"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨНЕРГЕ ҚҰШТАР ЖАНДАР

12.10.2018

Сәрсенбі, 10 қазан күні Семей Қалалық Мәдениет үйінде «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ мен «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен, қала әкімдігінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандардың 5-ші облыстық «Екі жұлдыз-2018» шығармашылық конкурсының гала-концерті өтті. Мерекелік іс-шараға қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық мәслихаттың депутаттары, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Аталмыш мерекелік шара Мүгедектер күніне және Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай «Ән-жырым саған, туған ел!» айдарымен өткізілді. Ән сайысында қатысушылар әртүрлі байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары атанған Қалалық Мәдениет үйінің кәсіпқой әншілерімен жұптасып өнер көрсетті. Елбасымыз өз Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс»,- деп атап көрсеткені белгілі. Иә, ерекше жандардың рухани дамуына ықпал ету, олардың бойындағы қабілетін ашып, өнерін ел алдына шығару мақсатында өңірде «Екі жұлдыз» ән байқауы дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Өнер додасының негізгі мақсаты – музыкаға бейімі бар балаларды анықтау, олардың шығармашылықтарын шыңдау, өмірге деген құштарлығын, рухани деңгейін арттырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсету,- дейді әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Райхан Байтілеуова.

«Екі жұлдыз» сайысы осыған дейін аудандық, қалалық деңгейде өткізіліп келсе, бұл жолы облыс көлемінде ұйымдастырылды. Байқауда облыстың жеті ауданынан, атап айтар болсақ, Зайсан, Аягөз, Абай, Көкпекті, Жарма, Үржар, Тарбағатайдан және Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан келген 13 сайыскер өздерінің бақтарын сынады.

Өткен жылғы «Екі жұлдыз» байқауының жеңімпазы, қонақ ретінде шақырылған Нұрым Мұратов есімді талантты жеткіншек сахнада өнерін көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды. Өнерлі өрендердің жетекшілеріне де алғыс хаттар табыс етілді.

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

4 часа бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

4 часа бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

4 часа бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

21 час бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

21 час бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС