"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

07.04.2026
Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысында жазғы демалыс маусымына дайындық және туристік аймақтардың инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері кеңейтілген аппараттық кеңесте қаралды. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли төрағалық етті.

Кеңес барысында демалыс орындарының қазіргі дайындығы, туристік бағыттарды дамыту, сондай-ақ өңірді таза ауыз сумен қамту жобаларының орындалу барысы талқыланды. Отырысқа облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысып, аудан және қала әкімдері бейнебайланыс арқылы қосылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша туризм басқармасының басшысы Бекжан Бапышев, Мақаншы, Бесқарағай, Абай аудандарының әкімдері және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейтқанов баяндама жасады.

Өңірдегі негізгі туристік бағыттардың бірі саналатын Алакөл жағалауында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Қазіргі уақытта бас жоспарға өзгерістер енгізу басталып, аумақ көлемін 300 гектардан 3000 гектарға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Сонымен қатар 2026-2028 жылдарға арналған туризмді дамыту жол картасы бекітіліп, оған 43 іс-шара енгізілген.

Жағалаудағы инфрақұрылымды жақсарту үшін 3 шақырым аумақта жағалауды нығайту, электр тапшылығын азайту үшін жаңа желілер мен қосалқы станциялар салу, тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру, су және кәріз жүйелерін тарту жоспарланған. Туристердің қауіпсіздігі үшін өрт сөндіру депосы салынды. Бұдан бөлек, жағалауға жасанды интеллект жүйесімен байланыстырылған 137 бейнебақылау камерасын орнату көзделген. Сондай-ақ абаттандыру, жарықтандыру, жаяу және веложолдар салу, санитарлық нысандар орналастыру жұмыстары жүргізіледі.

Туризм саласын жүйелі дамыту мақсатында облыста «VISIT ABAI» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған. Енді өңірдегі туристік орындар «Abai Travel» мобильді қосымшасы мен VISITABAY.KZ платформасына біріктірілмек. Бұл келушілерге брондау, бағытты анықтау және қажетті ақпарат алуды жеңілдетеді.

Бесқарағай ауданындағы Шипалы көлінің маңында да ірі жоба жоспарланып отыр. Емдік суы мен балшығына негізделген емдеу-сауықтыру туризмін дамыту үшін 2026-2028 жылдары 4 миллиард теңге инвестиция тартылып, балшықпен емдеу орталығы, санаторий және демалыс аймағы салынбақ.

Абай ауданында «Taukum Жидебай» этно-кешені кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Қазір инженерлік желілер тарту және аумақты абаттандыру басталған. Жыл соңына дейін бұл жерде «Сақ» моншасы, глемпинг және тұрғын үйлер салу жоспарланған.

Жиында облыс әкімі тиісті басқармалар мен аудан әкімдеріне Алакөл мен оған жақын аумақтардағы инженерлік және туристік инфрақұрылым жұмыстары уақытылы аяқталуы керектігін айтты. Сонымен бірге Шипалы көлінің маңындағы жол, электр және санитарлық жүйелерді ретке келтіру міндетін жүктеді.

Кеңесте ауыз сумен қамту мәселесі де көтерілді. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сәйкес, облыста бұл бағытта 32 жоба іске асырылып жатыр. Оның 21-інде құрылыс аяқталған.

Облыс әкімі қала және аудан әкімдеріне сумен қамту нысандарын белгіленген мерзімде іске қосуды, құрылыс сапасын күнделікті бақылауда ұстауды және жұмыстардың кешікпей аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС