"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҚЫТЫН БОЗ КІЛЕМНЕН ТАПҚАН БАПКЕР

09.04.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Самбо саңлақтарының басын біріктірген байрақты бәсеке күллі қазақ Кераға деп құрметтейтін, «Самбо күресінің академигі» атанған Керей Қойшыбектің құрметіне арналды.

Қазақ самбосы жайында Керей Қойшыбексіз сөз қозғау әсте мүмкін емес. Самбо күресінен КСРО-ның спорт шебері, Қазақ КСР-не еңбек сіңірген бапкер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, ТМД бойынша еңбек сіңірген өнер және спорт қайраткері, Қазақ КСР-нің ағарту озаты сынды атақтарын айтпағанда, тәуелсіздіктің елең – алаң тұсында ұлттық құраманың екі шылбыр, бір тізгінін қолына ұстаған Керей Қойшыбекұлы 18 жыл бас бапкер болды. Осы аралықта самбо күресінен жастар мен ересектер арасында өткен дүниежүзілік жарыстарда баптаған талай шәкірттері жеңіс тұғырынан көрінді, жүлдегер атанды. Самбо күресінің бағына біткен бапкер әлі күнге дейін боз кілемнен алыстаған жоқ. Ардагерлер арасында самбо күресінен үш дүркін Әлем чемпионы атанса, дзюдо күресінен бір мәрте осы биікті бағындырды.

Семей спорт академиясының ұжымы, Шығыс Қазақстан облыстық «Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы» қоғамдық бірлестігінің бірлесе, ұйымдаса өткізген ел чемпионаты өте жоғары деңгейде өтті. Бұл ретте Мерейғалы Көшкінов, Қайрат Күнсафин, Зекен Шаймарданов, Пәрман Имаханов, Қайрат Чармұхаметов, Шалқар Жоламанов, Біржан Имаханов және Раушан Алпысбаеваның еңбектерін ерекше атап өткен орынды.

Жарыс басталардан бір күн бұрын Семейге «Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Рәпіл Жошыбаев келді. Семей спорт академиясына аялдаған Рәпіл Сейітханұлы жарыс өтетін орынды, безендіру, ұйымдастыру жұмыстарын көріп, жоғары бағасын берді. Осы жерде облыстық, қалалық федерациялар, команда жетекшілері, төрешілер және бапкерлермен кеңейтілген жиын өткізді. Мұнда бүгінгі самбо күресінің дамуы, қарқыны, аяқ алысы, бағыт – бағдары, кемшін тұстары, алдағы жарыстар жайы жан – жақты талқыланды.

Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлаған ұлан – ғайыр атыраптан 3 қала, 14 облыстың командасы жиналған соң, жарыстың салтанатты ашылуы 5 сәуір күні түс ауа өтті. Керағаның құрметіне арналғаннан кейін, ағайынды Талғат, Жанат Байшолақовтардан бастап Сәлкен Жартыбаев, Бауыржан Садыханов, әлемнің үш дүркін чемпионы Асхат Шахаров, әлемнің төрт дүркін чемпионы Ерболат Байбатыров, Фархат Әбдәлімов, Дінмұхамед Мүсірәлиев сынды еліміздің әр түкпірінде жүрген барша шәкірттеріне сауын айтылған еді. Ұстаздарының мерейін асырып, көңілін тасытып, көбі дүбірлі дүрмектің ортасынан табылды. Бапкер қашанда, қай жасқа келсе де кәсіби шеберлігін жоғалтып алмауы тиіс деген қағида ұстанатын Керей Қойшыбекұлы боз кілемге шығып, шеберлігін паш етті. Қол соқпаған, басын шайқамаған адам қалмаған болар. Жетпістен асқан шағында әлі бабында екенін байқатты.

Жарыстың ашылу салтанатына Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов арнайы келіп қатысты. Қазақы дәстүрмен Керей Қойшыбекұлының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

— Бүгін қасиетті Семей жерінде үлкен спорттық шарада кездесіп отырмыз. Осынау дүбірлі дода Керей Қойшыбектің құрметіне өткізілуде. Бұл жарыстың Семейде өтуі — заңды құбылыс. Бүгінгі жарысқа еліміздің барлық өңірінен бес жүзден астам спортшы қатысуда.

Себебі бұл топырақтан әлемге танымал талай балуан шықты,- деді Ермак Бидахметұлы өз құттықтауында.

Шәкірт жайында сөз қозғадық қой. Алыс – жақыннан ұстаз құрметіне алып–ұшып жеткен шәкірттері де Керағасын кезегімен құшаққа қысып, ыстық ықыластарын білдіріп жатты. Туып–өскен жері Тарбағатай ауданының халқы да құрмет көрсетті. Аудан әкімінің орынбасары Ержан Сабырбаев жерлестерінің сәлемін жеткізді. «Самбо саңлағы», «Самбо күресінің құрметті ардагері» төсбелгілері Керағаның шәкірттері мен бұрын күрескен самбо майталмандарына берілсе, «Самбо күресінің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» төсбелгісі қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүретін атымтай жомарт азаматтарға табысталды.

— Жарысқа ерлер, әйелдер және жауынгерлік самбодан 520 спортшы Семей төріне төселген кілемде бақ сынады. Олар 9 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарыстың басты мақсаты — 2019 – 2020 жылға команда жасақтау. Алда үлкен байрақты бәсекелер бар. Семейдегі барша ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Керей Қойшыбекұлының Семейдегі шәкірттерінің ұйымшылдығын көрдік,- дейді жарыстың бас төрешісі Әбдісадық Халилаев.

Кіл мықтыдан кім мықтыны анықтау үшін жарыс үш күнге жалғасты. Бағы жанғандар, бабы келіскендер жеңістің биік тұғырынан көрінді. Семей спорт академиясының шәкірттері Руслан Жарқынбаев 82 келі салмақта чемпион атанса, 68 келіде Төлеген Нұрғалиев қола медаль олжалады. Әйелдер арасында 72 келіде Зере Бектасқызы күмістен медаль тақты. Айтпақшы, Керағаның Семейдегі шәкірттері абсолюттік белдесу ұйымдастырды. Семейлік Руслан Жарқынбаев ақтық белдесуде қызылордалық Ғалымжан Әбдірахмановты қапы қалдырып, жеңімпаз атанды. Шымкенттік Нұрболат Майлыбаев қолаға қол созды.

Қ.ӘЛІМБЕК, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

04.11.2026
Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында су ресурстарының тапшылығын болдырмау және...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

04.11.2026
Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

Адам денсаулығы – қоғамның әл-ауқаты мен ел дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан медициналық көмекке қол жеткізу және денсаулықты қорғау мәселесі...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

04.11.2026
Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптары, валюталық түсімді...

Толығырақ...Details

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

36 секунд бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

12 минут бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

1 час бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

22 часа бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

24 часа бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

1 день бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

1 день бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

1 день бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС