"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

22.10.2018
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын №5 көпсалалы гимназияда Рухани жаңғыру орталығы ашылды.

Аталмыш орталық ғасырға жуық тарихы бар білім ордасының түлегі, облыстық мәслихат депутаты, «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбайдың демеушілігімен ашылып отыр.

— Оқушыларды құр сөзбен ғана емес, нақты іспен де тәрбиелейік деген оймен мектебіздің түлегі, белгілі меценат Марат Серікжанұлына қолқа салдық. «Сіз қаламызға, елімізге көп көмек жасап жүрген халық қалаулысысыз. Есіміңіз облыс, республика көлемінде танымал. Сіздің осы мектептің қабырғасынан шыққаныңызды, бүгінде қаншама адамды жұмыспен қамтып отырғаныңызды жас буын білсін, үлгі алсын, ел игілігі жолындағы еңбегіңізді көрсетейік. Сіз осыған қалай қарайсыз?»- дегенімізде, қарсылығын білдірген жоқ. Расында, мектепте оқып жатқан оқушылар осы азаматтан үлгі алып, еліне қызмет етіп жатса қандай ғанибет. Бір қуаныштысы, орталықтың ашылуы Елбасымыздың Жолдауымен тұспа-тұс келіпті. Қуаныш құтты болсын!- деді гимназия директоры Алма Әубәкірова.

Орталықта ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шағын бюсті қойылған екен. Елбасының кітаптары, сондай-ақ кәсіпкердің өмір жолы, жеткен жетістіктері жайындағы деректер де орталық төрінен орын алыпты.

— Мен осы мектепте оқыған кезде, Семейде бар болғаны екі-ақ қазақ мектебі болды. Қазақ балалары бұл білім ордасына алыстан келіп оқитын. Бұл мектепте менің әкем де білім алған. Бүгінде азамат болып қалыптасып, ел кәдесіне жарап жүргеніміз осы мектептің, бізге тәлім берген ұстаздарымыздың еңбегінің арқасы деп білемін. Бұл мектепте Алаш қайраткерлерінің табанының ізі жатыр. Әйгілі балуан Дәулет Тұрлыхановтың атасы Тұрлыхан осы мектепте директор болған. Мұның бәрін жас ұрпақ білуі керек. Бұл орталықта алдағы уақытта жас ұрпаққа үлгі боларлық әртүрлі кездесулер, тағылымды шаралар өтеді деп ойлаймыз,- деді Марат Құрманбай.

Рухани жаңғыру орталығындағы алғашқы тағылымды кездесу өткен сенбіде өтті. Қазақтың дәстүрлі ән орындаушысы, Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының Дәстүрлі ән кафедрасының меңгерушісі Рамазан Стамғазиев пен кафедра оқытушылары қаламыздағы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенттерімен жүздесті. Дәстүрлі ән кафедрасының ашылуының 10 жылдығына орай Семейге арнайы келген қонақтар студенттердің сауалдарына жауап беріп, оларға Алматыда орналасқан Өнер академиясында білімдерін жалғастыруға кеңес берді.

— Кафедраның мықты ғылыми және педагогикалық әлеуетінің арқасында 2012 жылы магистратура, 2013 жылы PhD докторантура ашылды. Қазіргі заман талабын ескеріп, студенттердің, әншілікпен қоса, ғылыммен айналысуына да жағдай жасап жатырмыз. Екі жылда бір рет дәстүрлі ән орындаушылары арасында байқау ұйымдастырып тұрамыз. Жеңімпаздарға оқуға түсуге жеңілдіктер қарастырылған,- деді Рамазан Стамғазиев.

Осы күні қонақтар Абай атындағы кітапханада семейліктерге «Ән-күй керуені» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Кеште ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев, ҚР-ның мәдениет қайраткерлері Қайырғазы Төлен, Талғат Мұқышев, Мұрат Әбуғазы, Нұржан Жанпейісов және басқа да әншілер өнер көрсетті.

Жадыра Төлегенқызы, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 час бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

5 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС