"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйеліне 600 мың теңге айыппұл салынды

05.11.2025
Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйеліне 600 мың теңге айыппұл салынды

Фото: https://www.instagram.com/moldir.mt

2k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, әнші Мөлдір Мұқанова заңсыз ұтыс ойнатқаны үшін шамамен 598 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кейінгі уақытта қазақстандық блогерлердің лотерея арқылы ақша табуды кәсіпке айналдырды. Мұндай заңсыз ойындарды ұйымдастырғандардың кейбірі әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Биыл жыл басынан бері 80-нен астам адам заңсыз ұтыс ойнатқаны үшін қомақты сомада айыппұл арқалаған. Олардың қатарында әнші Мөлдір Мұқанова, Supermamacita, кәсіпкер Дархан Жолшыбеков және Мереке Қалбаева да бар.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері 89 адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша айыпталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тексеру барысында оларға онлайн және офлайн форматта түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде барлығы 40 миллион теңгеден астам айыппұл төленген.

Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм комитеті ұсынған тізімге сәйкес, 2,3 миллион жазылушысы бар “Moldir.mt” аккаунт иесі, Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, әнші Мөлдір Мұқанова 150 АЕК, шамамен 598 мың теңге көлемінде айыппұл төледі.

Ал 3,1 миллион жазылушысы бар танымал кәсіпкер әрі блогер Дархан Жолшыбеков әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімен 3 сәуірде 393 мың теңге әкімшілік айыппұл төлеген.

Тізімнің суретіФото: Мәдениет және спорт министрлігі

Хаттама толтырылып,  айыппұл арқалағандардың қатарында 1,3 миллион оқырманы бар “merekusha.k” аккаунтының иесі Мереке Қалбаевада бар. Ол шілдеде 589 мың теңге айыппұл төлеген. Қытайдан тауар әкеліп сатумен айналысып танылған кәсіпкер әрі блогер Эльмира Әбдірханова (elmir.a.s) да дәл осы соманы төлеген, оның шамамен 455 мың оқырманы бар.

6.8 миллион оқырманы бар “super.mamasita” аккаунтының иесі Алия Байтугаева 825 мың теңге айыппұл төлеген.

Айыппұл көлемі бойынша көш бастап тұрған блогер — «justking31» аккаунтының иесі Нұрбек Нұртаза. Ол 6 тамызда жеке кәсіпкер ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 179 600 теңге мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл төлеген. Ал Нұрбектің жұбайы, «aminaxo26» аккаунтының иесі Амина Нұртаза 825 мың теңге айыппұл төлеген.

Тізімнен скриншотФото: Мәдениет және спорт министрлігі

Лоторея өткізудің ережесі қандай?

Қазақстан заңына сәйкес, лотереяны тек арнайы лицензиясы бар операторлар ғана өткізе алады. Мұндай ойынды жеке тұлғаға әлеуметтік желіде ұйымдастыру заңсыз саналады. Мұндай жағдайда 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Ал егер ойын жеке кәсіпкер атынан өткізілсе, айыппұл көлемі 300 АЕК-ке дейін жетеді.

Еске салайық, осындай іске қатысты өткен жылы 101 жеке тұлға жауапқа тартылып, 41 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.

«2024 жылы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 445-1-бабының 6 бөлігі (Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу) бойынша бұзған 101 жеке тұлға жауапқа тартылып, 41 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Ал 2025 жылдың басынан бастап Комитет қаржылық мониторинг органдарының көмегімен 83 жеке тұлғаны заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарты. Оларға 35 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл жазасы қолданылған. Әкімшілік жауапкершілікке тарту сатысында тағы 7 адам бар», – делінген хабарламада.

Мақалада: заңсыз ұтысМөлдір МұқановаТұрсынбек Қабатов

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

54 минуты бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

2 часа бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

3 часа бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

3 часа бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

4 часа бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

4 часа бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС