"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЗАМАТТЫҚ БОРЫШҚА АДАЛДЫҚ

23.04.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның бейсенбісі, 18 сәуір күні Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ерлік пен Еңбек даңқы» бөлімі Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, жылдағы дәстүр бойынша, Қалалық Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылушыларға арналған «Әскерге шақырылушылар күні» атты кеш өткізді.

Шараның мақсаты – болашақ сарбаздарға құрмет көрсетіп, жасөспірімдерді қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

— Семей қаласының Қорғаныс істер жөніндегі басқармасыСемейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерімен бірлесе отырып жылына екі мәрте, көктемгі және күзгі әскерге шақыру маусымында, Әскерге шақырылушылар күнін салтанатты түрде атап өтеді. Мұндағы мақсатымыз — әскери қызметті насихаттау және әскерге шақырылушылардың патриоттық сезімдерін арттыру. Қаламызда әскерге баруға өтініш білдіруші жастар саны артып келеді. Теңіз флотына, шекараға, әуе қорғаныс істеріне сұранатын жігіттер көп. Қазір елімізде әскери салада қызмет етушілерге барынша қолдау көрсетіліп жатқанын жақсы білесіздер. Сол себепті әскери қызметке деген қызығушылық та жоғары. Екінші жағынан, әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеп қайту – кез келген азамат үшін үлкен абырой,- дейді Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі инспекторы Кенжебай Бердікенов.

Көктемгі әскерге шақыру наурыз-маусым, ал күзгі әскерге шақыру қазан-желтоқсан айлары аралығында жүзеге асады. Әскерге отбасын құрған, оқу оқып жүрген жастарды қоспағанда, 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақырылады. Солардың бірі – Әлихан Несипбаев. Ол зымыран әскері және артиллерия саласында борышын өтеуді құп көрген екен.

— Отанын қорғау – әрбір ер жігіттің міндеті, киелі парызы. Отан алдындағы борышымды өтеп, әскери қызметте істеуді көптен бері армандайтынмын. Әр солдаттың арманы генерал атану десек, мен де сол күнге жеткім келеді. Отаныма ақтық деміміз қалғанша қызмет етуге дайынмын. Ер жігіттің басына нелер келіп, не кетпейді. Біз бәріне дайын болып, сынақтарды көтере білуіміз керек,- дейді Әлихан.

Республикамызда әскери саланы жастар арасында насихаттау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Солардың бірі «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны биыл қаламызда бесінші мәрте ұйымдастырылды. Елімізде әскери қызметкерлерді баспанамен қамту, тегін медициналық тексеру сынды бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған.

Салтанатты кеш барысында әскерге шақырылушылар мен қала мектептерінің оқушылары және колледж студенттері Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, интернационалист жауынгерлермен, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерімен кездесіп, ақыл-кеңестерін тыңдады.

Кеш Қалалық Мәдениет сарайы өнерпаздарының концертіне ұласты.

Айта кетейік, қаламыздан жылына 500-ге жуық жас әскер қатарына алынады.

Ж.ТӨЛЕГЕН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

2 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

2 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

2 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

3 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

3 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

4 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы

«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

e-mail:
info@semeytany.kz

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.

Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС