"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙТЫН КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

09.04.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде «Nur Otan» партиясы филиалдары жанынан көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың құқығын қорғайтын кеңес құрылып, жұмысын бастады. «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы жанынан құрылған осындай кеңестің алғашқы отырысы 4 сәуір күні өтті.

Кеңес құрамына, жергілікті атқарушы билікпен қатар, қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, қоғамдық ұй-ым мүшелері, БАҚ өкілдері — жалпы саны 20 адам енген. Жиынды ашқан «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Айнұр Арғын-бекованың айтуынша, кеңес тұрғын үй, еңбекпен қамту, материалдық көмек, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атты төрт бағытта жұмыс істейтін болады.

— «Nur Otan» партиясының 20 жылдағына орай 28 ақпанда өткен XVIII съезде партияның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы бекітіліп, партия төрағасы «Ауыл – Ел бесігі», «Құтты мекен», «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы» атты 4 жоба ұсынған болатын. «Бақытты отбасы» жобасы аясында республика көлемінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың құқығын қорғайтын кеңестер құрылды. Мақсатымыз – балаларға әлеуметтік-материалдық көмек көрсетіп, құқықтық кеңес беру,- деп түсіндіріп өтті А.Арғынбекова.

Баяндама жасаған қаланың бас педиаторы Мәдениет Дайрабаеваның айтуынша, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен «Саламатты ана мен бала» акциясы аясында қаладағы төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға медициналық тексеру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.

— Семейде кәмелет жасына толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасылардың саны 1229-ды құрайды. Осы санатқа жататын отбасының барлық мүшелері, яғни анасы, әкесі және балалары, тұрғылықты мекенжайына қарайтын емханаларда диагностикалық тексеруден өткізілуде. Акция аясында 1229 отбасының барлығы, оның ішінде 1228 ана, әке және 5316 бала қамтылды. Сондай-ақ учаскелік дәрігерлер, психологтер және әлеуметтік қызметкерлер үй аралау жұмыстарын жүргізіп, 525 бала медициналық тексеруден өтті, — деді М.Дайрабаева.

Бас педиатордың сөзіне сүйенсек, медициналық тексеруден өткен көп-балалы аналардың 613-не әртүрлі диагноздар қойылып, тыныс жолдары, гинекологиялық, қан, бүйрек және қан айналымы аурулары кең таралғаны анықталған.

Көпбалалы отбасынан шыққан балалардың балабақшамен, білім беру мекемелерімен, санаторий және лагерьлермен қамтылуы жөнінде қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Валентина Шипилова айтып берді.

Білім бөлімі өкілі мен бас педиатордың баяндамасын тыңдаған кеңес мүшелері көпбалалы отбасылармен жұмысты одан әрі жандандыруға тапсырма берді.

— Бәрі сіздер айтқандай жақсы болса, партияға келіп, қоғамдық қабылдаудан көмек сұрайтындар саны неге көп? Бір отбасының балалары әртүрлі мектептерде оқиды. Мұның бәрі халықтың осал тобына қиындық туғызып отыр. Осы мәселелерді шешуіміз керек,- дейді қалалық мәслихат депутаты Зүльфия Жамалтдинова.

Жиында айтылғандай, «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалына баспана беру туралы өтінішпен келетін көпбалалы аналар саны артқан. Айнұр Арғынбекова айтып өткендей, алдымен соңғы бес жылда пәтерсіз жүргендердің қатарында есепке тұру керек. Содан кейін ғана тұрғын үй кезегіне алынуға мүмкіндік бар.

— Халықтың көпшілігі жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін берілетін 252 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грант жөнінде біле бермейді. Грант көлемін 500 мың теңгеге дейін ұлғайту туралы ұсыныс та қаралып жатыр. Көпбалалы аналар өз жобаларын қорғап, осындай жеңілдіктерді пайдалана алады,- деді Айнұр Арғынбекова.

Отырыс соңында қатысушылар кеңес отырысын екі айда бір өткізуге уағдаласты.

Жадыра Төлегенқызы «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

12 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

13 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

16 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС