"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

TEDX КОНФЕРЕНЦИЯСЫ СЕМЕЙДЕ ӨТТІ

17.05.2019
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сенбі, 11 мамыр күні Абай театрында Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен «ТED Global» халықаралық ұйымы лицензиялаған TedX конференциясы өтті.

TedX Semey конференциясының мақсаты — жастарды жаңашыл идеялармен байыту.

— TedX конференциясы биыл қаламызда үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл конференцияның ерекшелігі — штаб пәтері АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан «ТED Global» халықаралық ұйымының лицензиясын алған. Қазақстанда бұл лицензияланған конференцияны тек Алматы, Нұр-Сұлтан және Семей қалаларында ұйымдастыруға рұқсат бар,- дейді TedX конференциясын ұйымдастыру комитетінің мүшесі Азамат Азатов.

300-ден аса көрермен қатысқан конференция барысында еліміздің ең үздік спикерлері білім, медициналық қызмет алу, өзін-өзі дамыту және басқа да салалар бойынша өз ойларымен бөлісті.

Конференцияны Ұлыбритания Елшілігінің «WeAlmaty» бағдарламасының менторы, 50-ден астам халықаралық конкурстардың жеңімпазы Фарангиза Шукашева ашып, «Әлем елдеріне 50 грантты қалай жіберіп алмауға болады?» тақырыбында сөз қозғады.

Фарангиза Шукашева — Семей қаласындағы геологиялық барлау колледжінің түлегі. Бірнеше жыл Қазақстан, Ресей, Украинаның көмір мен уран шығатын елді мекендерінде геофизик болып жұмыс істеген ол кейінгі жылдары білім беру жобаларына қызығушылық танытады. 2016 жылы Ардақ Бердібековпен бірге білім беру, мансап, шығармашылық және кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту туралы ақпарат беретін Neupusti платформасының негізін қалайды. Мұнда түрлі сала бойынша берілетін гранттар, стипендиялар, тәжірибе жинақтау, байқаулар, форумдар жайлы білуге болады. Neupusti сайтын ТМД бойынша ай сайын 100 000 нан астам жас оқиды.

Сонымен қатар «Comes» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сергей Снегирев «Қараусыз қалған жануарлармен жұмыс істеу және олардың қоғамдағы рөлі», қоғам белсендісі, «Амирам» қайырымдылық қоының жетекшісі Марина Чейшвили «Қазақстанда ауыр науқасқа шалдыққандардың туыстарына жансақтау бөліміне кіруге рұқсат беру не үшін қажет», Қазақстанның барлық аудандары мен облыстарын, сондай-ақ әлемнің 21 елін аралаған саяхатшы Яков Федоров «Қазақстанға не үшін саяхаттамау керек», «KCG Investment Management Ltd» бас атқарушы директоры Аман Копесов «Ironman сайысы немесе спорт пен мансапта темірдей тәртіпті қалай қалыптастыруға болады» «Қазақстан» АҚ республикалық телерадиокорпорациясының интернет бөлімі басшысы Тимур Бектұр «Алаған қолым береген немесе үздіксіз даму дегеніміз не?», блогер Торғын Жолдасбекқызы «Сәтті күн», журналист Ақниет Аманжолқызы «Мүгедектік кемшілік пе әлде ерекшелік пе?», нейрохирург Мыңжылқы Бердіходжаев «Отандастарымызға әлемдік деңгейде нейрохирургиялық көмекті қалай көрсетуге болады?» деген тақырыптарда сөз қозғап, пайдалы ақпараттар мен қызықты мәліметтерді ортаға салды.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

16 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС