"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ

26.04.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде қалалық Достық үйінде Қарағайлы ықшам ауданындағы үйлердің құрылысы мен пайдалануға берілу барысы бойынша арнайы баспасөз мәслихаты болып өтті. Аталмыш басқосуға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей филиалы мен құрылысты жүргізуші мердігер фирмалар өкілдері, қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің мамандары қатысып, толыққанды мағлұмат беріп, журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап қайырды.

Баспасөз мәслихатының беташарын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Меруерт Ахметуллина алғы сөзбен ашып, аталмыш тақырып төңірегінде мәлімет беріп өтті.

— Қазіргі таңда семейлік банк салымшылары үшін мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтерлер сатып алу мүмкіндігі бар. Ал ол үшін банкке барып өтініш беріп немесе байқауға қатысып әуре болып жатудың қажеті жоқ. Банктің сайтына кіріп, ұнаған пәтерді таңдап алып, өтінім қалдырсаңыз жеткілікті,- деді ол өз сөзінде.

Бүгінгі күндері «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін дәл Семей қаласында жылжымайтын мүлік иесі атану үшін мүмкіндік мол әрі жан-жақты. Атап айтсақ, аталмыш банк тарапынан жаңадан бой көтеріп жатқан Қарағайлы ықшам ауданындағы 8 нысаннан 368 пәтер ұсынылуда. Орманның жанында, ең әдемі жерде орналасқан үйлердің тұрғындары үшін таяу болашақта барлық жағдай жасалынатын болады. Балабақша, мектептер салынбақ. Сондай-ақ «Абай Арена» спорт кешені пайдаланылуға беріледі. Яғни, бұл аудандағы тұрғын үйлерден пәтер алудың тиімділігі арта түспек.

— Банк салымшылары үшін барлық пәтерлердің әр шаршы метрі 140 000 теңгеден беріледі. Дегенмен жаңа үйге қоныстанғысы келетіндерге қойылатын талаптар бар. Атап айтсақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшысының есепшотында ең кемі 1,1 млн теңге жатуы тиіс. Немесе сатып алынатын алаңның 20 пайызының ақысы болуы керек. Бұл — «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысудың негізгі талабы. Осыдан соң банк қолжетімді баспананы 5 пайыздық жылдық ставкамен сатып алуға көмектеседі. Бұл орайда несие беру бойынша әр айда төленетін сома көлемі 40 000 теңге болмақ. Жалпы құны 5,7 млн. теңгені құрайтын бір бөлмелі пәтердің алдын ала есебі шамамен осындай, — деді бөлім басшысы.

Тағы бір айта кетер жайт, баспана алу арнайы бағдарлама аясында жүргізілетіндіктен, өзіндік талаптары бар. Яғни, әр үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс немесе оралман статусы болуы керек. Сонымен қатар ел аумағында жекеменшік жылжымайтын мүліктері болмауы міндетті. Бұл талап бойынша соңғы бес жыл есепке алынады екен. Бұл талаптың пәтер алғысы келетін азаматтың отбасының әр мүшесіне де қатысы бар. Сондай-ақ өтініш берушінің төлем жасай алу қабілеті де ескерілетін болады.

— Банктің мақсаты – өз салымшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды үзіліссіз жүргіземіз. Әрі осы тарапта бізге жергілікті әкімдік пен құрылыс фирмалары көмекке келуде. Қазіргі күні өз клиенттерімізге 500 пәтер ұсынуға әзірміз. Оның 368-і мемлекеттік бағдарлама аясында беріледі. Сол тәрізді банктің «Өз үйім!» атты жеке бағдарламасы аясында бүгінгі күні 136 үй берілуге дайын. Барлық баспаналар құрылыс жұмыстары толық аяқталған, әрленіп, сырланған күйде беріледі.

Банк өкілі сонымен қатар жаңадан қолға алынған мемлекеттік «Бақытты отбасы» жобасы жайында да айтып өтті. Аталмыш жобаның жүзеге асуын қалалық әкімдік және жергілікті «Nur Otan» партиясы филиалы өз бақылауына алған. Жаңа жоба көпбалалы отбасыларға арналған.

Бөлім басшысы сонымен қатар банктің жеке бағдарламасы жайында да кеңірек түсінік беріп өтті. Яғни «Өз үйім!» бағдарламасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатыса алмайтын салымшыларға арналған десе де болады.

«Өз үйім!» бағдарламасына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез келген салымшысы қатыса алады. Оған ешқандай шектеулер жоқ. Жеке баспанасы барлар да үміткер бола алады. Бағдарламаның артықшылығы да сонда..

Қазіргі таңда әрбір жетінші семейлік Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысы ретінде тіркеліпті. Филиалда барлығы 44 407 депозит бар екен. Банк есепшотында алғашқы төлем жасауға жетерлік қаржысы бар кез келген азамат өзінің баспана мәселесін дәл бүгін-ақ шеше алады.

Баспасөз мәслихаты барысында сонымен қатар «Азия» ЖШС өкілі Арлан Көзбаев, сәулет және құрылыс бөлімінің маманы Сәния Жұмабаева да сөз алып, Қарағайлы ықшам ауданы бойынша баспана беру мәселесінің оң шешім тауып жатқанына тоқталып өтті. Тұрғын үйлер салуға тапсырыс беруші қалалық әкімдіктің сәулет және құрылыс бөлімі жергілікті мердігер мекемелермен арадағы жасалған келісімшарт пен жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы жайында кең көлемде мағлұмат берді.

Қ.ӘЛІМБЕК, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

21 час бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

22 часа бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

23 часа бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

23 часа бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

23 часа бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

3 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС