"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ФАКТОРЛЫ-БАЛДЫҚ ШКАЛА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

09.10.2018
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биылғы жылдан бастап облыстың мемлекеттік органдарына еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Семейге жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу барысында мәлім етті. Тілшілер қауымымен жүздесуге сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин, аталған агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлебаев, ШҚО бойынша Ұлттық бюро департаментінің Семей өңірі бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Ғалымжан Қошқарбаев қатысты.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы жаңа жүйе Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, Әділет министрлігінде, Астана қаласы мен Маңғыстау облысының әкімдігінде пилоттық негізде қолға алынды. Жоба бойынша мемлекеттік қызметкерлердің айлық табысы мен сыйақы (бонус) мөлшері теңеседі, басшылық қызметтегі лауазымды тұлға мен қарапайым қызметкердің еңбекақысында ешқандай айырмашылық болмайды. Осы мақсатта факторлы-балдық шкала жүйесі енгізіліп отыр. Сол арқылы мемлекеттік қызметшілерге білімі мен біліктілігіне, еңбек өтілі мен жауапкершілігіне және жұмыс ауыртпалығына қарай ақы төленетін болады. Бонус қызметкердің бір жыл ішінде атқарған жұмысы нәтижесінде, яғни жыл соңында беріледі. Мұндай тәсіл бұған дейін Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия елдерінде қолданылып, тиімді нәтиже берген екен.

— Мемлекеттік қызметкерлердің табысы олардың жұмысына тікелей байланысты болады. Тың жүйе қызметкерлердің жұмысқа деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін жоғарылата түсумен қатар, мемлекеттік қызметтің имиджіне, аппараттың одан әрі кәсібиленуіне оң ықпалын тигізеді, жергілікті атқарушы орган мен министрліктегілердің жалақы айырмашылығын жояды. Облысымызда факторлы-балдық шкала жүйесін енгізу бойынша жұмыс тобы құрылды. Оған аймақтағы барлық мемлекеттік басқарма қызметкерлері мүше болды. Біздің агенттік те атсалысады,- деді Жанна Қабдолдақызы.

Осы жылы енгізілетін тағы бір жаңашылдық — Семейде мемлекеттік қызметкерлерге арналып ашылатын тестілеу залы. Мұндай тестілеу залы бұған дейін облыс орталығында бой көтерген-ді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ашылғалы отырған орталық 23 компьютермен жабдықталған. Мемлекеттік немесе құқық қорғау органдары қызметіне үміткер азамат орталыққа egov.kz порталы арқылы жазылып, тест тапсыра алады.

Жасыратыны жоқ, елімізде сыбайлас жемқорлыққа көбінесе мемлекеттік органдарда жол беріліп жатады. Мұны агенттік өкілдері мемлекеттік қызметкер жалақысының жеткіліксіздігімен байланыстырады. Жемқорлық демекші, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин соңғы сегіз айда республика бойынша жемқорлыққа қатысты 1393 іс тіркелкенін айтады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға кем. Елімізде пара алу фактілері құрылыс, білім және жер қатынастары салаларында белең алса, Семейде құқық қорғау органдары көш бастап тұр.

Осыдан кейін қалаға іссапармен келген делегаттар Абай атындағы театрда шаһар басшысы Ермак Сәлімовтің төрағалығымен өткен жиынға қатысты. Мұнда барлық мемлекеттік орган қызметкерлерімен кездесіп, мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту, кәсіби мемлекеттік аппаратты құру, сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы іс-шаралар туралы аз-кем мағлұмат берді. Ең бірінші болып сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлебаев елімізде қолға алынған реформалардың іске асырылуы жолында кәсіби мемлекеттік аппараттың рөлі жоғары екенін тілге тиек етті. Оның сөзінше, қазіргі уақытта адами капиталды жетілдіру мәселесі өткір болып тұр. Ол үшін әр мемлекеттік қызметшінің әдептілік бейнесін қалыптастыра білу керек. Олардың бойындағы шынайылық, адалдық, сыпайылық, адамгершілік дағдыларын дәріптеу маңызды.

— «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында біршама істер атқарылды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң мен мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі қабылданды. Әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға және сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған жаңа Әдеп жөніндегі кеңес және әдеп жөніндегі уәкіл институттары енгізілді. Бұрынғы тәртіптік кеңестерге қарағанда, әдеп жөніндегі кеңестің қызметінде басымдық тәртіптік істерді қарауға, оларды болдырмауға берілді. Кеңестің құрамында елеулі өзгерістер болды. Енді олардың құрамының үштен екі бөлігін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ редакторлары, ғылыми педагогикалық қауымдастық, мәслихат депутаттары және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының басшылары құрайды. Биылғы жылдан бастап Әдеп жөніндегі кеңес дербес негізде жұмыс істей бастады, профилактикалық шараларға белсене қатысуда. Кеңес мүшелері бастамалар көтеріп, әртүрлі сұрақтарды енгізуге құқылы. Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, адамдардың 74 пайызы Әдеп жөніндегі кеңестің әділ шешім шығаратынына сенеді. ШҚО бойынша алатын болсақ, бұл көрсеткіш 89 пайызға жетіп отыр,- деді өз сөзінде Равиль Қуанышбайұлы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин: «Елбасы кәсіби мемлекеттік аппарат құруды тапсырып, алдымызға зор міндеттер қойды. Ал оны құратын — біздер мен сіздер. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің әдебі мәселесі өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Ауылдың түкпірінен сұрағын, мәселесін арқалап келіп отырған немесе ойбаймен келген адамды мемлекеттік қызметкер айқаймен қарсы алса, әкесіндей адамға әкіреңдеп сөйлесе, мұндай адамға мемлекеттік қызметте орын жоқ. Біз халықпен кездесу барысында әріптестерімізді адамдарды барынша сыйластықпен қарсы алып, бейәдептілік танытпай, жылы-жұмсақ сөйлесіп, мәселесін шешуге қолдау білдіруге шақырудамыз. Егер бір мемлекеттік қызметші сөзінен немесе ісінен сүрініп кететіндей болса, ертең мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның басшысына кір келетін болады. Қанша мықты болсаң да халықтан жоғары емессің. Біздің міндет халыққа қызмет болғандықтан, осы тараптағы жұмысты күшейту керек,- дей келе Арман Бердалин агенттіктің қоғаммен байланысқа, жемқорлықпен күреске үлкен мән беретінін айтты.

— Қазір жемқорлардың жолына бөгет қойылып, қолдарына кісен салынып жатыр десек те, біздің басты мақсатымыз — жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу. Сондықтан тәрбие жұмыстарын мектептерден бастап жатырмыз. Агенттіктің бастамасымен Қазақстанның барлық дерлік мектептерінде «Адал ұрпақ» деп аталатын еріктілер клубы жұмыс жүргізуде. Біздің тарапымыз-дан жұмыстар атқарылып жатыр. Бірақ мемлекетке ортақ қазынаның қаржысы талан-таражға түсіп кетпеуі үшін бақылауды күшейтуіміз керек. Сондықтан, берекелі де мерекелі өмір сүргіміз келетін болса, бәріміз жұрт болып жұмылып, белді буып, білекті түріп, жемқорлықтың тамырына балта шабуымыз керек. Кешегі қол бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер, Өр Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан кең-байтақ даламызды аманаттап кеткен бабаларымыздың есімі тарихта жемқорлықпен емес, елге деген қамқорлықпен қалды,- деп сөзін түйді Арман Тілектесұлы.

Жиын барысында агенттік өкілдеріне сан сауалдар жолданып, ұсыныстар айтылды.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

04.11.2026
Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында су ресурстарының тапшылығын болдырмау және...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

04.11.2026
Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

Адам денсаулығы – қоғамның әл-ауқаты мен ел дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан медициналық көмекке қол жеткізу және денсаулықты қорғау мәселесі...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

04.11.2026
Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптары, валюталық түсімді...

Толығырақ...Details

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 час бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

1 час бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

2 часа бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

2 часа бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

3 часа бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

1 день бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

1 день бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

1 день бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС