"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ ШЕРУІ

17.05.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еділ патшаның: «Егілген ерді көрдім. Бірақ елім жыламасыншы!» деген сөзін естіген боларсыздар. Ел мен жер, билік пен бұқара, ұлт мүддесі жайлы мәселе біздің басылымның тұрақты түрде жариялап жүрген тақырыбы екендігі өздеріңізге белгілі деп ойлаймыз, ардақты оқырман.

Бүгінгі тақырыбымыз тағы да сол, аналарын «ақ үйден» сүйреп шығартып жіберген ауданның жаңа басшылығына арналғалы отыр. «Әкім жаңадан тағайындалды, қандай сын айтуға болады?» деп таң қалуларыңыз да мүмкін. Иә, осыдан тура бір ай уақыт бұрын Зайсанға жаңа әкім тағайындалған болатын.

Зайсан жері – небір талантты ақын мен әншілер туған өнері өріс, талай батырды дүниеге әкелген, тектіліктің тамырын тереңге жіберген ғажап мекен. Бұл жердің халқы жайлы пікір де әр алуан. Бұрын әкім болған азаматтардың бірі: «Зайсанда қатты ұйықтау түгілі қалғып кетуге болмайды…»- десе, ал енді бірінің: «Зайсанда әкім болған бір жыл үш жылға пара — пар»,- дегенін естігенім бар еді… Бұл әзіл болса да жергілікті халықтың билікке талап қойғыштығын меңзесе керек.

Зайсанға басшылық жасаған әкімдер де әртүрлі болды. Туған жерді түлету жолында тер төккен, бұрын мал жайылып жүрген қараусыз көшелерді гүлге толтырып, ауылдарды мәуелі Иран бағына айналдырған әкім де болды. Халыққа талап қойды. Елдіктің ісін бірлесе атқаруға жұмылдырды. Елім деген ердің ісі біреуге жақса, енді біреуге жақпады… Бүгін сол перзенттерінің қадірін білмегендеріне өкінетіндер аз емес сияқты.

Мінезі салмақты, үндемей жүріп үйдей іс тындыратын, жалаң мақтау мен жарнаманы жаны сүймейтін азамат та басшылық жасады. Ел арасындағы өсек-аяңға, біреудің сыртынан ғайбат сөз айта келетіндерге құлақ аспаған сырбаз азамат таяуда бақилық болғанда осы жақсы қасиеттерін айтып егіліп алғандар да аз болмады. «Жоғалған пышақтың сабы алтын» деген осы шығар деген ой түйдік.

Ал енді бір әкім аудан тарихында аналарын «ақ үйден» күзетшілеріне сүйретіп шығартып жібергенімен ұзақ сақталып қалатын сияқты… (Шенеуніктерге халықтың жүйкесін жүн еткені үшін, жанына жара салғаны үшін, өтірік уәде бергені үшін айып салынса ғой…)

Сонымен, Серік Ақтановтың Зайсан ауданына әкім болып келгеніне тура бір ай болды. Жасыратыны жоқ, Шығыс Қазақстан облысында бүкіл саналы ғұмырымызды өткізіп келе жатқандардың қатарынанбыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын облыс әкімінің орынбасары қызметіне Серік Ақтанов деген адам тағайындалды дегенде аңтарылып қалғандардың бірі болдым. Облыс, республика көлемінде есімі бұрын-соңды естілмеген азамат. Өмірбаян деректеріне үңілдік. Енді ғана есейіп, іске араласқан жас та емес, алпысқа аяқ басқан адам екен. Туған жылы жазылғанымен, туған жері көрсетілмепті… Облыстық деңгейдегі билікке ғайыптан қалай пайда болды деген сауал талайдың көкейінде болған еді. Мейлі, не орайы келген, не орайын келтірген шығар дедік те қойдық… Аймағымызда жылу беру, жол жөндеу сияқты мәселелерге байланысты жиындарда бірді–екілі сөйлегенін естідім… Жалпы, өзім харизмасы жоқ басшыны жылуы жоқ пешпен тең көремін… Айтпақшы, өткен жылдың көктем айында облыс бойынша су тасқыны қаупі жиі қайталанғаны көпшілікке белгілі. Осы тасқын су кезінде аяғына резеңке етігін киіп алып қанша белсенді болып көрінгісі келгенімен, апаттан Ақтанов алып шықты дегенді естімедік. Керісінше, аймақ басшысының талай наразылығы бүгінгі кейіпкерімізге арналғанын ұмыта қойған жоқпыз.

Сонымен, Зайсанға бір ай бұрын тағайындалған Серік Ақтанов осы уақыт ішінде не тындырды? Бір ай — аз уақыт, жұмыс істеп өзін көрсетуге ерте десеңіздер, қателесесіздер, ардақты оқырман!

Бір ай бойы Facebook әлеуметтік желісін ашып қалсақ, ауыл аралап жүрген Ахтановтың бейнесі жарқ ете қалады. Соған қарағанда, жарнаманы да жанына жат көрмейтіндердің қатарынан сияқты. Халықтың ортасында жымиып күліп тұрған шенеунік не іс тындырды деп желідегі жазбаға дереу үңілеміз: «Аудан әкімі Серік Қасымбекұлы Ақтанов 10 мамыр күнгі қызметтік сапары барысында Жамбыл ауылында болды. Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында бірқатар маңызды нысандарды аралады. Мамандармен жүздесіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты…», «Қызметтік сапары барысында Серік Қасымбекұлы Ақтанов 10 мамыр күні Шалқар, Көгедай ауылдарын аралады. Атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өңірдің тыныс-тіршілігін көзбен көріп, мамандармен тілдесті», «Бүгін аудан әкімі Серік Қасымбекұлы Ақтанов өңірдің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Сартерек ауылдық округіне барды. Қызметтік сапары барысында бірқатар маңызды нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Өңірдің тыныс-тіршілігін көзбен көріп, сала мамандарымен тілдесіп қайтты», «Бүгін Зайсан ауданының әкімі Серік Қасымбекұлы Ақтанов жұмыс сапарымен Айнабұлақ ауылдық округінде болды. Бірқатар маңызды нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Сала мамандарымен тілдесіп, өңірдің тыныс-тіршілігін көзбен көріп қайтты» …

Ардақты оқырман, желідегі жазбаларды назарларыңызға еш өзгеріссіз ұсынып отырмыз. Байқап отырған боларсыздар, жұртты жалықтыратын бір сарынды есеп. Жасыратыны жоқ, алғашқыда не жаңалық болар екен деген әуесқойлықпен үңілсек, соңғы кездері тіпті оқығымыз келмейтін болды… Өз басым ашамын да, қайта жаба саламын.

Бір ай болды, Ақтановтың алақандай ауданмен танысу рәсімі бітер емес. Жергілікті халықтың айтуынша, салмақты жоспар, салиқалы әңгімеден ада, мән мағынасы жоқ жай ғана келіп-кету… Айтпақшы, Facebook парақшасындағы Ақтановтың ел аралағандағы есебінің астына Рауан Шабалов есімді желі қолданушы: «Зайсанға Серік Зайнулдин сияқты жұмыс істейтін әкім келді ме, әлде жоқ па?»- деген жазба қалдырыпты. Менің ойымша, бұл көптің көкейіндегі сауал…

Ұзын сөздің қысқасы, бір ай болды, Серік Ақтанов уәзірлерін тіркемеге алып, ауыл арасында шенеуніктердің шеруін өткізіп жүр. Бұрын жол жөндеу, тасқын суға тосқын болу, жылу сияқты жұмыстармен ғана айналысқан Ақтанов мырза рухани дүниеге, тарихқа, ұлттық құндылықтар жайлы тақырыптарға бас қатырар ма екен? Жайсаң мекен Зайсанның халқы жуас емес, мінезді… Жайлы жер іздеп, жан тыныштығын ойлаған басшыға шығатын есікті жедел көрсететінін де естен шығармассыз, Ақтанов мырза!

Ардақты оқырман, әзірше осы. Қалғанын әліптің артын бағып, алдағы уақыттың еншісіне қалдыра тұралық. Бізбен бірге болыңыздар!{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

45 минут бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

8 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

8 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

8 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

23 часа бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС