"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«НЕВАДА — СЕМЕЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНА 25 ЖЫЛ

25.02.2014
«НЕВАДА — СЕМЕЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНА 25 ЖЫЛ
49
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында халықаралық антиядролық «Невада-Семей » қозғалысының қалыптасуы, атқарған шаруалары, жеткен жетістіктері жайлы сөз қозғалған дөңгелек үстел басындағы бас қосу өтті. Кездесуге ғалымдар мен қозғалыстың белсенді мүшелері, оқу орындарының студенттері қатысты.

 

Осыдан 25 жылдай бұрын Семей ядролық полигонында соңғы рет сынақ жүргізіліп, жарылыстар тоқтатылды. Халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрыл-ғанына сонша уақыт болды. Полигон – 40 жыл-ғы азапқа толы халқымыздың қасіреті, басынан кешкен трагедиясы. Тағдырдың жазуымен туған жеріміз ядролық сынақтарды өткізу алаңы ретінде таңдалып алынды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумағы мұқият зерттеліп, нәтижесінде полигонды Семей қаласынан 130 шақырым қашықтықта салу туралы шешім қабылданды. Сынақ алаңының құрылысы 1947 жылы басталды. Екі жыл бойы дайындық жұмыстары жүргізіліп, құпияландырылған әскери бөлімдер Курчатов қаласында орналасқан штабтың құрылысы мен оны қамтамасыздандыру шараларын жүзеге асырды. Осы уақытта кеңес одағы ғалымдары жаңа ядролық қаруды жасап шығару жолында тынбай жұмыс жасап жатты.

Екі жылғы жұмыстың нәтижесінде ядролық қарудың сынағы өткізілді. 1949 жылы тамыз айының 29-ы күні халқымыздың, өлкеміздің тарихына ең алғашқы ядролық жарылыс бол-ған күн ретінде енді. Сынаққа салынған бомбаның қуаты 22 килотоннадан асты.

40 жыл бойы полигонда жасалған сынақтардың зардабы өте ауыр болды. Жүздеген әуе, жерүсті, жерасты жарылыстарының салдарынан Семей аймағы аса үлкен экологиялық апатты өңірге айналды. Сынақтардың зардабы тиген территорияның ауданы 304 000 шаршы шақырымға жетті. Радиациялық сәулеленуге ұшыраған халықтың саны 1 миллионнан асты.  Соның ішінде аса көп зардап шеккен Абай мен Абыралы аудандарының территориясы болды.

 

{jcomments on}1989 жылы қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің мұрындық болуымен Семей полигонында сынақтарды тоқтатуға қол жеткізген «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Салауат Тапбергеновтың айтуынша, «Невада -Семей» қозғалысын құру жайлы идеяның авторы деп, сол кезде Семей қаласында тұрған халықты атауға болады. Өйткені, ядролық сынақтарға қарсылықтың басы семейлік студенттерден басталды.

 

Антиядролық қозғалыс құрылған кезде оның мүшелерінің алдында Семей ядролық полигонын жабу, әлемдегі бес полигондағы сынақтарды тоқтату және кейін оларды жабу сияқты өте үлкен мақсаттар тұрды.

— Бақытымызға орай, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен Семей ядролық полигоны жабылды. Өздеріңіз білесіздер, қазір осы полигонның негізінде Қазақстан Республикасының ядролық орталығы құрылды. Қазір біздің алдымызда ядролық сынақтардан зардап шеккендер жайлы жаңа заңды жазып қабылдау және барлық ядролық полигондарды жабу мақсаты тұр. Ойдағымызды іске асыруға 10 жыл, 20 жыл тіпті одан да көп уақыт кетуі мүмкін. Күндердің бір күнінде адамзат ядролық қарудың көзін құрту керек екендігін түсінеді,- дейді халықаралық антиядролық қозғалысының белсенді мүшесі Марат Оразалин.

Құрылуы тұтас халықтың серпілуіне септігін тигізген Халықаралық антиядролық  қозғалыстың белсенді мүшелері ядролық сынақтарды тоқтатуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміз ядролық қарусыз өмірді таңдады.

— «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы 1989 жылдың 28 ақпанынан  бастап жұмыс істеп келеді. Жастар біздің ісімізді ары қарай жалғастырады деп үміттенемін. Жер бетінде полигондар тұрған кезде «Невада-Семей» қозғалысы да өзінің ядролық қаруға қарсы күресін тоқтатпақ емес. Себебі, ядролық қару бар болса,  біз тыныш ұйықтай алмаймыз»,- деді «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының президенті Сұлтан Картоев.

Семей ядролық полигоны жабылғаннан бері 25 жыл өткеніне қарамастан, жарылыстардың жаңғырығындай улы радиация, жүздеген мың адамның әртүрлі сырқаттарға шалдығуының себепкері болды.

«Полигонда жүргізілген сынақтар өте ауыр зардабын тигізді. Жыл сайын тамыз айында полигонның әкелген зияны жайлы сөз қозғалатын конференциялар өткізіліп келеді. Өңірімізге сынақтардың тигізген зардабы аса үлкен болды. Біз басқа аймақтардың тұрғындарына қарағанда 10 жылға ерте қартаямыз. Әлбетте, бұл жағдайды түзету үшін ядролық полигоннан зардап шеккен халықты оңалту шараларына көп көңіл бөлуіміз керек. Қазіргі уақытта, 25 жыл өткен соң, денсаулық саласында бұл бағытта қадамдар жасалып жатыр. Алайда, тікелей  полигонның зардабын тартқан тұрғындарды  сауықтыру өте қиын: олардың көпшілігі не қартайып қалды, не қайтыс болып кетті. Сондықтан, келешек ұрпағымыз жайлы, тегіміз жайлы, генетика жайлы ойлауымыз керек. қоғам болашағын жақсарту үшін өзін-өзі сауықтыруы қажет»,- деді медицина ғылымдарының докторы Салауат Тапбергенов.

Еліміздің тарихындағы ең соңғы ядролық жарылыс 1989 жылдың қазан айының 19-ы күні болды. 1991 жылы тамыздың 29-ы күні Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Семей ядролық полигонын жабу туралы» №409 Жарлығына қол қойды. Сондықтан, қазір «Невада-Семей» қозғалысы үлкен табыстарға қол жеткізді, сол арқылы ел тарихында өзінің ізін қалдырды және жер бетінде ядролық қаруды сынақтан өткізу қорқынышты құбылыс екенін ұғындыруға қауқарлы ұйымға айналды деп толық сеніммен айтуға болады.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

9 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

9 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

9 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

9 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

10 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

11 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС