"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Шығыс кентінде 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді

07.04.2026
Шығыс кентінде 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Семей қаласының Шығыс кентінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №53 жалпы орта білім беретін жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Жаңа білім ордасының ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли, Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов, Парламент Сенатының депутаттары Қайрат Тастекеев пен Айнұр Арғынбекова, Мәжіліс депутаттары Ринат Зайытов пен Мақсат Толықбай, сондай-ақ Қазақстанның Еңбек Ері Алма Шүкіжанова қатысты.

300 орынға лайықталған мектеп Шығыс кентіндегі балаларды заманауи жағдайда оқытуға мүмкіндік береді. Бұл – «Келешек мектептері» жобасы аясында Семей қаласында ашылған үшінші, ал Абай облысындағы бесінші мектеп.

Жаңа нысанның жалпы аумағы 2,56 гектарды құрайды. Мұнда 30 оқу кабинеті, екі информатика сыныбы, робототехника кабинеті, химия, физика және биология зертханалары қарастырылған. Сонымен бірге токарлық және металл өңдеу шеберханасы, аспаздық және тігін кабинеттері де жабдықталған.

Мектепте 17 интерактивті панель орнатылған. Сондай-ақ 84 орындық акт залы, 78 орындық асхана, кітапхана мен оқу залы жұмыс істейді. Оқушылар үшін STEM-зертханалар, хореография залы, 673 шаршы метрлік спорт залы және ашық ойын алаңдары бар. Мектеп аумағында футбол, волейбол, хоккей алаңдары мен 400 метрлік жүгіру жолағы орналасқан.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін де барлық жағдай жасалған. Ғимарат ішінде лифт пен тактильді жолақтар қарастырылған.

Салтанатты шара барысында облыс әкімі жаңа мектептің ашылуы өңірдің білім беру саласы үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл нысанның іске қосылуы арқылы Шығыс кентіндегі мемлекеттік мектепке қатысты өзекті мәселе толық шешімін тапқан. Енді бұл аумақтағы оқушылардың басқа аудандарға қатынап оқуына қажеттілік жоқ.

Іс-шара кезінде Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов өңірдің білім саласына ұзақ жылдар еңбек сіңірген ардагер ұстаздар Марияма Битебаева мен Бақыт Кажыбаеваға «Еңбек ардагері» медалін табыстады.

Ашылудан кейін облыс әкімі мен құрметті қонақтар мектеп ішін аралап, сыныптарды көріп, мұғалімдер және оқушылармен пікір алмасты.

Шығыс кентінің тұрғыны Шалқар Хамилаев жаңа мектептің ашылуы жергілікті халық үшін көптен күткен қуаныш екенін айтты. Оның сөзінше, бұған дейін балалар алысқа қатынап оқып, түрлі қиындық көрген.

Қазір облыста мектеп тапшылығын азайту бағытында бірқатар жоба жүзеге асып жатыр. Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында бастауыш мектептің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар Семей қаласындағы №4 және №30 мектептерге қосымша ғимараттар салынып жатыр. Абай ауданы Кеңгірбай би ауылындағы Қарашоқы шатқалында балалар лагерінің құрылысы да аяқталуға жақын.

Бұдан бөлек, алдағы жылдары Семейдің Қарағайлы шағын ауданында 400 орындық «Білім-инновация» лицейі мен 1400 орындық мектеп, сондай-ақ Ақсуат пен Екпін ауылдарында 300 орындық екі мектеп салу жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

5 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС