"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу мәселелері талқыланды.

Кеңеске облыстық басқармалар мен өңірлік департаменттердің басшылары қатысты. Қала және аудан әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мерей Байырхан, білім басқармасының басшысы Айжан Құрманова және облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Байкенов баяндама жасады.

Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер қаралды. Тоғыз айда республикалық маңызы бар жолдарда жануарлардың қатысуымен 268 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында жолдарға малға қарсы қоршаулар орнатылып, жол белгілері мен таңбалары жаңартылуда.

Облыста жол инфрақұрылымын жөндеу жұмыстары да жалғасып жатыр. Республикалық жолдарда 33 мың шаршы метрден астам ойық жөнделіп, малға қарсы 13 шақырым қоршау орнатылған. Ал облыстық және аудандық жолдарда 160 мың шаршы метрден астам асфальт жамылғысы қалпына келтірілді.

Семей қаласында жалпы ұзындығы 22,7 шақырымды құрайтын 20 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолдары салынып, жол белгілері орнатылуда.

Облыс әкімі жол-көлік оқиғаларының салдарына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

«Жол-көлік оқиғаларының жалпы саны азайғанымен, қаза тапқандар санының өсуі алаңдаушылық туғызады. Әсіресе мектептердің маңындағы қауіпсіздікке, жолдардың қауіпті учаскелеріне, қараусыз жүрген малға және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымына ерекше назар аударуымыз қажет. Жол қауіпсіздігі тек полицияның міндеті емес. Бұл – жергілікті атқарушы органдардың, жол қызметтерінің және барлық жауапты мекемелердің ортақ жауапкершілігі», – деді Берік Уәли.

Аймақ басшысы Абай, Ақсуат, Аягөз және Жарма аудандарының әкімдеріне, білім және балалардың құқықтарын қорғау басқармаларына, сондай-ақ полиция департаментіне 14 білім беру ұйымының маңындағы жол қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктерді жою жөнінде нақты жоспар әзірлеуді тапсырды. Жұмыстар толық аяқталғанға дейін балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уақытша шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар қараусыз жүрген малдың жолға шығуына жол бермеу, мал иелерінің жауапкершілігін арттыру және қауіпті учаскелердегі қауіпсіздік шараларын күшейту міндеттелді. Жауапты мекемелерге жөндеуді, жарықтандыруды, қоршау орнатуды және жол таңбаларын жаңартуды қажет ететін басым учаскелердің тізімін әзірлеу тапсырылды.

Кеңесте балалар мен жастардың қауіпсіздігі мәселесі де кеңінен қаралды. Өңірде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық көрсеткіштері төмендегенімен, балаларға қатысты құқық бұзушылықтар саны артқан. Осыған байланысты жауапты басқармалар мен полиция департаментіне профилактикалық жұмыстарды күшейту, тәуекел тобындағы балаларға жеке қолдау көрсету және білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелерін тұрақты бақылау міндеті жүктелді.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңірдің білім беру ұйымдарында 99 657 оқушы мен 20 454 студент білім алады. Мектептерде 16 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Сонымен қатар 304 мемлекеттік мектептің барлығы бейнебақылау жүйесімен қамтылған.

Оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қамтамасыз ету үшін педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтер жұмыс істеп, балаларға және олардың ата-аналарына жеке консультациялар береді. Жыл басынан бері білім беру ұйымдарында мемлекеттік органдармен бірлесіп 2 683 іс-шара өткізілген. Апта сайынғы қауіпсіздік сабақтарында буллингтің, құқық бұзушылықтардың және интернеттегі қауіптердің алдын алу мәселелері түсіндіріледі.

Жиында балалар арасындағы суицидтің алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылық пен буллингті ерте анықтау, қолайсыз отбасылардағы балаларға қолдау көрсету және жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды.

«Балалардың қауіпсіздігі – біздің жұмысымыздың негізгі басымдықтарының бірі. Бұл бағытта формалды есепке емес, нақты нәтижеге жұмыс істеуіміз керек», – деді облыс әкімі.

Берік Уәли жауапты басқармалар мен полиция департаментіне балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың көбею себептерін талдап, олардың алдын алу бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған отбасылардың әлеуметтік жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу, балаларды тегін үйірмелерге, спорт секцияларына және шығармашылық жобаларға тарту, білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау мен дабыл жүйелерінің жұмысын тексеру міндеттелді.

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫаппараттық кеңесбалалар қауіпсіздігіБерік Уәлибілім берубуллингжол қауіпсіздігіқұқық бұзушылықСемей

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

2 минуты бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

26 минут бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС