"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕМ МЕН БЕСІКТІ ҚАТАР ТЕРБЕТКЕН аяулы жандарға құрмет көрсетілді

25.02.2014
ӘЛЕМ МЕН БЕСІКТІ ҚАТАР ТЕРБЕТКЕН аяулы жандарға құрмет көрсетілді
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Адамзат баласына өмір сыйлайтын аяулы да қымбатты жан- ана бейнесі ақындар жырларына арқау, жазушылар шығармаларына кейіпкер болған. Жүрсін Ермановтың  «Қай жерде, мейлі, қай елде, Әлемнің мәні — әйелде. Мықтымын десең ойыңды, Әйелге барып дәлелде» деп жырлауының өзі нәзік жандылардың, сайып келгенде аналардың қоғамдағы рөлін аңғартатындай.

 

«…Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» – деп М.Әуезов халыққа ой тастаған. Иә, халықтың әл-ауқатының көрсеткіші ана мен баланың жағдайы іспетті. Бұл орайда мемлекет басшысы да ана мен балаға барынша жағдай жасап, жан-жақты қолдау көрсетуде. Елбасының үстіміздегі жылдың 21 қаңтарындағы №736 Жарлығымен өткен жұма күні қалалық әкімдікте бірқатар аналарға «Күміс алқа» төсбелгісі тапсырылды.

Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен аналарды марапаттау рәсіміне қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Қалиас Жұмабай қатысты. Қаламыздан Майраш Олжаева, Жанар Кұрманболатова, Гүлнар Тырнаханова, Абыралы ауылдық округінен Ләззат Акимова, Таңат ауылдық округінен Гүлжанат Мұқашева сынды аналарға Елбасының қолтаңбасы қойылған кітапша мен «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстаған қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева аналар атына жылы лебізін білдіріп:

 

{jcomments on}- «Ең әдемі әйел – өмірге көп бала әкелген ана» деген халқымыз.  Сіздер өмірге ұрпақ әкеліп, сұлулыққа бөленіп, олардың қызығын көріп отырсыздар. Халқымыз «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады», «әр баланың өз ырызығы бар» деген. Балаларыңыздың қызығын көріңіздер. Отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Қала әкімі Айбек Кәрімовтің атынан, өз атымнан сіздерді  құттықтаймын! – дей келе, бүгінгі таңда қаламызда «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған 2500-ден аса аналар бар екенін, өмірге көп бала әкеліп, еліміздің демографиялық дамуына атсалысып жатқан ана-ларға мемлекет тарапынан қолдау зор екендігін де айтып өтті.

 

Өз кезегінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Қалиас Жұмабай былтырғы жылы мемлекеттен  аналарға ай сайын 10500 теңге көлемінде жәрдемақы беріліп келсе, Елбасы Жолдауына сәйкес, 7 пайыз үстемемен биыл 11 282 теңге берілетіндігін, зейнет жасындағы аналарға зейнетақыға үстеме  қосылатынын, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні және 1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай қала әкімдігі тарапынан 5 мың теңге сыйақының берілетіндігін де атап өтті.

Марапатқа ие болып отырған 60-тың асқарына шыққан Майраш апа 6 құрсақ көтерген, тұла бойы тұңғышы орда бұзар отыздың бесеуіне, сүт кенжесі жиырманың үшеуіне толыпты. Ал, ең жас «Күміс алқа» иегері Гүлнар Тырнаханова 33 жаста. Ол да 6 балаға әлемнің жарығын сыйлаған.  Балаларының үлкені алғашқы мүшел жаста болса, кенжесі 1 жастан асқан сәби. Аналар өздеріне көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, қолдау танытып отырған мемлекет басшысына, қала әкіміне алғыстарын айтты.

«Сіздердің балаларыңыз «Мәңгілік Елде» өмір сүретін, сол елді гүлдендіретін болады», — деген қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов:

— Саналы ұрпақ тәрбиелеп, қатарынан қалдырмай, жеткізу оңай шаруа емес. Сіздердің сыртқы бейнелеріңізге қарап отырып, жолдас-тарыңыздың сіздерді сыйлап, күтетіндіктеріне көз жеткізгендей болып отырмыз. Әкелерге мың ал-ғыс, — дей келе, бүгін «Күміс алқа» иеленген аналар ертең «Алтын алқа» төсбелгілерімен марапатталсын, — деген тілегін жеткізді.

Жиын соңында З.Исабаева: «Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуымыз үшін Елбасымыз «ұрпақтарымыз  белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар болуы керек» деген болатын. Сол білімді, денсаулығы мықты азаматтарды бүгін сіздер тәрбиелеп отырсыздар. «Мәңгілік Елдің» ұрпақтары мәңгі жасасын», — деп жиынды қорытындылады.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

13 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

13 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

17 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС