"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Кездесуде сөз бостандығының конституциялық негіздері, журналистің кәсіби жауапкершілігі, ақпараттың шынайылығы мен медиакеңістіктегі өзекті мәселелер талқыланды.

Абай облыстық қоғамдық келісім орталығы жанындағы «Журналистер клубының» төрайымы, «Semei» телеарнасының бас редакторы Сайра Нүсіпбаева сөз бостандығының журналистикадағы орнына тоқталып, Конституцияда бекітілген құқықтар мен кәсіби жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы — еліміздің басты заңы. Оның 20-бабында әркімнің сөз бостандығына, өз пікірін еркін білдіруге құқығы бар екені анық жазылған. Бірақ сөз бостандығы — шексіз еркіндік емес. Ол — үлкен жауапкершілік.

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Конституцияның 23-бабында сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріліп, цензураға тыйым салынатыны және әркімнің заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алуға әрі таратуға құқығы бар екені нақты көрсетілген. Конституция бізге еркін сөйлеуге құқық берді. Ал журналистика — сол құқықты халықтың игілігіне жарату өнері. Сөз — қару. Ал жауапты журналист сөзді елдің бірлігі мен дамуы үшін қолданады. Сөз бостандығы — құқық. Шындықты сақтау — парыз», – деді Сайра Нүсіпбаева.

«Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ директоры Жадыра Мұратбекова ақпарат жылдам таралатын қазіргі кезеңде әрбір деректі тексеріп, бірнеше дереккөзге сүйенудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық мәселелерді көтерудегі рөліне тоқталды.

«Аудиторияның сенімі жылдар бойы қалыптасады, алайда оны жоғалту әлдеқайда оңай. Сондықтан ақпараттың шынайылығы, объективтілігі және кәсіби этика талаптарын сақтау әрбір бұқаралық ақпарат құралы өкілінің басты ұстанымы болуы тиіс», – деді Жадыра Мұратбекова.

Сонымен қатар «Semei» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы Сұлтан Жоламанов телевизия журналистикасының ерекшеліктері мен жаңалық дайындау барысындағы тәжірибесімен бөлісті. Ол журналист мамандығы үлкен жауапкершілікті, ізденіс пен уақытты талап ететінін жеткізді.

«Көрермен экраннан небәрі бір-екі минуттық жаңалықты көреді. Алайда сол қысқа ақпараттың артында қаншама адамның еңбегі, ізденісі мен уақыты тұрады», – деді Сұлтан Жоламанов.

Кездесу соңында сөз бостандығы мен журналистік жауапкершіліктің өзара тығыз байланысты екені атап өтілді. Қатысушылар ақпараттың анықтығын сақтау, кәсіби этика талаптарын ұстану және қоғамға шынайы мәлімет ұсыну мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

18.11.2026
Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

Абай облысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту, ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында бірқатар жобалар...

Толығырақ...Details

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

18.11.2026
«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

«Оңай табысқа» келісу неге әкеп соқтыруы мүмкін? Бұл сұрақтың жауабын М.О. Әуезов атындағы Педагогикалық колледждің студенттері есірткі қылмысы үшін сотталғандардың...

Толығырақ...Details

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

18.11.2026
Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы әртараптандыру, отандық өндірісті дамыту...

Толығырақ...Details

Ар-ождан бостандығы – адамның негізгі конституциялық құқықтарының бірі

18.11.2026
Ар-ождан бостандығы – адамның негізгі конституциялық құқықтарының бірі

Әр адамның өз дүниетанымын қалыптастыруы, жеке сенімін ұстануы және ар-ождан еркіндігін пайдалануы құқықтық қоғамның маңызды қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

8 секунд бұрын

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

1 минута бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

6 минут бұрын

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

9 минут бұрын

Ар-ождан бостандығы – адамның негізгі конституциялық құқықтарының бірі

14 минут бұрын

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

1 день бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

1 день бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

1 день бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

1 день бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС