"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗПОШТАНЫҢ МАҚСАТЫ ХАЛЫҚ ҮНІН ТҰНШЫҚТЫРУ МА?

06.11.2025
ҚАЗПОШТАНЫҢ МАҚСАТЫ ХАЛЫҚ ҮНІН ТҰНШЫҚТЫРУ МА?
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Соңғы аптада қазақстандық баспасөз тағы бір ауыр соққы алды. Тағы бір деп отырған себебіміз — маусым айында «Қазпошта» баспасөзді тасымалдау құнын мың есеге көтеріп, редакциялардың белін қайыстырған еді. Арада жарты жыл уақыт өткен жоқ. 2026 жылға баспасөзге жазылу науқаны басталған бетте редакциялар тағы да «Қазпоштаның» озбыр әрекетін көріп, тойтарыс беруге тетік таппай отыр.

«Қазпоштаның» бұл жолғы қылығы  жүйкемізді тоздырып,  журналистер қауымының сенімін сындырып жіберген сыңайлы…

Бұл жолы,  еш ескертусіз, газеттерге жазылу бағасын 141 пайызға қымбаттатып, тағы бір ауыр соққы жасады. Ең сорақысы, бұл жайдан редакциялар бейхабар. Газет оқырмандарының бірі редакцияға телефон соғып хабарламаса, біз білмейді екенбіз. Сонымен редакциялардың жарты жылға «Semeı tańy» және «Вести Семей» газеттеріне қойған бағасы 5 000 теңге болса, «Қазпошта» 8 157 теңге қойған.

Ең сорақысы, бағаны аспандатып жіберген «Қазпошта» газетті уақытында да жеткізбейді. Кей ауылдарда апталап кешігіп келеді, кей өңірде тіпті оқырман жазылған газетін алмай жатады.

Сонда халық не үшін екі есе төлеуі керек? Бағаны көтеру бар, бірақ жауапкершілік жоқ. «Қазпоштаның» жазылым бойынша мерзімді баспа басылымдарды тарату тарифтері туралы әлеуметтік желіде жарияланған релиз-түсіндірмеде: «Белгіленген сапа көрсеткіштеріне сәйкес, мерзімді баспасөз басылымдары ауылдық жерлерге аптасына екі рет жеткізіледі. Бұл параметрдің сақталуын мемлекеттік реттеуші бақылайды»,- деп жазылған.  Байқап отырсыздар, газеттер аптасына екі рет жеткізіледі  екен. Ал аптасына 5 рет шығатын «Егемен Қазақстан» газеті оқырманға екі рет қана жеткізілсе, ескіріп кеткен газеттің халыққа   қандай маңызы болады? Бір қызығы, бұл орайда  шырылдап жүрген — аймақтық басылымдар ғана. Республикалық ірі басылымдар үнсіз. “Тоқ баланың аш баламен ойнамайтыны” рас екен. Республикалық бюджеттен қомақты қаржы алып отырған «тоқ баланың» тиын-тебенмен өлместің күйін кешіп отырған аймақтық басылымдардың жанайқайында не шаруасы болсын…

Асыра айтты демеңіздер,  елдің шынайы өмірін айтып, мәселенің өзегін қопарып жүрген – елдің айнасы, халықтың жүрек үні  аймақтық газеттер емес пе?

Белгілі болғандай, «Қазпошта» жыл сайын баспасөзді тарату үшін республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге субсидия алып отыр екен. Миллиардтарды қанағат етпеген  «Қазпошта» монополистің  мүмкіндігін пайдаланып, онсыз да аз қалған мерзімді басылымдарды «жұтудың» амалына кірісуде. «Қазпоштаның» жағдайы жақсы,  мемлекет те төлейді, халық та төлейді – ал нәтиже нөлге жуық. Мұндай жағдайда баспасөздің өмір сүруі жанқиярлыққа айналды.

Газет – табыс көзі емес, елдің үні, қоғамның  жаны. Ал жанды тұншықтыру – мемлекетті әлсіретудің ең қауіпті жолы. Халық үніне тосқауыл қою – елдің рухын тұншықтыру.   Баспасөз – халықтың айнасы. Ал «Қазпошта» сол айнаны қымбат бағамен сатып,  сындырудың амалын жасап отыр. Өйткені айна сынса – ел өз бейнесін көре алмайды. Қоғам шындығын жоғалтады, үнін естірте алмайды. Бұл — жай ғана қымбаттаған баға емес, ақпараттық аштыққа апаратын  жол.

«Қазпоштаның» бүгінгі саясатын  жай ғана  қымбаттаған  тариф емес,  халықтың ақпаратқа қолжетімділігін шектеу деп қабылдаймыз.

Біздің редакция газет тасымалдаудың балама түрін бұрын да қолданып келген.  Семей қаласы мен қатынасқа жақын, қолайлы  ауылдарға өз күшімізбен жеткізіп жүрміз. Ал шалғай  жатқан елді мекендерге жеткізуде қиындықтар болатынын жасырмаймыз. 2026 жылға баспасөзге жазылу басталып кеткен кезде бізге айтқызбай келген дүрбелеңге дайын болмай қалдық.

Алдағы уақытта газет таратудың балама әдісін іздестірудеміз. Ал әзірге Каспий банк арқылы төмендегі кюар кодтың мүмкіндігін пайдаланудан басқа амал жоқ. Банктің комиссиясы 141 пайыз емес, 095 пайыз.

  1. Телефондарыңыздағы Каспий банктің QR-ын ашасыздар
  2. Газеттің аты тұрады
  3. Жазылу кезеңін таңдайсыздар ( 6  немесе 12 ай )
  4. Жазылушының аты-жөні, телефон нөмірі  сол парақшада
  5. Газет жеткізілу мекенжайы  (жолға сыятындай етіп қысқартып жазу керек )
  6. Төмендегі көк жолақты — «жалғастыруды» (продолжить) басу
  7. Ары қарай ақша төлеу

ҚАЗПОШТАНЫҢ МАҚСАТЫ ХАЛЫҚ ҮНІН ТҰНШЫҚТЫРУ МА?

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС