"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ

25.02.2014
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алаш елінің алар асуларын  айқындайтын Елбасының саяси-тарихи Жолдаулары бүгінде егемен елдің бет   түзер  темірқазығына айналды.

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауы Қазақстан дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді.

Осыған дейін ерекше назарда болған еліміздің ғылым, білім саласы алдағы уақытта жаңа қар-қынмен дамитын болады. Өйткені, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін осынау бағытты күшейту керек.  Жолдауда ғылымды көп қажет ететін экономиканы құру керектігі айтылды. Осы орайда Елбасымыз ұсынған Жолдаудағы ғылым туралы 5 инновациялық идеясын әрдайым назарда ұстауымыз қажет деп ойлаймын: 1. 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Үкімет Парламентке еншілес қаржыландыру, интеллектуалды меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, ғылыми өңдеулерді коммерциялық заңдарын жетілдіруге бағытталған заң жобасы пакетін ұсынуы тиіс; 2.Ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңмен ұлғайтудың жоспарын әзірлеу; 3. Білім мен жаңа технологияларды елімізге трансферттеу үшін шетелдік инвестицияларды пайдалану; 4 Шетелдік компаниялармен бірлесе отырып, жобалық және инжинирингтік орталықтар құру; 5. Ұлттық инновациялық жүйенің  тиімділігін арттыру.

 

{jcomments on}Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан хал-қына арнаған Жолдауында шәкіртақының 25 па-йызға артатыны туралы жеткізе келіп,  өз сөзінде үлгерімі жоғары студенттер мен оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құру қажеттігін де қадап айтты. Мемлекет жастардың білімді  және  білікті маман болуына көп мүмкіндіктер жасауда. Сондықтан үлгілі студент, білікті де білімді ұстаз – ел мен университет абыройы, ғылым мен білім әлеуеті.

 

ХХІ ғасырды Қазақстанның алтын ғасырына айналдыру мақсатында еліміздің жарқын жолы – Мәңгілік Ел болу үшін қазақстандық патриотизмді, инновациялық жобаларды, геология, археология, көлік, энергетика, экономика салаларын, ғылым-білім, шағын және орта бизнесті дамыту тетіктерін жан-жақты баяндаған Жолдауда Елбасы қоғамды іркілместен дамыған мемлекеттердің қатарына ену жолында қызмет етуге шақырады. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметінің алдына маңызды бірқатар тапсырмаларды қойды. Бұл ертеңге деген елдің үлкен сенімін арттыратыны сөзсіз. Ал ол үшін жұмылған жұдырықтай бірлік керек. Осы бағытта Қазақ инновациялық гуманитарлық –заң университеті Елбасының жаңа Жолдауындағы маңызды мәселелерді жүзеге асыруға барынша күш салмақ. Жолдауда ай-тылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының  маңайына  бірігу «Мәңгілік Ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.

Осы Стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, Тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын  орындаудың жеті бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялдық — инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз.

Дамыған елдің сипаты — белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтары. Білімі мықты елдердің білегі де күшті, ал білегі күшті елдер тілегін де өзгеге орындата алатынын дәуір дәлелдеді.

«Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмелік», -деген ата-бабамыздың өсиетін әрқашан жадымызда ұстауымыз қажет деп ойлаймын.

Әр жылғы Жолдаудың – өз жаңалығы бар. Дегенмен, биылғы Жолдау ерекше -экономиканың қуатын еселеуге, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Сондықтан, Елбасының Жолдауы – болашаққа сенімді қадам деп айтуға толық негіз бар.    Өз кезегімізде, орын алып жатқан білім жүйесіндегі жан-жақты бағдарламаларға, өзгерістер мен алға жылжуларға, болашаққа деген нақты бағытты ұстанған саясатқа — БІЗ ЖАСТАР қолдау көрсетеміз!

Құралай ТӨЛЕБАЕВА, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының  кандидаты.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

11 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

11 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС