"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«РУХТЫ ШЫҒЫС» ЖАСТАРДЫ РУХТАНДЫРДЫ

18.04.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығына арналған «Рухты Шығыс» атты жастардың art-фестивалі болып өтті.  Үш күнді қамтыған осынау шараға студенттер мен жоғары сынып оқушылары, «Жас қанат» жастар ұйымының мүшелері, жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.

Аталмыш шара бірнеше мақсатты көздейді. Бірінші кезекте жастарды қоғамдық жұмыстардың маңыздылығын түйсінуге, оған белсенді түрде атсалысуға шақыру, сондай-ақ жастар бойындағы ұлтжандылық сезімдерін, өнер мен рухани-мәдени құндылықтарға қызығушылықтарын арттыру болатын.

Жастар фестивалінің алғашқы күнінде барша жас буын өкілдері Ертістің ортасындағы Бейбітшілік аралында жиналып, кең көлемде сенбілік өткізді. Оған жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының белсенділері, ауылдар мен қала жастары және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен өнер әлемінде жүрген жас буын өкілдері белсене қатысты. Олар арал ішінде тек тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қойған жоқ, болашақтың игілігі үшін тал көшеттерін де отырғызды.

Ал art-фестивальдың салтанатты ашылу рәсімі апта дүйсенбісінде, сәске әлетінде шаһар орталығындағы Абай алаңында, ұлы хакім ескерткішінің алдында болып өтті. Бұл шараға да жастар мол жиналды. Жас әншілер хорының орындауындағы Абай әнімен ашылған салтанатты жиында құттықтау лебіздерге де кезек берілді. Көпшілік алдында жастар ұйымының белсенділері жалынды сөз сөйлеп, барша замандастарына игі тілектерін білдірді. Елбасы Н.Назарбаевтың жастарға арнап айтқан өнегелі сөзін есте ұстап, ғылым мен білімге ұмтылу, жаһандық бәсекелестікке қабілетті болу жолында еңбектегі белсенділікті арттыруға шақырды.

Фестиваль аясында бірқатар аталымдық жобалар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайында танымал ақын, белгілі сазгер, аудармашы, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабек жастар қауымымен кездесіп, өлеңге құмар студенттер мен оқушылардың көкейінде жүрген сан түрлі сұрақтарға  жауап берді. Кездесу жиыны еркін форматта өткендіктен де мейлінше тартымды әрі қызықты өрбіді. Аталмыш басқосуға облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова да қатысты.

— Менің өнерге деген талпынысым кішкентай кезден басталды. Өзімнен үлкен домбыраны қолыма алып, иіріміне еріп өзімнің талантымды таныта бастадым. Кейіннен сол талпынысым мені біртіндеп ақындық әлеміне алып келді. Менің шығармашылық жолымдағы жеткен әр жетістігім еңбек пен төзімнің арқасы деп білемін. Ал жастар сендерге айтар ақылым — әр бастамаларыңа немқұрайлы қарамасаңдар екен. Адам өзін сыйламай, өзгені сыйлата алмайды. Өзі еңбек етпесе, ешкім еш нәрсе әкеліп бермейді,- деді  өмірлік тәжірибесімен бөліскен Ержан Жұмабек.

Сонымен қатар жүздесу барысында қаламыздағы Ержанның өзі білім алған ҚазИГЗУ студенттері жас ақынның жеке өміріне, шығармашылығына қатысты түрлі сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды. Достық, махаббат, сыйластық тақырыптары ғана емес, жетістіктерге қалай қол жеткізу керек, қазіргі қазақ әдебиетінің жай-күйі қандай, жаңа заман жастарына қандай бағытты ұстану қажет деген сұрақтар төңірегінде де тамаша пікір алмасулар мен сұрақ-жауап түрінде мазмұнды әңгіме өрбіді.

Сөзге шешен, тілі жатық жүргізуші Олжас Соғымбай кеш қонағына мәнді де мағыналы сұрақтар қойып, емін-еркін пікір алмасу өткізді. Ал Ержанның туған жері, өскен ауылы туралы үлкен тебіреніспен оқыған өлеңдері жастарға ерекше сезім сыйлады. Туған інісі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы Қуаныш Жұмабекпен бірге ауылда өткен балалық шақтары туралы тәтті естеліктерін ортаға салып, студенттерді бір-біріне бауырмал болуға шақырды. Кездесу ұлттық Ғашықтар күні — 15 сәуірде ұйымдастырылып отырғанын ескеріп, студент кезіндегі алғашқы махаббатына арнаған «Жол» атты өлеңін көпшілікке тарту етті.

Қазіргі таңда Алматы қаласында тұратын жерлесіміз Ержан Жұмабек елімізге әйгілі танымал әншілермен шығармашылық байланыс орнатқан, әндерінің сөзін жазып, талғампаз тыңдаушының көңілінен шығуда. Сонымен қатар Ержанның жеке шығармашылық қорындағы бірқатар өлеңдері бауырлас түрік тіліне аударылыпты.

Пікір алмасуға жиналған жастар ақынның кейінгі кездегі аудармаларына да қызығушылықтарын танытып, салмақты сұрақтар қойды.

— Қай елде білім алып, қай жерде тұрсам да, Қазақстан әрдайым менің жүрегімнің төрінде. Ұлтқа қызмет қылайық!- деп қорытындылады кездесуді Е.Жұмабек.

«Рухты Шығыс» фестивалі аясында Семей медицина университетінде де жастар үшін маңызды шаралар өткізілді. Мұнда қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен шаһар жастары «Халықаралық жасыл технологиялар және инновациялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорының орынбасары, халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы, физик-ғалым Серік Амангелдіұлы Нұркенмен кездесті.  Бұл шара әсіресе ғылым саласына қызығушылық танытатын өскелең буын үшін ерекше әсер қалдырғаны анық. Кездесу барысында ғылыми ізденістер, шетелде білім жетілдіру, жаңа технологияның игіліктері ортақ әңгіме өзегіне айналды.

Бұл күнгі бағдарлама аясында сонымен қатар Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте Шемонайха ауданы Усть-Таловка кентінің «Театр өнері» пәнінің оқытушысы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы Алифанов Валентин Игорьевичпен де жүздесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуге де жастар көп жиналды. Валентин Игорьевич «Актерлік шеберлік» мамандығы студенттеріне шеберлік сағатын өткізіп, жастар тарапынан қойылған сан сұраққа толыққанды әрі нақты жауап берді. Театр өнеріне қызығатын жастардың сауалдары да көп екен.

Аrt-фестивальдың іс-шаралар бағдарламасы мазмұнды әрі қызықты кездесулерге толы болды. Солардың ішінде қазақ күресі палуаны, ауыр салмақтағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Әлем Барысы» чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Қазақстан Барысы» және әлемдік дода — «Еуразия Барысы» турнирлерінің жеңімпазы Айбек Нұғымаровпен өткен мәнді кездесуді ерекше атап өтуге болады. Қаламыздағы Электротехникалық колледжде өткен бұл жүздесуді мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, жас та болса сөз зергері атанған танымал ақын Мерей Қарт жүргізіп отырды.

Көпшілік алдында сөз алған Айбек жастарды еліміздің жарқын болашағын бірлесіп қалауға шақырды. «Ол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, мемлекетшіл, ұлттық құндылықтарды қадірлей білетін өнегелі азамат болуға ұмтылу керек, сонда ғана еліңе пайдаңды тигізе аласың» деген ойын білдірді атақты спортшы. Сонымен қатар даңқты балуан өзінің жеңісті жолы мен осынау күрделі спортты меңгерудің қыр-сырына да тоқталып өтті.

— Спортшының басты арманы — жеңіс тұғырынан көріну. Менің де бала кезден бергі басты арманым сол болды. Рас, спортшылар да сайысқа түсер алдында немесе жеңіс тұғырына көтерілген сәтте сезімге беріледі. Ішкі эмоциялық толқынысты айтып жеткізу мүмкін емес кездер болады. Сондай сәттерді әсіресе әлем чемпионаты мен Азия біріншіліктерінде сынға түскен кездерде бастан кешірдім,- деді Айбек өз сөзінде.

Сол тәрізді фестиваль аясында қаламыздағы Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайында өткен талантты жас суретші, халықаралық «Zhas project» жастар жобасының жеңімпазы Ольга Чавкинаның шеберлік сыныбын айта кету ләзім. Бұл шараға бейнелеу өнеріне әуестігі бар жастар жиналған болатын. Өз тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестер берген Ольга мықты кескіндемеші болудың құпияларын айтып, сурет өнерінің қыр-сырымен таныстырды.

— Бұл кездесулерді ұйымдастырудағы басты мақсатымыз — өнердің әр саласында жетістікке жеткен өңірдегі білімді, өнерлі, талантты, спортшы жастарды қолдау, көпшілікке үлгі ету, жас ұрпақты қиындықтан қашпауға, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үндеу,- дейді қаладағы Жастар ресурстық орталығының басшысы, белсенді жас Олжас Соғымбай.

Жалпы, art-фестиваль аясында өткізілген шеберлік сыныптар мен диалог алаңдарына екі мыңнан аса жас қатысыпты.

Фестиваль аясындағы шаралар қалалық Мәдениет сарайында да жалғасын тапты. Мұнда тақырыптық алаңдар ұйымдастырылып, рухани-мәдени тұрғыдағы ұлттық һәм әлемдік деңгейдегі құндылықтар дәріптелді.

Десек те аrt-фестиваль көрігін ұлттық ойындар мен билер қыздырды. Қалалық Мәдениет сарайының аумағына жиналған жастар бірнеше тақырыптық алаңдарға бөлініп, қазақтың ұлттық ойындарына қатысып, караокеде сүйікті әндерін шырқауға мүмкіндік алды. Ал «Домбыра party» аясында танымал қазақ күйлерін орындады.

Аталмыш шара барысында қаламыздағы арнаулы білім беретін іргелі оқу орындарының студенттері айрықша белсенділік танытқанын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ аспаздық байқау да ұйымдастырылды. Бұл сайыста үй шаруасындағы бұрымдылар ерекше көзге түсті. Олар 10-нан астам қазақтың ұмыт қалған ұлттық тағамдарын таныстырды. Фестивальға қатысушыларға бауырсақ пен еттен әзірленген тағамдар ұсынылды.

— Бұл ауқымды шараның жастарға берері көп деп ойлаймын. Ұлттық өнеріміз, ұлттық құндылықтарымыз насихатталуда. Бір-бірімізбен еркін пікір алмасып, ойларымызды ортаға салуға мүмкіндік алдық. Ержан Жұмабек сынды табысты жастармен жүздесіп, серпіліп қалдық. Маған әсіресе ұлттық ойындар мен «Домбыра party» алаңы ұнады. Достарымызбен бірге төрт алаңға да қатысып, бәрін көріп жатырмыз. Оның үстіне бүгін «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» — ғашықтар күні. Барлық жастардың сүйгендерін адаспай табуларына тілектеспін, — дейді шараға қатысушы Арайлым Жұмаділова.

Үш күнге созылған аrt-фестиваль «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» — ғашықтар күніне арналған мерекелік концертпен қорытындыланды. Гала-концертке «Пражские шедевры» халықаралық фестиваль-конкурсының жеңімпазы Татьяна Куропаткина, «Х-фактор» жобасының жеңімпазы Евгений Выблов және «Жас қанат» байқауының бас жүлдегері Парасат Отан қатысты.

Фестиваль соңында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова барлық жастарға белсенді қатысқандары үшін мақтау қағазы  мен алғыс хаттар табыстады.

«Рухты Шығыс» аймақ жастарын шығармашылық тұрғыдан да қанаттандырғаны анық. Ағымдағы жылы «Абай әлемі» жобасы аясында жас ақындар мен жазушылардың туындылары жарық көретін болады. Сонымен қатар дарынды жас суретшілер «Арт ZAMAN» жобасына қатысып, өздерін танытуға мүмкіндік алады.

Қ.ӘЛІМБЕК, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысына қоныс аударушылар легі артып келеді

25.11.2025
Абай облысына қоныс аударушылар легі артып келеді

Semeytany.kz – 2025 жылға арналған ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында Абай облысына көшіп келетіндерге 499 адамға квота белгіленген. Оның...

Толығырақ...Details

Семей қаласында 35 мыңнан астам адам тұмауға қарсы егілді

25.11.2025
Семей қаласында 35 мыңнан астам адам тұмауға қарсы егілді

Эпидемиялық маусым басталғалы қалада 24 458 жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) және тұмау жағдайы тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

25.11.2025
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Салтанатты рәсімде Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жаңа тұрпаттағы беделді саяси қайраткер, Түрікменстанның мемлекеттілігін, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық аренадағы орнын дәйекті...

Толығырақ...Details

Қазақстан-Түрікменстанның сауда-экономикалық ынтымақастығын күшейтуге елеулі әлеует бар — Тоқаев

25.11.2025
Қазақстан-Түрікменстанның сауда-экономикалық ынтымақастығын күшейтуге елеулі әлеует бар — Тоқаев

Қазақстан Түрікменстан экономикасына 150 млн доллардан астам инвестиция салды. Бұл туралы Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен...

Толығырақ...Details

Түрікменстан Президенті «Алтын қыран» орденімен марапатталады

25.11.2025
Түрікменстан Президенті «Алтын қыран» орденімен марапатталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 желтоқсанда Ашхабадта өтетін Халықаралық бейбітшілік және сенім форумына қатысады. Бұл туралы Қазақстан Президенті елімізге мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді

25.11.2025
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент еліміз Түрікменстанды стратегиялық серіктес, бауырлас мемлекет, ең...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысына қоныс аударушылар легі артып келеді

13 часов бұрын

Семей қаласында 35 мыңнан астам адам тұмауға қарсы егілді

14 часов бұрын

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

16 часов бұрын

Қазақстан-Түрікменстанның сауда-экономикалық ынтымақастығын күшейтуге елеулі әлеует бар — Тоқаев

16 часов бұрын

Түрікменстан Президенті «Алтын қыран» орденімен марапатталады

16 часов бұрын

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді

16 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентін Ақордада қарсы алды

16 часов бұрын

Рәсімдерді оңайлату және тауар айналымын жеделдету: Қазақстанда кедендік  әкімшілендіру қалай жұмыс істейді

17 часов бұрын

Ninety One тобының әншісі Азамат Ашмақын отбасында үлкен қуаныш

20 часов бұрын

Абай облысында азық-түлік қауіпсіздігін арттыру шаралары қаралды

21 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС