"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен құттықтады.

Аймақ басшысы алдымен ұлағатты ұстаз, білім саласының ардагері Төлеу Анапьяновамен кездесті.

Төлеу Қажиқызы 1935 жылы Көкпекті ауданында дүниеге келген. Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық училищені тәмамдап, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алған. Ол 40 жылға жуық уақыт Ақсуат ауданындағы мектептерде еңбек етіп, жүздеген шәкіртке білім мен тәрбие берген. Еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін КСРО-ның «Аға мұғалім» атағына ие болған.

Ардагер ұстаз жұбайы Сләмбек Әбілмәжіновпен бірге 10 бала тәрбиелеп өсіріп, «Батыр ана» атағын алған. Сондай-ақ Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» атанған. Жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асады.

Берік Уәли еңбек саласының ардагері Қанатқали Құндақовтың да шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.

Қанатқали Құндақов 1946 жылы Абай ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Архат ауылында жұмысшы болып бастаған. Кейін Семей педагогикалық институтының тарих факультетінде білім алып, мектепте мұғалім болып еңбек етті. Әр жылдары білім, мәдениет, еңбек қатынастары, көші-қон және әлеуметтік қорғау салаларында түрлі қызметтер атқарған. Ардагердің жалпы еңбек өтілі 42 жылды құрайды.

Кездесу барысында облыс әкімі ардагерлерге ел дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, олардың өмір жолы мен еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Егемен еліміздің қалыптасуы мен мемлекеттің дамуына аға буын өкілдерінің қосқан үлесі зор. Сіздер – өнегелі өмір тәжірибесінің қайнар көзісіздер. Өңіріміздің өркендеуі үшін сіңірген еңбектеріңізге ризашылығымды білдіремін», – деді Берік Уәли.

Кездесу соңында Төлеу Қажиқызына «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. Ал Қанатқали Құндақовқа аталған марапат 1 қазанда ардагерлерге арналған салтанатты жиында берілген болатын.

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫардагерлерБерік УәлиҚанатқали ҚұндақовҚарттар күніМұғалімдер күніСемейТөлеу Анапьянова

Ұқсас жаңалықтар

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 секунд бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 минуты бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

30 минут бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

33 минуты бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

1 день бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС