"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СТУДЕНТТЕР МЕН ОҚУШЫЛАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

18.04.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Дүйсенбі, 15 сәуір күні Электротех-никалық колледждің WorldSkills алаңында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының «Digital tаlks» партиялық жобасы аясында студенттер мен оқушылар өзара тәжірибе алмасты. Кездесуге «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері, оқушылар және студенттер қатысты.

Елбасының «Цифрлық Қазақстан» жобасын өңірлерде жүзеге асыру мақсатында «Жас Отан» жастар қанатының «Digital tаlks» атты партиялық жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты – Елбасы бастамасына  қолдау білдіріп, оның маңыздылығын насихаттау, жастар арасында 3D модельдеу, робототехника, ІТ-технология салаларын дамыту.

— Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы халықтың өмір сүру деңгейін жоғары сатыға көтеріп, көптеген әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуға заманауи тұрғыдан мүмкіншіліктер жасайды. Алдымызда дамыған отыз елдің қатарына ену мақсаты тұр. Сондықтан уақыттың үдесінен шығу үшін ІТ-технологияны дамытып, жаңа талаптарға сай біліммен қарулануымыз керек.  Жастар бұл жауапкершілікті жақсы түсінеді.  Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен әр мектепте робототехника кабинеттері ашылып, оқушылардың жаңа технологияларды меңгеруіне жол ашылды. Ал «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда Электротехникалық колледж жанынан ашылған ІТ орталықтың маңызы ерекше. Мұнда кез келген қала тұрғынына есік ашық, — дейді «Жас Отан» жастар қанатының Семей қалалық филиалы жетекшісі Алмас Айтмұқаш.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты»,- деп бағдар берген болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында оқу орны директоры Азат Сарпековтің бастамасымен және «Nur Otan» партиясының қолдауымен Электротехникалық колледж базасында Wordskilles алаңы мен ІТ-орталық құрылып, қала тұрғындары мен жастарға, мұғалімдерге тегін білім берілуде.

— «Nur Otan» партиясы мен аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қолдауымен қаламыздағы әр мектепте ІТ-кабинеттер ашылды. Мұнда біз F3 жинағындағы Lego құрылғылары арқылы роботтар құрастырамыз. Облыстық жарыстарға да қатысып, жақсы жетістіктерге жетіп жүрміз. Бүгінгі тәжірибе алмасу алаңына «Гонка по линий» деген роботтарды алып келдік. «Гонка по линий» роботы қара түсті жолақпен жүреді. Ол ультрадыбыс арқылы қарсыласын көріп, оны алаңнан итеріп тастауы керек. Робот алаңнан шықпас үшін қара түс қойылады. Қара түсті көргенде қайтадан алаңға оралады. Қарсыласын бірінші болып алаңнан шығарған робот жеңіске жетеді. Тағы бір жарысымыз «Кегл-ринг» деп аталады. Мұнда да робот кеглдарды көріп, алаңнан шығарып тастауы керек,- дейді Семей қаласындағы жалпы орта білім беретін №22 мектептің 7 сынып оқушысы Заңғар Берікханов.

Диалогтік алаң барысында №15, 22, 26 жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары роботтарын таныстырып, олардың қозғалыс және жұмыс істеу тәртібін түсіндірді. WorldSkills аудиториясындағы 3D модельдеу, робототехника жəне бағдарламалау құрылғыларымен, колледж студенттерінің еңбектерімен танысты.

Кездесу соңында оқушыларға «Жас Отан» жастар қанатының алғыс хаттары табысталды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС