"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

18.11.2026
Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

Абай облысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту, ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда өңірдегі 322 ауылдың 260-ы интернет желісіне қосылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады.

Абзал Серікұлының мәліметінше, бүгінде облыстағы ауылдық елді мекендердің 80 %-ы сымды және мобильді интернетпен қамтылған. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2026–2027 жылдары 160 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту, ал халқы аз 18 ауылды спутниктік интернетпен қамтамасыз ету көзделген.

— Қазіргі уақытта жоспарланған 2 300 шақырым магистральдық кабельдік құбырдың 1 515 шақырымы тартылды. Абай, Жаңасемей және Бесқарағай аудандарында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, мемлекеттік мекемелерді оптикалық байланыс желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін облыстағы ауылдарды интернетпен қамту деңгейі 96 пайызға жетеді, — деді Абзал Серікұлы.

Сонымен қатар өңірде 5G технологиясын дамыту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Семей қаласында 73 базалық станция жұмыс істеп тұр. Келесі жылдың соңына дейін олардың санын 116-ға жеткізу жоспарланған. Биыл Аягөз қаласында да 5G технологиясын енгізу басталды.

Байланыс сапасын арттырумен қатар, цифрлық технологиялар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында да кеңінен қолданылуда.

Спикердің айтуынша, облыс прокуратурасымен бірлесіп, интернет алаяқтарынан түсетін қоңырауларды бұғаттауға арналған «AI-Антифрод» жасанды интеллект жүйесі енгізілген.

— 2026 жылдың он айында аталған жүйе арқылы 56 197 алаяқтық қоңырау бұғатталды. Сонымен қатар қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Sergek VMS» интеллектуалды бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Қазіргі таңда оған 1 931 камера қосылған, — деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, аталған камералардың 919-ы жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеуге, 932-сі қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға арналған. Ал 80 камера жасанды интеллект негізінде бет-әлпетті тану функциясымен жабдықталған.

Өңірде IT саласын дамыту және жас мамандарды даярлау бағытында да жұмыстар атқарылуда. Биыл «Astana Hub» халықаралық технопаркінің Semey Hub филиалы құрылып, Abai IT-Valley және Semey Hub алаңдарында 30 іс-шара ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Семей қаласында бағдарламалау мен жасанды интеллект саласындағы практикалық білімді дамытуға бағытталған Tomorrow School мектебі ашылды. Мектепте төрт апталық қарқынды оқу курстары ұйымдастырылып, қатысушылар бағдарламалау негіздерін меңгеруде.

— Біздің мақсатымыз – Абай облысын цифрлық технологияларды тұтынушы өңір ғана емес, өз IT-шешімдерін әзірлеп, оларды республикалық деңгейде ұсына алатын инновациялық орталыққа айналдыру, — деп атап өтті Абзал Серікұлы.

Ұқсас жаңалықтар

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

18.11.2026
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

Қазақстан Республикасының Құрылтайында онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауға, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін...

Толығырақ...Details

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

18.11.2026
«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

«Оңай табысқа» келісу неге әкеп соқтыруы мүмкін? Бұл сұрақтың жауабын М.О. Әуезов атындағы Педагогикалық колледждің студенттері есірткі қылмысы үшін сотталғандардың...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

18.11.2026
Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы әртараптандыру, отандық өндірісті дамыту...

Толығырақ...Details

Ар-ождан бостандығы – адамның негізгі конституциялық құқықтарының бірі

18.11.2026
Ар-ождан бостандығы – адамның негізгі конституциялық құқықтарының бірі

Әр адамның өз дүниетанымын қалыптастыруы, жеке сенімін ұстануы және ар-ождан еркіндігін пайдалануы құқықтық қоғамның маңызды қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

57 секунд бұрын

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

6 минут бұрын

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

7 минут бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

11 минут бұрын

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

15 минут бұрын

Ар-ождан бостандығы – адамның негізгі конституциялық құқықтарының бірі

19 минут бұрын

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

1 день бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

1 день бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

1 день бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС