"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІНДЕ

03.05.2019
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

{jcomments off}Жуырда ШҚО ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығының   ұйымдастыруымен қаламызда VII облыстық дәстүрлі «Студенттік көктем — 2019» фестивалі болып өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ауқымды шараға облысымыздың әр өңірінен түрлі оқу орындарының өкілдері келіп, өз мүмкіндіктері мен жетістіктерін көрсетіп, аталымдарға ие болады. Жылдағыдай, Орталық алаңда өткен фестивальға қала халқы, студент жастар көп жиналды.

Бұл жолы да арнайы ұйымдастырылған қызықты бағдарламалар халықтың көңіл-күйін көтерді. Мәселен, «Үздік кәсіби алаң» аталымы бойынша әр оқу орны өз ерекшеліктерін ортаға салып, білім ордасындағы мамандықтармен таныстырды.

Сонымен қатар кәсіби алаңда ән-би, шығармашылық бағдарламалар, суреттер көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Өнерлі жастар көрерменді әнімен, биімен қызықтырса, аспаздар тәтті торттарын әзірлеп, шаштараздар шаш үлгісін жасады, болашақ ақ халатты абзал жандар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, көпшілік көңілін аударды.

Осы күні әлеуметтік желіде онлайн дауыс беру арқылы «Жастар таңдауы» аталымы бойынша үздік жоғары оқу орны анықталды.

Фестиваль кешкілік Абай театрында өткен концертпен жалғасты. Онда да түрлі оқу орындарының өкілдері өз өнерлерін паш етті. Дәстүрлі әннен бастау алып, ұлттық және заманауи билермен өрнектелген кеш барысында қоғамдағы проблемаларды қозғаған қойылымдар да көрермен назарына ұсынылды.

Концерт соңында фестиваль қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарға сыйлықтар мен номинациялар табысталды. Соңғы нәтиже бойынша «Студенттік көктем ханшайымы» атағын Қазақ инновациялық-заң университетінің студенті Аида Махметжанова, ал «Студенттік көктем ханзадасы» атағын Семей медицина университетінің студенті Әлихан Құмаров иеленді.

Сондай-ақ арнаулы орта білім беретін оқу орындары арасында «Үздік кәсіби алаң» аталымымен Семей көлік колледжі марапатталды. «Үздік шығармашылық бағдарлама» номинациясы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге бұйырды. Сонымен қатар жоғары оқу орындары арасында «Үздік кәсіби алаң» аталымын Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен Қазақ инновациялық-заң университеті жеңіп алды. Ал Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Жастар таңдауы» номинациясымен қоса, жоғары оқу орындары арасындағы «Үздік шығармашылық бағдарлама» аталымын иеленді.

Фестиваль соңында студенттер мен олардың жетекшілері лебіздерін білдіріп, құттықтау тілектері мен алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінгі күні облыста 14 пен 29 жас аралығындағы 265 мың жас бар. Оның 166 мыңы қалада, 99 мыңы ауылда тұрады. Бұл аймақтағы тұрғындар санының 19 пайызын құрап отыр. Жастардың 25 пайызы — студенттер. Ал өңірдегі 8 ЖОО мен 86 колледжде 66 548 студент оқиды екен.

Б.НҰРБЕКОВА,

Шәкәрім атындағы университеттің студенті.

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 часа бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 часа бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС