"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙДЫ ТАҒЫ ДА АЯҚҚА ТАПТАТТЫҚ

03.10.2018
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Төрт жыл бұрын қазақтың Бас ақынын ергежейлі етіп жасап, халықтың намысын таптаған мүсіншінің ұрпақтары бізді тағы мазақ етті

Велосипед пен мотоцикл сүйікті көлігі екенін көпшілікке білдіріп, грейдерге отырып қар тазалап, көптің назарын өзіне тәуір-ақ аударған бұрынғы әкім Қуат Тұмабаев қызметінен кетті. Қайда кеткенін білмейміз, ал не үшін кеткені оқырмандарға белгілі болғандықтан, қайталап айтып жатпаймыз…

Ал бүгінгі әңгіме бұрынғы емес, бүгінгі әкім жайлы болмақ. Сонымен, үстіміздегі жылдың тамыз айының соңында сол уақытқа дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған  Жақсылық Омар Өскемен қаласына басшылыққа тағайындалды.

Жаңа әкімді Қазақстанның шығысындағы халыққа бейтаныс азамат деп айтуға келмес. Жақсылық Омарды халық Шығыс Қазақстан облысын басқарып тұрған шақта Өскеменге қазақылықтың қаймағын ұйытып, ұлттың рухын асқақтатқан, өз елінде өгей баладай күй кешкен бауырларымыздың еңсесін Абайдың рухымен көтеріп, шығыстың қақпасын Қабанбайға күзеттіріп кеткен Бердібек Сапарбаевтың тәрбиесін көрген шәкірті деп біледі. Жақсылық Омар Өскеменге келеді дегенді ұзынқұлақтан естіген көпшілік шәкірті ұстазынан аса тумаса да үйренгені бар шығар деген үмітпен қарсы алған.

Жақсылық Мұқашұлы Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Жас болса да бас болып, біраз лауазымды қызмет атқарғанын өмірбаян деректерінен байқау қиын емес. Шығыс Қазақстанды Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев басқарып тұрған шақта, 2009-2010 жылдары облыс әкімінің көмекшісі, 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болып, 2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы, 2013 жылдан бастап біраз уақыт Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарғанын көпшілік ұмыта қойған жоқ.

Сонымен, Өскемен қаласының жаңа тағайындалған әкімі Жасылық Омар қызметін неден бастады? «15 қыркүйек 13 қазан аралығында, күзгі тазалық айлығы аясында сенбілік өткізіп, қала сыртындағы Аблакетка, Меновное, Согра, Мирный кенттерінің тұрғындары өз аулаларын тазалау жұмысына қатысты» дей келіп, колледж студенттерімен бірге, қала әкімі Жақсылық Омардың да сенбіліктегі суреті әлеуметтік желіде жарқ ете қалды. Бірлі-жарым, Жақсылыққа жақсы көрінгісі келгендер «желпініп» қолпаштап жатса, басым көпшіліктің үнсіз қалғанын байқау қиын емес еді… Ешкім таң қалған жоқ. (Қуат Тұмабаевтан кейін өскемендіктерді таң қалдыру қиын да сияқты…)

Көп кешікпей Өскеменнің жаңа әкімі Жақсылық Омардың қоқыста жатқан Абайдың кеуде мүсінін 500 мың теңгеге сатып алғаны жайлы ALTAYNEWS сайтының ақпараты көпшілік назарын тағы бір аударды. Жаңа әкімге жаққысы келген бірлі-жарым топ мұны жағымды жаңалық, Жақсылықты «ұлтжанды азамат» деп тағы бір мәрте жаһанға жар салды. Аталған ескерткішті жасауға осыдан төрт жыл уақыт бұрын, яғни Жақсылық Омар облыстың бас идеологі болып тұрған шақта Шемонайха ауданының әкімдігі тапсырыс беріп, билік ауысқан кезде сұраныс болмай қалған көрінеді. Айтпақшы, сол жылы болған тағы бір елді дүр сілкіндірген аты шулы жағдай Өскеменде тәулікке жетпейтін уақыт қана тұрып, халықтың наразылығынан кейін алынып тасталған, ғұмыры ең қысқа ескерткіш ретінде Гиннестер кітабына тіркеуге лайықты Абай мен Михаэлистің бейнесі болатын. Аталған мүсінді жасаған да бүгін қоқыста жатқан жұмыстың авторы екен.

Сонымен, төрт жыл бойы қоқыста жатқан ескерткіштің Жақсылық Мұқашұлы келген бетте көзге түсуі кездейсоқтық па, әлде ұлтжанды әкім ретінде танылу үшін арнайы іздеп тауып жасалған кезекті пиар ма? (Соңғысы ақиқатқа жақындау сияқты…)

Марқұм болған мүсін авторының кіші ұлы Владимир Самойловтың қоқысынан Ұлы ақынның тастан қашалған бейнесін Жақсылық Омар сатып алуға тапсырма берген көрінеді…???

Төрт жыл бұрын қазақтың Бас ақынын ергежейлі етіп жасап, халықтың намысын таптаған мүсінші және оның ұрпақтары бізді тағы мазақ етті. Олай демеске амал жоқ. Неге Абайды қоқысқа тастайды? «Қазақтың бойтұмары» болып отырған ақын бабаны аяқ асты етіп, күлтөкпеге тастағандарға не үшін ақша беріп мүсінді сатып алу қажет болды? Жерімізді басып, суымызды ішіп, ардақтыларымызды қоқысқа тастау қазақ деген ұлтты аяққа таптау емес пе? Ендеше оларға «қазақ» деген халықты мазақ еткені үшін айыппұл төлету керек.

Өсу үшін бөсуді әдетке айналдырған жас шенеуніктердің қоқыста жатқан Абай емес, қазақтың намысы екенін ұқпай отырғаны өкінішті. Сырт көзге бірі велосипедке, екіншісі атқа бұт артып, өндірістік қаланы ойыншық дүкеніне айналдырып жатқан жастарға үлкен сенім жүктелді-ау.. Ал намыс деген ұғымды, бойында жоқ болса, ешқандай кітап санаға сіңіре алмайтыны анық…

Жақсылық бауырым, Өскеменде білекті сыбанып шыққан сенбілікпен де, атпен де, велосипедпен де, мотоцикл, грейдермен де көзге түскенмен, алысқа бара алмайсың. Сізге дейін болған әкім халыққа ол «өнерді» сан қырынан көрсетіп қойған. Халық өзіңді Бердібек Сапарбаев сияқты ұлтжанды әкімнің шәкірті деп біледі.   Жас болса да бас болуға лайықты деп сеніп тапсырылған бұл үмітті қаншалықты ақтай аласың — оны уақыттың төрелігіне тапсырдық. Әлі де ұлтқа қызмет етеді деген үміт көп.

Риза МОЛДАШЕВА.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

9 часов бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС