"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТУҒАН ӨЛКЕСІН ЖЫРҒА ҚОСҚАН АҚЫН

17.05.2019

Қалалық орталық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың және  Қазақстан Журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР Жазушылар одағының төрағасы ақын,  аудармашы, журналист Ұлықбек Есдәулетовтің 65 жылдық мерейтойына орай «Туған өлкесін жырлап жүрген ақын» атты кеш — поэзиялық лабиринт ұйымдастырылды. Кешке Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің, ҚазИГЗУ, Семей көп салалы колледжі студенттері қатысты.

Мәдени шараның мақсаты — Ұ.Есдәулетовтің өмірімен, шығармашылығымен таныстыра отырып, азаматтық рухтағы өлеңдері арқылы жастардың Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін, поэзияға деген құштарлықтарын арттыру.

Ұлттық мүддені, ұлттық намыс пен ұлттық мінез, ұлттық рухты өлеңдеріне арқау еткен ақын туған өлкесінің тамаша табиғатын да жырға қосқан. Ақын өлеңдері өмір туралы толғаныстарға толы. Оның шығармаларының ішінде «Қара пима» поэмасы ерекше орын алады. Қоғамымызда белең алып бара жатқан маскүнемдік, ішімдікке құмарлық, сонымен қатар әке мен бала проблемасы, әлеуметтік мәселелермен қоса, көптеген өмір шындығына куә боламыз. Сан қырлы әлеуметтік-қоғамдық тіршіліктің құбылыстары өзгеше өрнектеліп, өнеге аларлық, сабақ боларлық сарында жазылған Ұлықбектің өлеңдерін оқи отырып, оның азаматтық бекзат бейнесін көресің, өмірге, қоғамға көзқарасын танисың, көңіліңе тоқисың.

Кештің шымылдығын кітапхана қызметкері ақынның туған жеріне арнаған «Зайсаным менің» атты өлеңімен ашты. Студенттер кітапхана әдіскері Рыскен Бидахметқызы Ұ.Есдәулетовтің өлеңдері бойынша арнайы дайындаған «Жылқылар мен бұлттар» атты видеослайдты тамашалап, ақынның өмірімен, шығармашылығымен тереңірек танысты.

Поэзиялық лабиринтке қатысқан студенттер ақынның «Қара пима» поэмасын, «Махаббат деген немене?», «Ақ махаббат, аппақ қыс», «Мен ғашықпын», «Мұңлы өлең», «Біз түркілерміз», «Түркістан», «Қазақстаным» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бозбала мен бойжеткендер бір сәт поэзия патшалығына еніп, сілтідей тынып өлең тыңдады. Қара өлеңнің құдіретіне тәнті болды.

Кеш барысында сондай-ақ ақынның сөзіне жазылған «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны болған «Заман-ай», «Көздеріңе ғашықпын» әндері шырқалды.

Жастар ақынның жауһар жырларына қанығып, поэзиясындағы поэтикалық ізденістерді, қаламгердің шеберлігін танып білді.

Шара соңында оқырмандар «Заманның заңғар зергері» атты кітап көрмесімен танысты.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

11 часов бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС