"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Заңдылық – әділетті әрі қуатты мемлекеттің негізі

26.11.2026
Заңдылық – әділетті әрі қуатты мемлекеттің негізі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауы еліміздің одан әрі дамуының маңызды бағыттарын айқындады.

Менің ойымша, Жолдауда ерекше маңызға ие болған мәселелердің бірі – «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамда жүйелі түрде орнықтыру. Бұл жай ғана саяси ұран емес, әрбір адамның құқығы қорғалатын, заң алдында барлығы тең болатын және жауапкершілік қоғамдық өмірдің ажырамас нормасына айналған Әділетті мемлекет құрудың берік негізі.

Мемлекет басшысы реформаларды жүзеге асыру үшін заңнаманы жетілдіру мен мемлекеттік институттарды нығайтудың жеткіліксіз екенін орынды атап өтеді. Ең алдымен, қоғамдық сананы жаңғыртып, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру, заңға деген құрметті арттыру қажет.

Президенттің патриот болу – Заңды құрметтеу, Тәртіпті сақтау және Отан игілігі жолында адал еңбек ету деген тұжырымымен толық келісемін.

Заңдылық қағидаты тек мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының қызметінде ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті өмірінде көрініс табуы тиіс деп есептеймін. Заңды сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу, адалдық, өз іс-әрекетіне жауап беру және құқық бұзушылыққа төзбеушілік – міне, қоғамның құқықтық мәдениеті осындай күнделікті ұстанымдардан қалыптасады.

Сонымен қатар заңдылық екіжақты сипатта болуы керек: азаматтар заңды сақтауға міндетті болса, мемлекет оның әділ әрі мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Осындай ұстаным ғана қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтып, шынайы әділеттілік сезімін қалыптастырады.

Бір нәрсені түсіну маңызды: тәртіп өзгелерге талап қоюдан емес, әр адамның өз жауапкершілігін сезінуінен басталады. Отбасында, жұмыста, қоғамдық ортада және күнделікті өмірде заңға құрмет болмаса, құқықтық мемлекет құру мүмкін емес.

Мемлекет басшысы айқындаған бағытты қолдаймын. «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, «Адал азамат» идеясын дамыту және жоғары азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті болуы тиіс.

Қуатты мемлекет Заңға деген құрметтен басталады. Әділетті қоғам әр адамның жауапкершілігінен қалыптасады!

 

Қ.М.Қалиев,

«Әділет» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел болашағына бағытталған стратегиялық бағдар

26.11.2026
Мемлекет басшысының Жолдауы – ел болашағына бағытталған стратегиялық бағдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағытын...

Толығырақ...Details

Адами капиталға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға, цифрландыруға және алға қойылған міндеттердің орындалуына жауапкершілікпен қарауға басымдық беру.

26.11.2026
Адами капиталға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға, цифрландыруға және алға қойылған міндеттердің орындалуына жауапкершілікпен қарауға басымдық беру.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын үлкен...

Толығырақ...Details

Инфрақұрылымдық жобалар өңірдің дамуына жаңа мүмкіндік ашады

26.11.2026
Инфрақұрылымдық жобалар өңірдің дамуына жаңа мүмкіндік ашады

 Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық. Онда еліміздің алдағы дамуына қатысты маңызды міндеттер көтерілді. Соның ішінде құрылыс, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту,...

Толығырақ...Details

ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ ЖАСАМПАЗ ҚАДАМДАРЫ

26.11.2026
ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ ЖАСАМПАЗ ҚАДАМДАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы — еліміздің даму жолындағы...

Толығырақ...Details

Аға буын нені күтеді? Абай облысында Президент Жолдауы талқыланып, ардагерлердің пікірі тыңдалды

26.11.2026
Аға буын нені күтеді? Абай облысында Президент Жолдауы талқыланып, ардагерлердің пікірі тыңдалды

uӨз кезегінде Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Алин аға буын үшін әлеуметтік тұрақтылық, медициналық қызметтің қолжетімділігі және зейнеткерлердің қоғамдық...

Толығырақ...Details

Қазақстанда тіс емдетуге шетелдіктердің қызығушылығы артқан

26.11.2026
Қазақстанда тіс емдетуге шетелдіктердің қызығушылығы артқан

Қазақстан медициналық туризмнің танымал бағытына айналып келеді. Әсіресе шетелдіктерді еліміздегі қолжетімді әрі сапалы стоматологиялық қызметтер қызықтырады. Бұл туралы Денсаулық сақтау...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел болашағына бағытталған стратегиялық бағдар

29 секунд бұрын

Адами капиталға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға, цифрландыруға және алға қойылған міндеттердің орындалуына жауапкершілікпен қарауға басымдық беру.

7 минут бұрын

Заңдылық – әділетті әрі қуатты мемлекеттің негізі

8 минут бұрын

Инфрақұрылымдық жобалар өңірдің дамуына жаңа мүмкіндік ашады

11 минут бұрын

ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ ЖАСАМПАЗ ҚАДАМДАРЫ

15 минут бұрын

Аға буын нені күтеді? Абай облысында Президент Жолдауы талқыланып, ардагерлердің пікірі тыңдалды

28 минут бұрын

Қазақстанда тіс емдетуге шетелдіктердің қызығушылығы артқан

39 минут бұрын

Берік УӘЛИ: «БАСТАЛҒАН ҚҰРЫЛЫС МІНДЕТТІ ТҮРДЕ АЯҚТАЛУЫ КЕРЕК»

4 часа бұрын

Бөлінетін қаражат қатаң бақылауда болады – Тоқаев Халықтық құрылыс бойынша комиссияның құрамын бекітті

24 часа бұрын

«AUYL ART FEST» байқауы туралы

24 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС