"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ

25.02.2014
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алаш елінің алар асуларын  айқындайтын Елбасының саяси-тарихи Жолдаулары бүгінде егемен елдің бет   түзер  темірқазығына айналды.

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауы Қазақстан дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді.

Осыған дейін ерекше назарда болған еліміздің ғылым, білім саласы алдағы уақытта жаңа қар-қынмен дамитын болады. Өйткені, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін осынау бағытты күшейту керек.  Жолдауда ғылымды көп қажет ететін экономиканы құру керектігі айтылды. Осы орайда Елбасымыз ұсынған Жолдаудағы ғылым туралы 5 инновациялық идеясын әрдайым назарда ұстауымыз қажет деп ойлаймын: 1. 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Үкімет Парламентке еншілес қаржыландыру, интеллектуалды меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, ғылыми өңдеулерді коммерциялық заңдарын жетілдіруге бағытталған заң жобасы пакетін ұсынуы тиіс; 2.Ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңмен ұлғайтудың жоспарын әзірлеу; 3. Білім мен жаңа технологияларды елімізге трансферттеу үшін шетелдік инвестицияларды пайдалану; 4 Шетелдік компаниялармен бірлесе отырып, жобалық және инжинирингтік орталықтар құру; 5. Ұлттық инновациялық жүйенің  тиімділігін арттыру.

 

{jcomments on}Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан хал-қына арнаған Жолдауында шәкіртақының 25 па-йызға артатыны туралы жеткізе келіп,  өз сөзінде үлгерімі жоғары студенттер мен оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құру қажеттігін де қадап айтты. Мемлекет жастардың білімді  және  білікті маман болуына көп мүмкіндіктер жасауда. Сондықтан үлгілі студент, білікті де білімді ұстаз – ел мен университет абыройы, ғылым мен білім әлеуеті.

 

ХХІ ғасырды Қазақстанның алтын ғасырына айналдыру мақсатында еліміздің жарқын жолы – Мәңгілік Ел болу үшін қазақстандық патриотизмді, инновациялық жобаларды, геология, археология, көлік, энергетика, экономика салаларын, ғылым-білім, шағын және орта бизнесті дамыту тетіктерін жан-жақты баяндаған Жолдауда Елбасы қоғамды іркілместен дамыған мемлекеттердің қатарына ену жолында қызмет етуге шақырады. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметінің алдына маңызды бірқатар тапсырмаларды қойды. Бұл ертеңге деген елдің үлкен сенімін арттыратыны сөзсіз. Ал ол үшін жұмылған жұдырықтай бірлік керек. Осы бағытта Қазақ инновациялық гуманитарлық –заң университеті Елбасының жаңа Жолдауындағы маңызды мәселелерді жүзеге асыруға барынша күш салмақ. Жолдауда ай-тылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының  маңайына  бірігу «Мәңгілік Ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.

Осы Стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, Тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын  орындаудың жеті бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялдық — инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз.

Дамыған елдің сипаты — белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтары. Білімі мықты елдердің білегі де күшті, ал білегі күшті елдер тілегін де өзгеге орындата алатынын дәуір дәлелдеді.

«Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмелік», -деген ата-бабамыздың өсиетін әрқашан жадымызда ұстауымыз қажет деп ойлаймын.

Әр жылғы Жолдаудың – өз жаңалығы бар. Дегенмен, биылғы Жолдау ерекше -экономиканың қуатын еселеуге, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Сондықтан, Елбасының Жолдауы – болашаққа сенімді қадам деп айтуға толық негіз бар.    Өз кезегімізде, орын алып жатқан білім жүйесіндегі жан-жақты бағдарламаларға, өзгерістер мен алға жылжуларға, болашаққа деген нақты бағытты ұстанған саясатқа — БІЗ ЖАСТАР қолдау көрсетеміз!

Құралай ТӨЛЕБАЕВА, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының  кандидаты.

Ұқсас жаңалықтар

Туризм және спорт министрлігі: Қазақстан 18 жылдық үзілістен кейін 2029 жылғы X қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды

05.02.2026
Туризм және спорт министрлігі: Қазақстан 18 жылдық үзілістен кейін 2029 жылғы X қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды

Мұндай ауқымды әрі кешенді халықаралық жарысты ұйымдастыру Қазақстанның спорттық әлеуетін, сондай-ақ ірі халықаралық спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізе алатынын көрсетуге...

Толығырақ...Details

Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс – Нұртай Сабильянов

05.02.2026
Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс – Нұртай Сабильянов

Ұлттық валюта Конституцияда қорғалуға тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында айтты. Ол теңгенің...

Толығырақ...Details

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның VIII отырысында жаңа Ата заңның жобасындағы 18-бапты нақтылауды ұсынды....

Толығырақ...Details

Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына әйел азаматтардың көзқарасы: құқық, теңдік, қатысу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға ҚР...

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда қазақстандықтарды мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау ұсынылды

05.02.2026
Жаңа Конституцияда қазақстандықтарды мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау ұсынылды

«Әділсөз»сөзбостандығынқорғаухалықаралыққорыныңпрезидентіҚарлығаш Жаманқұлова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында ҚРжаңаКонституциясынаәрбіразаматтыңмемлекеттікоргандарменлауазымдыадамдардыңзаңсызәрекеттеріненнемесеәрекетсіздігінен келген зияндыөтеуқұқығытуралынорманыенгізудіұсынды. Ол сөзбасындаКомиссиямүшелерінекелісу,талқылаужәнеқызупікірталастардыңкүрделілігінеқарамастан, ашықтықпенсындарлылық ұстанғаны үшіналғысын білдірді. «Заңгерәріптестерімеазаматтыққоғамныңұсыныстарынанақтытұжырымтапқандары үшін алғысайтқымкеледі»,...

Толығырақ...Details

Белгілі заңгер Жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығару туралы ұсынысты қолдады

05.02.2026
Белгілі заңгер Жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығару туралы ұсынысты қолдады

Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай мемлекеттің жария-құқықтық жауаптылығын Ата Заң деңгейінде бекітуді ұсынды. Спикер мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Туризм және спорт министрлігі: Қазақстан 18 жылдық үзілістен кейін 2029 жылғы X қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды

40 минут бұрын

Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс – Нұртай Сабильянов

42 минуты бұрын

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

2 часа бұрын

Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

2 часа бұрын

Жаңа Конституцияда қазақстандықтарды мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау ұсынылды

2 часа бұрын

Белгілі заңгер Жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығару туралы ұсынысты қолдады

2 часа бұрын

Жаңа Ата заңның жаңа мәтінінде терминдер бірізге түскен – Талғат Нәрікбаев

2 часа бұрын

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

4 часа бұрын

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына Телеграм бот арқылы шағымдана аласыз

4 часа бұрын

Абай облысында мемлекеттік қызмет сапасы тексерілді: 2025 жылы 2 мыңнан аса бұзушылық анықталған

4 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС