"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖІГІТ СҰЛТАНЫ АНЫҚТАЛДЫ

17.05.2019
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен дүйсенбі, 6 мамыр күні Қалалық Мәдениет сарайында Жастар жылы аясында және 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай, «Жігіт сұлтаны – 2019» байқауы өтті. Қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Семей жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлесітігінің ұйымдастыруымен өткен байқауда жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, мектеп мұғалімдері өнер көрсетті.

2007 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқаудың мақсаты – қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттап, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, салауатты өмір салтына баулу, жігіттердің өнерін халық арасында дәріптеу.

Бұл жолғы сайыста 16-29 жас аралығындағы қазақ күресі мен ат спортын меңгерген, ұлттық дәстүрді бойына сіңірген 7 жігіт бақ сынады. Атап айтсақ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің, Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжі, Жоғары агротехникалық колледжі, Электротехникалық колледж, Индустрия колледжі, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері және №15 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі қатысты.

— Байқауға қатысуға өтініш білдірген қаламыздың 14 оқу орнынан 7 жігіт іріктеліп алынды. Сайыс сыртқы және ішкі кезеңдерден тұрады. «Ер қанаты — ат», «Күш атасын танымас» атты сыртқы кезеңдерде жігіттерміз ат ерттеу, аударыспақ, құрық салу, теңге ілу және қол күресі, қазақша күрес турларынан өтті. «Мен Алаштың ұлымын», «Білімді мыңды жығар», «Өнерлі өрге жүзер» атты ішкі кезеңдерде жігіттердің сахнада өзін-өзі ұстау, сөйлеу мәдениетін, білім деңгейін сарапқа саламыз. Мақсатымыз – қоғамға қазақ жігітінің болмысын көрсету,- дейді «Жас Отан» жастар қанатының Семей қалалық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш.

Байқауға Халықтық «Ой-сана» жазба ақындар мектебінің жетекшісі, республикалық

«Жігіт сұлтаны» байқауының үш мәрте жеңімпазы Серік Молдабеков, Жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қалалық Мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Гүлжан Жақсыбаева, Жазушылар одағының Семей қалалық филиалының төрағасы Мерей Қарт, «Алаштың нар жігіті» қалалық байқауының жеңімпазы, кәсіпкер Ерлан Жақып қазылық етті.

Байқау қорытындысында әділ қазылар алқасының шешімімен Электротехникалық колледж студенті Қуаныш Ерасыл басым ұпаймен жеңіске жетті. Сайысқа қатысқан жігіттердің барлығы бағалы сыйлықтармен жəне түрлі аталымдармен марапатталды.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

13 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

13 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС