"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жаңа атаулар беріледі

21.05.2019
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ономастика

ЖАҢА АТАУЛАР БЕРІЛЕДІ

Қаладағы ақпарат орталығында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары Семей шаһарындағы онамастика саласындағы ағымдағы жағдай мен бүгінгі күндері атқарылып жатқан шаралар жайында кең көлемде түсінік беріп, баспасөз мәслихатын өткізді.

Азамат ЕРСАЙЫН,

«Семей таңы»

Көпшілік алдында сөз алған аталмыш бөлімнің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Маржан Бахатова Семей қаласы бойынша көшелер атауларын өзгертуге байланысты атқарылып жатқан шаралар қатарымен таныстырды. 1991 жылдан бері қаламызда 87 көшенің атауы жаңарғанын жеткізіп, бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақыттарда да жалғаса беретінін айтып өтті. Көше атауларын ауыстыру бойынша жемісті жұмыс жүргізілуде. Атап айтсақ, Строительная көшесі Тұрсынғазы Рахимов, Комсомольская көшесі Жібек жолы, Декабристер көшесі Нұрсая, Социалистическая көшесі Самал, Кутузов көшесі Ардагерлер болып ауысқан. Жалпы, қазіргі таңда көше атауын ауыстыруда ұлттық таным-түсінікке сай атаулар қою ұсынылуда. Ал идеологиялық тұрғыдан мүлде қажетсіз атаулар сол көшенің тұрғындарының өтінішімен біртіндеп өзгертіле беретін болады. Осыған дейінгі ауысқан көшелерге қаладағы зиялы қауым өкілдерінің өтініші ықпал етіпті.

Десек те қала бойынша көше және нысандар атауларын өзгертуге байланысты әлі де атқарылар шаруалар өте көп.

Жиын барысында сонымен қатар қала іргесіндегі жаңадан бой көтеріп жатқан Қарағайлы ықшам ауданының болашақтағы көшелері қалай аталатыны және жаңа көшелердің қашан ашылатыны жайлы да сауалдар қойылды.

– Былтыр Қарағайлының орталық көшелерін үш бидің атымен атау жайында ұсыныстар айтылған болатын. Бұл ұсыныс қаладағы ұжымдар тарапынан бір ауыздан қолдау тапқан. Енді көшелерге ат беру басталғанда біз осы ұсынысты облыстық ономастикалық комиссияға жеткіземіз,– деді Маржан Бахатова.

Айта кетейік, 21 мамыр күнібірқатар көшелердің ашылуы болады. Бұл шараның мәдени-қоғамдық тұрғыдан маңыздылығы зор.

Мамандар сөзіне сүйенсек, жеті көшенің тақтайшаларын ауыстыруға 1 миллиондай қаражат кетеді.

Бұл ретте пікір білдірген мамандар тақтайшаларды ауыстыруға тұрғындар қалтасынан ешқандай ақша шықпайтынын айтады.

Тағы бір айта кетер жайт, көше атауын ауыстыруға байланысты кез келген адам ұсыныс жасай алады. Әйтсе де ұсыныстар көше атауын өзгертуге қатысты мораторий алынғаннан кейін қарастырылады.

Жиында БАҚ өкілдері тарапынан: «Қалада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына көше беріле ме?» деген сұрақ та қойылды.

– Бұл мәселе республикалық деңгейде көтерілгенде Нұрсұлтан Назарбаевтың атына көше облыс орталықтарында ғана берілетіндігі айтылған болатын. Сол себептен де Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылының атауы өзгертілген еді. Ал Семейдің бір көшесін Елбасының атымен атау туралы нақты ұсыныс болған жоқ,- деді баяндамашы.

Ономастикаға қатысты тағы бір жаңалық — қаламыздағы бірқатар орта білім беретін мектептерге ресми түрде ат берілмек. Атап айтсақ, шаһардағы №49 мектепке Абай Құнанбайұлының, №37 мектеп-гимназиясына Ыбырай Алтынсариннің, №3 мектеп кешеніне М.Әуезовтің, №2 мектепке Қаныш Сәтбаевтың, №39 мектепке Әлихан Бөкейханның, №47 мектепке Ахмет Байтұрсыновтың, №29 «Пальмира» мектебіне Ташпық Құтжановтың атын беру, ал балалардың музыка мектебіне Теміржан Базарбаевтың атын беру бойынша арнайы құжаттамалар әзірлену үстінде. Бұл құжаттардың барлығы да облыстық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

10 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

10 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС