов, «Үздік көлікші» Петр Колычев, «Абаттандыру саласының үздік қызметкері» Мұхтар Дәрібаев, «Кабель өндіру саласының үздік қызметкері» Андрей Онуфриев, «Үздік автожолшы» Мұхамедқали Қасенов, «Байланыс және коммуникация саласының үздік қызметкері» Райхан Садықова, «Сүт қабылдау пунктінің үздік операторы» Медет Құсайынов, «Үздік медицина мекемесі» Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы, «Үздік жылу энергетигі» Махсұт Өкпебаев, «Сумен жабдықтау саласының үздік қызметкері» Кенжебек Жүнісов, «Үздік сантехник» ретінде Асқар Қамысбаев танылды.

Марапаттау рәсімінен соң концерттік бағдарлама басталып, Айқын Төлепберген, Қуандық Рахым, Санда сынды Қазақстан эстрадасының әншілері мен жергілікті өнерпаздар кештің көрігін қыздырып, қала халқына тамаша әндерді тарту етті. Өнерпаздармен қосыла ән салған жұртшылық семейліктерге осындай кеш сыйлаған қала әкімі Ермак Сәлімовке алғыстарын білдіріп жатты. Тұрғындар кештен алған әсерлерімен де бөлісті.

— Керемет кеш өтіп жатыр. Биылғы Қала күні мерекесі жоғары деңгейде өтті десем, еш қателеспеспін. Концертке Айқын Төлепбергенов пен Қуандық Рахым қатысады дегенді естіп, балаларымызбен келіп отырмыз. Барша қала тұрғындарына амандық, толағай табыс тілеймін. Семейіміз өсіп-өркендей берсін!- дейді Айнаш Мұхамеджанова есімді тұрғын.

Думанды кеш отшашумен аяқталды.Бұл жолғы Қала күні семейліктердің жадында көпке дейін сақталары сөзсіз.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ,

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС