"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘДІЛ САЙЛАУ ӨТКІЗУ МАҚСАТЫНДА

21.05.2019
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

САЙЛАУҒА 19 КҮН ҚАЛДЫ

Зейнолла ТОҚАЕВ:

БҰЛ САЙЛАУ БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕРЕК

Алдағы маусым айының 9-ы күні өтетін Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына жер-жерлерде қызу даярлық жұмыстары басталып кетті. Осынау саяси маңыздылығы зор науқанға Семей өңірінде де жоғары деңгейдегі әзірлік шаралары жүргізілуде. Бұл жайында газетімізге берген арнайы сұхбатында Семей қаласының аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев айтып берді.

— Зейнолла Қалымбекұлы, ең алдымен биылғы сайлаудың өзгешелігі жайында кеңірек тоқталып өтсеңіз.

— Биылғы сайлау ерекше өткелі отыр. Себебі былтырғы жылдың соңында еліміздегі «Сайлау туралы» Заңға біршама өзгерістер мен қосымшалар енгізілген болатын. Мысалы, бұрындары облыстық, қалалық мәслихаттар депутаттығына үміткерлер өзін-өзі ұсына алатын болса, қазір олардың барлығы партияның ұсынуымен ғана сайлау додасына түсе алады. Сол сияқты биылғы президент сайлауына еліміздегі 9 партияның жетеуінен үміткерлер тіркелді. Екіншіден, бұрындары болатын округтік, облыстық, қалалық комиссиялар күшін жойды. Оның орнына қалалық аумақтық сайлау комиссиясының екі мүшесі кәсіби негізде жұмыс істейтін болды. Биылғы жылдың 10 қаңтарында қалалық мәслихат отырысы өтіп, сонда бүкіл аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясы толығымен бекітілді. Мен төрағасы болып кәсіби негізде сайландым. Хатшы да дәл осылай кәсіби тұрғыда жұмыс жүргізетін болады.

— Бүгінде қала халқының саны өскені белгілі. Олардың арасында басқа жаққа қоныс аударғандар немесе өзге елді мекендерден көшіп келіп, тіркеуге жаңадан тұрғандар бар. Олардың сайлау науқанынан шет қалмауы үшін қандай жұмыстар жасалуда?

— Сауалыңыз орынды. Расында да, қала халқының көші-қоны, санының артуына байланысты орын алатын жағдайлар сайлау қарсаңында ескерілді. Мәселен, саяжайлардағы тұрғындар санының артқаны байқалады. Бүгінде, біздің есебімізше, Семей қаласында 200 мыңның үстінде сайлаушы бар. Сол себепті де биылғы жылғы сайлау учаскелерінің саны 149 болып бекітілді. Оның 22-сі — аурухана, әскери бөлімшелер, ішкі істер саласының мекемелері тәрізді жабық мекемелер. Ал тағы 25-і ауылдық елді мекендерде орын тепкен.

Бүгін қала әкімі Ермак Сәлімов барлық сайлау учаскелері бойынша дауыс беру құқығына ие электорат санын бекітеді. Осыдан соң мамырдың 25-не дейін осы тізім бойынша тексеру жұмыстары жүргізілетін болады. Ал осы айдың 25-нен кейін әр сайлаушы өзі тұратын аумақтағы сайлау учаскесіне келіп, өзінің тізімге енгізілгенін тексеруі керек. Біз бүгінде комиссия мүшелерімен бірлесіп әр сайлаушыны ұмыт қалдырмай тізімге енгізуді жолға қойып отырмыз. Және қалалықтар алдағы саяси науқан жайлы толық хабардар болуы тиіс.

— Осы орайда учаскелік сайлау комиссияларының саяси науқанға әзірлігі жайына тоқталып өтсеңіз…

— Жалпы, жоғарыда айтып өткенімдей, қаламыз бойынша бекітілген 149 учаскелік сайлау комиссиясында барлығы 1005 адам жұмыс жүргізбек. Бұл жергілікті сайлаушылардың санына қарай алынып отыр. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, әр учаскедегі комиссия мүшелерінің саны 5-тен 14 адамға дейін болуы керек. Біз қаламыздағы комиссия мүшелері 5, 7, 9 адамнан тұрғаны жөн деп шештік. Қазіргі күні бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрбір партия өз бақылаушыларын, сайлауға жауапты адамдардың тізімдерін ұсынуда.

— Осы орайда сайлау учаскелеріндегі комиссия мүшелерінің біліктілігі, саяси науқанды өткізуге даярлығын пысықтау жұмыстары жайында айтсаңыз…

— Иә, бұл тарапта айта кететін жаңалық, биылғы жылы «Сайлау туралы» Заңға байланысты, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері арнайы оқытылады. Оларды оқытудың бірнеше түрі бар. Мәселен, Орталық сайлау комиссиясы жанынан қашықтықтан оқыту жолға қойылды. Мен және хатшы екеуіміз кәсіби негізде жұмыс жасайтындықтан, бұл сатыдан өттік. Ал тағы 5 адам Өскемен қаласындағы мемлекеттік басқару академиясының филиалынан арнайы оқып, екі күндік семинарға қатысып, сертификат алып келді.

Ал 149 учаскелік комиссияда жұмыс істейтін 1005 дамның 447-сі Орталық сайлау комиссиясы жанындағы қашықтықтан оқытудан арнайы тестілеуден өтті. Олардың арасында учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары бар. Енді қалған 500-дей адамды облыс орталығынан келген арнайы мамандардың көмегімен толықтай оқытып, осы айдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Бүгінде үміткерлердің тізімдері анықталғаны белгілі. Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Оған жауапкершілікті әр партия өздері алады. Олардың сенімді адамдары бізге келіп, тіркеліп, куәліктерін алды.

Ал сайлау уақытында қалада болмайтын, іссапарға шығатын адамдар мамырдың 21-нен бастап сайлау учаскесіне барып, құжаттарын көрсету арқылы есептен шығу туралы куәлік алулары керек. Олар тізімнен алынады. Бұл іс-шара комиссия мүшелерінің қатаң қадағалауымен жүзеге асады. Сол тәрізді сайлау уақытында шетелде болатын семейліктер бір ай бұрын учаскелік комиссияға келіп өтініш беруге тиіс. Олар арнайы талон алып, шетелдегі елшіліктерге барып дауыс бере алады.

— Сөзіміздің соңында қаламызға келетін шетелдік бақылаушылар мен олардың жұмыстары туралы айта кетсеңіз…

Бүгінде қаламызға шетелдік бақылаушылардың алдыңғы легі келіп жатыр. Олардың бірі — АҚШ-тан келген ОБСЕ өкілі Стивен Янг. Екіншісі – Армения азаматы Ануш Айропетян. Олар қаладағы учаскелік сайлау комиссиясында болып, ондағы жұмыстарды бақылайды. Өз жұмыстарын қазірден бастап кетті. Жалпы, біздің елімізге биыл 300-дің үстінде халықаралық бақылаушы келеді деп күтілуде. Ал өз тәжірибемнен білетінім, Семей қаласына, әдетте, 9 шетелдік бақылаушы келіп жұмыс жүргізеді. Алдағы уақытта тағы да басқа елдерден келетін бақылаушыларды күтудеміз.

Тағы бір айта кетерлігі, бұл жұмыстардың барлығына қаражат Орталық сайлау комиссиясынан бөлінеді. Жалпы, сайлауға даярлық жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде.

— Сұхбатыңызға рақмет, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Сұхбаттасқан К.НҰРБЕРГЕН,

«Семей таңы»

 

ӨРКЕНИЕТ КӨШІНЕ ІЛЕСУ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ

Осыдан ширек ғасырдан аса уақыт бұрын біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өрлеудің даңғыл жолына түсіп, аз уақыт ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Мемлекетіміз халықаралық деңгейде мойындалып, әлемдік қауымдастықтың алдында абыройға ие болды.

Бүгінде Қазақстан халықаралық поцестерге ықпал ете алатын әлеуетке ие. Қаржылық-экономикалық институттары мығым қалыптасқан, өркендеу қарқыны аса жоғары, әрі шетелдік инвестициялар миллиардтап құйылатын іргесі берік елге айналды.

Мемлекетіміз индустрияландыру, өндіріске инновациялық технологияларды жүйелі түрде енгізу, шикізаттық тәуелділіктен арылу сынды өркениет игіліктеріне бастайтын іргелі қадам жасауда. Алған бағытымыздың дұрыстығын ЕАЭО елдері арасында дамудың оң көрсеткішіне ие болуымыз айғақтап тұр.Әсіресе өңдеу секторы бойынша жетістіктер зор. Бұл сала еліміздегі өндіріске қарқын алдыруда негізгі экономикалық драйверге айналып отыр. Оған бірден-бір себеп — Қазақстанда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы толық қарқынмен жүзеге асырылуда. Ал бұл жайт өз кезегінде ел экономикасының құрылымына айтарлықтай ықпал етеді.

Мұның барлығы, түптеп келгенде, қазақстандықтардың дұрыс таңдау жасауының нәтижесінде және Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында орын алып отырғаны белгілі.

Бүгінгі таңда байтақ Отанымыз айрықша тарихи сәттерді бастан өткеруде. 9 маусым күні Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі айтып өткендей, Қазақстандағы жоғарғы билік транзиті Ата Заң талаптары аясында қалыпты өтуде. Бұл, бір жағынан, халықаралық қауымдастықтың біздің елімізге деген сый-құрметін тудыруда.

Біз дұрыс бағытты таңдадық. Халқымыздың бірлігі де мығым. Мемлекетіміз үшін Тәуелсіздік ең жоғарғы құндылық саналады. Міне, сондықтан да ел президентін кезектен тыс сайлау арқылы анықтау біз үшін өте маңызды.

Біздің алдымызда елімізде орнаған қоғамдық-саяси тұрақтылықты баянды етіп, алға қарай үлкен сеніммен жылжып, әлемдік өркениет көшіне ілесу міндеті тұр.

Қазіргі таңда әлемдегі ахуал жылдам өзгеру үстінде. Елбасы атап көрсеткендей, жаһандық сын-қатерлер де алдымызда тұр. Сондай-ақ Елбасының даму стратегиясы мен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осы орайда біз өзіміз бағыт етіп ұстанған саясаттың мығым болуын, Қазақстан халқының барлық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алуы үшін күш салуымыз керек. Ал осының барлығына әділ сайлау өткізу арқылы қол жеткізуге болады.

Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент тек халықтың ерікті түрдегі таңдауы арқылы ғана сайланады.

Әсемхан ДОСҚОЖАНОВ,

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.

АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІМІЗДІ КӨРСЕТЕТІН СӘТ КЕЛДІ

Қазақстандықтар әрдайым Қазақстан Республикасы президентінің сайлауы науқанында өздерінің азаматтық ұстанымдарын айқын көрсетіп, белсенділік танытады. Алайда биылғы сайлау біз үшін ерекше маңыздылыққа ие. Себебі осы кезеңге дейін біз ел тұрақтылығы мен дамуының кепілі – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс беріп келдік. Енді біздің алдымызда маңызды шешім қабылдау сәті тұр.

19 наурыз күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ата Заң аясында өзінің президенттік өкілеттігін тоқтататындығын, президент құзыреттілігі Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтетінін мәлімдеген болатын. Ал сәуірдің 9-ы күні Қ.Кемелұлы Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы туралы халыққа үндеу жариялады.

Иә, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан көптеген маңызды заңдар қабылдады. Оның ішінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылуын айрықша атауға болады. Сондай-ақ біз үшін шекараны шегендеп, заң қабылдаушы және атқарушы органдар жұмысын нығайтуға мүмкіндік туды. Ал мұның барлығына Ата Заңымыз бен ел президенті кепіл болды.

Расында да, еліміз жылма-жыл даму қарқынын тұрақты түрде арттырып келеді. Сондықтан да болар, бүгінгі Қазақстан халықаралық аренада үлкен беделге ие. Оның үстіне әлемдік деңгейдегі маңызды шараларға зор ықпал етіп отыр.

Ал елімізде жүзеге асқан қоғамдық институттар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясын бөле-жара атауға болады. Елімізде көптеген ұлттар пен конфессия өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде, біз осылайша күллі әлемге береке-бірліктің жарқын үлгісін көрсете білдік. Бұл біздің баршамыздың ортақ жетістігіміз.

Кезектен тыс президент сайлауы белгіленген күнінен бастап екі ай мерзім өткен соң жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, 50 пайыздан аса дауыс жинаған үміткер ғана халық таңдаулысы санала алады. Ал қазақстандықтардың саяси науқанға белсенді түрде қатысуы өте маңызды, бұл шешуші рөл атқарады. Сондықтан да барлығымыз бір кісідей еліміздің ертеңі үшін сайлау учаскелеріне дауыс беруге келейік. Болашағымыз өз қолымызда!

 

Жанна ЖИБРАЕВА,

«Отбасы орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі.

 

 

Азаматтық алаң

ӘДІЛ САЙЛАУ ӨТКІЗУ МАҚСАТЫНДА

Жуырда Семей қаласындағы Достық үйінде «Аманат» сайлауға бақылау жүргізу жөніндегі ұлттық қоғамдық платформасы аясында тәуелсіз бақылаушыларға арналған кең мағыналы семинар — тренинг өткізілді. Аталмыш басқосуға өңіріміздің әр түкпірінен арнайы өкілдер жиналды.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Тренингтің беташарын Шығыс Қазақстан облысындағы бөлімшенің аймақтық өкілі Аяужан Әшімова алғы сөзбен ашып, жүргізіп отырды.

— Барлықтарыңыз да жақсы білесіздер. «Аманат» деген сөз халқымызда өте үлкен ұғымды білдіреді. Оның салмағы ауыр, мағынасы терең. Сол себептен осы атау таңдалды. «Аманат» платформасының аясында біз әділ сайлау өткізуге қатысты көптеген сұрақтарға жауап табатын боламыз. Бүгінде жер-жерлерде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс орталығы Өскемен қаласында да басталып кетті. Әділ сайлау өткізу үшін әркім бірінші қадамды өзінен бастауы керек,- деп атап өткен аймақтық өкіл жүргізілетін жұмыстардың бағыттарына кеңінен тоқталды.

А.Әшімова айтып өткендей, аталмыш жиынның мақсаты – қатысушыларға сайлау туралы құқықтық талаптарға сәйкес ақпарат беру, бақылаушылардың міндеттерін құқықтық негізде түсіндіру, жергілікті сайлау комиссиясымен өзара бірлескен іс-қимылдар жасауға үйрету. Сонымен қатар бақылаушы ретінде, ОСК, кандидаттың сайлау штаб-пәтері және өзге де сайлауға қатысты аймақтарда заң бұзу фактілері тіркелсе, бірден қандай әрекеттер жасау керектігі туралы жан-жақты кеңестер беру көзделген еді.

Тренинг алдында «Аманат» азаматтық платформасының ресми таныстырылымы өтіп, қоғамдық ұйымның бағыты бойынша белгіленген негізгі мақсаттары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. Жиын барысында айтылғандай, «Аманат» азаматтық платформасында 5 бағыт бойынша оқыту жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ, «Теңдік» — бұл қоғамдық мониторинг жүргізу кезеңдеріне бағытталған; «Саналы таңдау» — бұл басты бағыттың бірі, сайлау мерзімі мен кезеңі және заңдық процестер туралы сайлаушыларға түсіндіру; «Әділдік» — әлеуметтік желіде әрбір сайлау бөлімшесі бойынша тәуелсіз бақылау жүргізіліп, оның барысы жарияланып тұруы қажет; «Келісім» — сайлау жөнінде барынша ашық ақпарат беруге бағытталған, бұл журналистер, сарапшылар және бұқара пікіріне тікелей қатысты; «Сенім» — бұл бағыт мемлекет пен қоғамның сенімді жүйеде бірлесіп жұмыс істеуіне негізделген.

Бұл бағыттар бойынша халықаралық ұйымдар, ОСК, жергілікті сайлау комиссиясы, Жоғарғы сот, жергілікті атқарушы орган, Бас прокуратура, кандидаттардың сайлауалды штабы, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтық және ғылыми-сараптамалық орталықтар өкілдермен әріптестік орнатылмақ.

«Аманат» азаматтық платформасына қоғам белсенділерін кеңінен тарту көзделіп отыр. Яғни сайлаушылардың үміткерлерге ұсыныс-тілектерін, өтініш-талаптарын жеткізе алатындай ақпарат алмасу  арнасы құрылса деген пікірде. Сонымен қатар барша азаматтардың пікірлерін ескере отырып, олардың сайлаудың әділ өтетіндігіне сенімін қалыптастырудың да маңызы зор.

Аталмыш тренингті азаматтық платформаның штаб мүшесі, бұған дейінгі қоғамдық ұйымның тренерлері алдынан өткен Қуат Хажумуханұлы мен Диас Қажумуханов өз мәнінде жүргізді.

Семинардың модулі халықаралық талаптарға және тәжірибеге сәйкес, соның негізінде тренингке қатысушылар өзге аймақтарда бақылаушы міндеттері жөнінде дәріс өткізулеріне болады. Бұл орайда тілек білдірушілер аталмыш қоғамдық ұйыммен тығыз байланыс орнатып, қажет жағдайда, олардың кеңесіне де сүйене алады.

Тренингтің соңында барлық қатысушыларға «Аманат» азаматтық платформасында дайындалған «Бақылаушы блокноттары» берілді.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Семей тұрғыны қысы-жазы өзі салған сақ шатырында тұрады

24.03.2023
Семей тұрғыны қысы-жазы өзі салған сақ шатырында тұрады

Семей тұрғыны Серәлі Мұхамедсалықов қысы-жазы өз қолымен салған сақ шатырында тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы. Өзі әнші, өзі этнограф,...

Толығырақ...

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады

24.03.2023
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын өз тағын Ким Чжу Э есімді қызына береді. Бұл туралы аталмыш елден қашып шыққан...

Толығырақ...

Путинді тұтқындауды бірнеше мемлекет қолдап отыр – халықаралық сот

24.03.2023
Путинді тұтқындауды бірнеше мемлекет қолдап отыр – халықаралық сот

Халықаралық қылмыстық сот РФ президенті Владимир Путинді қамауға алуға берген ордеріне байланысты Ресейдің жауабына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі....

Толығырақ...

Наурыз мейрамы қарсанында Жетісуда Ұлы Абайдың ескерткіші ашылды

24.03.2023
Наурыз мейрамы қарсанында Жетісуда Ұлы Абайдың ескерткіші ашылды

Наурыз мейрамы қарсанында Жетісуда Ұлы Абайдың ескерткіші ашылды деп хабарлайды Семей таңы Абай облысы әкімдігіне сілтеме беріп. Шараға Абай облысынан...

Толығырақ...

Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

24.03.2023
Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Шығыс Қазақстан облысында Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады. Еріктілердің Instagram-да жариялаған мәліметінше, 1982...

Толығырақ...

Тоқаев пен Қатар әмірі бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

24.03.2023
Тоқаев пен Қатар әмірі бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Семей тұрғыны қысы-жазы өзі салған сақ шатырында тұрады

2 дня бұрын

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады

2 дня бұрын

Путинді тұтқындауды бірнеше мемлекет қолдап отыр – халықаралық сот

2 дня бұрын

Наурыз мейрамы қарсанында Жетісуда Ұлы Абайдың ескерткіші ашылды

2 дня бұрын

Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

2 дня бұрын

Тоқаев пен Қатар әмірі бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

2 дня бұрын

Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

5 дней бұрын

Айнұр Тұрсынбаева гендер пати жасады

6 дней бұрын

Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, «Сайлау туралы» заңның сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда

6 дней бұрын

«Біз әдемі сайлау учаскелерін көрдік» — Португалия Парламентінің депутаты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС