"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС: КІМДЕР КЕЛІП, КІМДЕР КЕТТІ?

16.04.2019
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бұл апта аймағымызда бірқатар кадрлық ауыс-түйістермен  басталды. Облыс әкімі орынбасарының ауысуы, бірнеше ауданға жаңа әкімдердің тағайындалуы – кешелі-бүгін аймақта қызу талқыланып жатқан тақырыптар.

Кеше, 15 сәуір күні Аягөзде  Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің қатысуымен аудан активінің отырысы өтті.

Сонымен, Тарбағатай ауданын алты жылға жуық уақыт басқарған ДІЛДАБЕК ТӘЖІБАЙҰЛЫ ОРАЗБАЕВТЫҢ әкімдік қызметі енді аңыздар елі Аягөзде жалғасады. Аталған ауданды 2014 жылдың желтоқсан айынан бері басқарған БАҚЫТЖАН КӘКЕНҚАЖЫҰЛЫ БАЙАХМЕТОВ облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 1970 жылы Аягөз қаласында туған, елу жасқа дейін екі ауданды (Ұлан, Аягөз) басқарып үлгерген Бақытжан Байахметов үшін бұл лауазым жоғарылау ма, әлде… Бұл тұрғыдан бір жақты пікір айтқаннан гөрі Бақытжан Кәкенқажыұлының жаңа қызметіне табыс тілегенді дұрыс көріп отырмыз.

Жаңа басшыны Аягөз ауданы активімен облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің өзі таныстырып, алдағы жұмысына сәт сапар тіледі. Жасыратыны жоқ, Ділдабек Оразбаев 2013 жылы Тарбағатай ауданына әкімдік қызметке тағайындалғанда сырттан сынай қарағандар аз болмаған… Оңтүстік Қазақстанда туып-өскен азамат қысы қатты, негізінен, мал шаруашылығын кәсіп етіп отырған ауданды ұстап тұра ала ма деген күдік өз алдына, бұрын екі облыстың құрамында болған, біріне күле қарасаң, екіншісі жас баладай «бұртия» қалатын Тарбағатай мен Ақсуат аудандары халқының көңілінен шығу да оңай еместігі белгілі. Сонымен, «Артта қалған алты жыл және Ділдабек Оразбаев» деген тақырыпта не айтуға болады?

Елге етене жақын еңбекшіл басшы қай кезде де халқының құрметіне ие болатыны белгілі. Тарбағатай ауданын 6 жылға жуық басқарған білікті басшы Ділдабек Оразбаевтың елге сіңірген еңбегін бүгін көпшілік алғысқа лайықты жемісті жылдар деп бағалайды. Бүгін жайнап, жаңарған Тарбағатайда Ділдабек Оразбаевтың қалдырған қолтаңбасы ерекше. Ауданның гүлденуінде аянбай еңбек сіңірген бірегей азамат ауылды қаладай етіп көріктендірді, халықтың әлеуеті артты, тұрмысы түзелді. Ділдекеңнің басшылығымен атқарылған ауқымды істер мен қолға алынған жүйелі жобалар нәтижесіз болған жоқ. Жергілікті халық осы уақыт ішінде Дідабек Тәжібайұлының іскерлігі мен біліктілігіне тәнті болды.

1961 жылы дүниеге келген Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном және Алматы экономикалық университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты,  «Құрмет» орденінің иегері Ділдабек Оразбаев — Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Әр жылдарда колхозда бас агроном, колхоз бастығы, салық комитетінде жауапты қызмет атқарды. Бизнес саласында  жұмыс істеді. Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, департамент директорының орынбасары, басқармасы басшысы лауазымында еңбек етті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Шығыссушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына да сайланды.

2013 жылдың 28 маусымынан Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Егер осыдан 6 жыл бұрын біреу Ақсуаттың көшелерінде раушан гүлдері жайқалып тұрады десе, сенер ме едіңіз? Ділдабек Оразбаев Тарбағатай ауданының тарихында құлазыған тақыр даланы гүлмен көмкеріп, ғажайып бау-бақшаға айналдырған әкім ретінде қалары сөзсіз. Облыстарды оңтайландыру кезінде біріккен бұрынғы Ақсуат пен Тарбағатай аудандарын алаламай, құстың қос қанатындай қатар әлдилеген Ділдабек Оразбаев халықтың ақ батасын алып аттанды. Тарбағатай ауданының халқы о баста Ділдабек Тәжібайұлын жатырқап қарсы алғанымен, кетерде қимастықпен шығарып салды деп естіп жатырмыз.

Аягөз де үлкен аудан. Бұл жақта да жұмыс аз емес. Шұбартаудың да шешуді қажет еткен проблемалары шаш етектен… Ендеше, Ақжар мен Ақсуатты бөлектемей, ел бірлігін абыроймен сақтай білген, Аягөзге халықтың алғысын арқалап барған Ділдабек Тәжібайұлы Бақытжан Байахметовтің істеп үлгермеген жұмыстарын табысты жалғастыратынына күмән жоқ.

Тарбағатайға жаңа тағайындалған басшы СЕРІКҚАЗЫ ҚҰСАЙЫНҰЛЫ СӘДУАҚАСОВ — 1961 жылы Үржар ауданында туған. Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша тамамдаған.

С.Сәдуақасов өзінің еңбек жолын Үржар ауданының «Красные Горные Орлы» ұжымдық шаруашылығында ветеринариялық учаскенің меңгерушісі болып бастап, аталған ауданның «Красные Горные Орлы» ұжымдық шаруашылығының  бас мал дәрігері, ауыл шаруашылық басқармасының бас мал дәрігері, «Жанай» атындағы қосалқы шаруашылықтың басшысы, Үржар ауданының «Красный дозор» ұжымдық шаруашылығы төрағасы, «Жаңа — тілек» ЖШС-нің басшысы, Үржар аудандық ветеринариялық станциясының бас мал дәрігері, аудандық аумақтық басқармасының басшысы, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, 2014 жылдан әкімдік қызметке тағайындалғанға дейін Үржар ауданы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары қызметін атқарды.

Серікқазы Құсайынұлы — өмірдің ыстық-суығын бір кісідей көріп, тағылым түйген, ауыл шаруашылығы саласының жілігін шағып, майын ішкен, аудандық деңгейде жауапты қызметтер атқарып, әбден ысылған маман. Даниал Кенжетайұлы шаруақор, жұртқа жұғымы бар Серікқазы Сәдуақасовты үлкен аудан Тарбағатайға әкім етіп тағайындау арқылы зор сенім артқаны белгілі.

Ф.б. әлеуметтік желісіне Мақсат Әубәкіров атты азамат: «Азаматы мен әкімінің қадірін білетін Тарбағатай еліне Ділдабектен де жайлы, Оразбаевтан да мықты, оңтүстіктің самалы мен Ақсуаттың боранын жайма-шуақтай білетін, бұрынғы әкімнің ісін жоққа шығармайтын азаматтың келуіне тілектеспін. Ділдабек бауырға жаңа жұмысында табыс тілеймін. Аңыздар мен абыздар елінде атқарар жұмысыңыз табысты болсын! Қозы Көрпеш — Баян сұлу мавзолейін әлемдік туризмге айналдыруға атсалысады деп сенеміз!»- деген жазба қалдырыпты.

Мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылдар бойғы тәжірибесі мен ауыл шаруашылығын жетік білетін маман екендігін ескерсек, Серікқазы Құсайынұлы Тарбағатай өңірінің экономикасын өрге сүйреп қана қоймай, ауданның рухани өміріне де тың жаңалықтарымен үлес қосар деген сенімдеміз.

Шығыстың қақпасы Зайсан ауданында наурыз айынан бері бос тұрған әкімнің тағына бұрын аймақ басшысының орынбасары қызметін атқарып келген СЕРІК ҚАСЫМБЕКҰЛЫ АҚТАНОВ отырды.

Сонымен, Зайсанға өзінің тағы бір перзенті басшылыққа келді. Серік Қасымбекұлы Ақтанов 1960 жылы  дүниеге келген.  Өскемен құрылыс-жол институтынан «Автомобиль жолдары» мамандығын алған, Мәскеу автомобиль-жол институтының аспирантурасын тамамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты. 2016 жылдың желтоқсан  айынан бастап ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бұрынғы қызметінде облысты жылу беру маусымына дайындау және күз-қыс мезгілдерінде тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің мәселелерімен, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторы, тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым саласы бойынша қызметтерді үйлестірумен айналысқан.

Серік Қасымбекұлы облыс әкімінің орынбасары қызметінде жаны тыныш  болды деуге келмес. Әсіресе өткен 2018 жылы аймағымызда жазғытұрым қар еріп, Семей, Өскемен, Шемонайха, Зырян, Бесқарағай, Глубокий, Аягөз сияқты аудандарда су тасқыны мен сел жүру қаупі күшейген сәттерде ұйқысыз түндерді бастан кешіріп, етігімен су кешкен орынбасар да осы Серік Ақтанов болатын.

Аса үлкен аудан болмағанымен, Зайсанды басқару оңай емес. Көңілінен шықпаған басшыны тәртіпке шақыруда жергілікті халық өте белсенді… Біздің байқауымызша, қазір Зайсан аудандық әкімдігінде білікті кадрларға тапшылық бар. «Іс тетігін кадр шешеді» деген қағида тұрғысынан қарасақ, осы кемшілік нәтижелі жұмысқа көп қолбайлау болып отырған сияқты. «Аққу,  шортан  һәм  шаян» атты  мысалдағыдай, атқарушы билік пен өкілетті билік арасындағы көрпені әркімнің өзіне қарай тарту үрдісі де істің дұрыс нәтиже беруіне кері әсерін тигізіп отырған себептердің бірі ме, кім білсін?..

Ендеше, жаңа тағайындалған әкімнің алдында жайлы зонада жайбарақат күйге еніп, маужырап, қалғып кеткен жергілікті атқамінерлерді оятып, жұмысты тәртіпке келтіру міндеті тұр.

Облыс басшысы әкімді «Сен ана жерге барып отыра тұр» деп тағайындамайды. Аудан әкімінің лауазымы — күні-түні жұмыс істеуді қажет ететін мазасыз қызмет. Тағайындалған басшылардың қай-қайсы да тәжірибелі, бірі облыстық, енді бірі аудандық деңгейде жауапты қызметтер атқарған, халық арасында абыройлы азаматтар. Жаңа әкімнің келуіне байланысты аталған аудандардың халқы алда болар жақсы өзгерістерден үміттеніп, ел болашағына қатысты әртүрлі болжамдар жасап жатқандары да белгілі.

Ең бастысы, қоғам әкімді өзіне жүктелген жауапкершіліктен қорықпайтын, халыққа жақын, білікті басшы деп сенуі керек. Ал бүгін жаңа тағайындаулар табысты болсын деп тілейік.

Риза АСАНҚЫЗЫ, ШҚО мәслихатының депутаты.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел

16.02.2026
Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел

Шәкәрім университетінде «2026 жылғы Конституциялық реформа: халық таңдауы және тарихи жауапкершілік» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел отырысы өтті. Оған университеттің профессорлық-оқытушылар...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда

13.02.2026
Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда

​Бүгін Абай облысында жетекші қоғамдық-саяси күштердің қатысуымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция аясында өңірлік коалиция...

Толығырақ...Details

Студенттермен кездесуде жаңа Конституция жастарға елеулі мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді

13.02.2026
Студенттермен кездесуде жаңа Конституция жастарға елеулі мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді

13 ақпанда Maqsut Narikbayev University қабырғасында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері мен оқу орны базасында...

Толығырақ...Details

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

13.02.2026
Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мади Мырзағараев сөз сөйлеп, жаңа...

Толығырақ...Details

Динара Шукижанова: Новая Конституция создает прочную основу для развития бизнеса

13.02.2026
Динара Шукижанова: Новая Конституция создает прочную основу для развития бизнеса

Казахстанский бизнес сегодня работает в условиях высокой глобальной конкуренции, технологических изменений и внешних вызовов. По словам Президента АО «АгромашХолдинг KZ»...

Толығырақ...Details

Республика көлемінде «Шекара аруы – 2026» бейнебайқауы өтуде!

13.02.2026
Республика көлемінде «Шекара аруы – 2026» бейнебайқауы өтуде!

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2026 жылдың 10–23 ақпан аралығында шекарашылардың жұбайлары арасында республикалық «Шекара аруы – 2026»...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел

2 часа бұрын

Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда

3 дня бұрын

Студенттермен кездесуде жаңа Конституция жастарға елеулі мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді

3 дня бұрын

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

3 дня бұрын

Динара Шукижанова: Новая Конституция создает прочную основу для развития бизнеса

3 дня бұрын

Республика көлемінде «Шекара аруы – 2026» бейнебайқауы өтуде!

3 дня бұрын

Семейде кәсіпкерлікке қатысты конституциялық өзгерістер талқыланды

3 дня бұрын

Шалқар Байбеков Әуезов колледжінде Конституциялық реформа және референдум жайын түсіндірді

3 дня бұрын

Алдағы референдум Абай облысында педагогикалық қауымдастықпен талқыланды

3 дня бұрын

Қауіпсіз орта қалыптастыру жолындағы жаңа қадам

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС