"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Әсем НҮСІПОВА: БАРЛЫҚ ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР БІРДЕЙ

24.05.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 22 мамыр күні қалалық әкімдікте ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың төрағалық етуімен ШҚО әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның көшпелі отырысы болып өтті. Жиынға комиссия мүшелері, қала әкімінің орынбасарлары, облыс қалалары мен аудандарының білім бөлімі басшылары, колледж, балалар үйі директорлары және кәсіптік білім беру ұйымдары өкілдері қатысты.

Комиссия отырысында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде білім алып жатқан кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу шаралары, сондай-ақ облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының кәмелетке толмағандар арасындағы суицид жағдайларының алдын алу жұмыстары талқыланып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бірқатар білім беру мекемелерін өзгертуге қатысты атқарылып жатқан шаралар туралы; Семей қаласы білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық органының 2019 жылдың 1 тоқсанда атқарған жұмысы; «Отбасының физикалық және психоэмоционалдық денсаулығын сақтау» жобасының жүзеге асырылуы туралы мәселелер қаралды.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 86 колледж 115 мамандық түрі бойынша 35 мың студентке білім беруде. Студенттердің 20613-і — кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер.

ШҚО Полиция департаменті мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жасөспірімдер арасында 51 құқық бұзушылық фактісі тіркелсе, оның 27-сі, яғни 53 пайызы колледж студенттері екен.

Облыс әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның төрайымы Әсем Бекқызы биылғы жылдың алғашқы тоқсанында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың төрт жағдайға артып отырғанын жеткізді.

— Бұл — тиісті шаралар қабылдауды талап ететін алаңдатарлық жағдай,- деп атап өтті Әсем Нүсіпова.

ШҚО Білім басқармасы кәсіптік және техникалық білім беру бөлімі басшысы Гүлмира Искакованың мәліметі бойынша, жасөспірімдер көбінесе ұрлық, тонау, тәртіп бұзушылық сынды құқық бұзушылықтар жасайды екен. Биылғы жылы осындай 18 оқиға тіркеліпті.

— Облыста кәмелетке толмағандардың істері бойынша 197 инспектор бірінші кезекте мектептермен жұмыс жүргізеді. Олар орта арнаулы оқу орындарына да толыққанды көмек көрсете алады. Колледждерде үйірме, секция, құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты кеңестер жұмыс істейді. Колледж оқушылары құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау бөлімдері тарапынан жүргізілетін жедел алдын алу шараларына белсене қатысады. ШҚО Білім басқармасы басшылығымен 53 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Полицияға көмек көрсету жасағы» жобасы қолға алынған. Бұл жобаға да студенттер атсалысуда. Сондай-ақ колледждерде медиация бойынша да жоба іске асуда, екі рет шеберлік сыныбы өткізілді. Орта арнаулы оқу орындары үкіметтік емес ұйымдармен, «Феникс», «Жанұя орталығы» ҚБ, Аналар кеңесімен бірлесе жұмыс жүргізеді,- деді баяндамасында Гүлмира Искакова.

Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың басым бөлігі аз қамтылған, сәтсіз, толық емес отбасыларда тәрбие алып жатқан балалардың қатысуымен орын алып отырғандығы айтылды. Алайда құқық бұзушылықтардың себебін көпбалалы, сондай-ақ қолайсыз отбасылардан іздемеу керектігіне ерекше назар аударған облыс әкімі орынбасары Әсем Бекқызы мұндай түсінік жаңсақ екендігін бірден кесіп айтты. Бұл ретте бала немесе отбасы емес, жасалынып жатқан жұмыстардың нашарлығы, тиісті жағдайдың жасалмауы, тәрбие жүйесіндегі кемшіліктер, жекелеген ата-аналардың жауапсыздығы құқық бұзушылыққа алып келетінін алға тартты.

— Иә, жұмыс жүргізіліп жатыр. Жақында «Worldskils», IT-фестиваль өткіздік, бұл балаларды білім және бос уақытын тиімді пайдалану үрдісіне тартудың үлгісі болып табылады.

— Облыстағы білім саласына жауапты болғандықтан және комиссия төрайымы ретінде менің жеке көзқарасым – жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа жол беруіне олардың жайсыз немесе көпбалалы отбасында тәрбиеленуі себеп болды деп айтуға құқығымыз жоқ. Барлық отбасындағы балалар бірдей. Себепті өзімізден, өзіміздің жұмысымыздан іздеуіміз қажет,- деп ескертті облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

— Барлық тиісті құрылымдар мен мекемелердің жұмысын студенттер арасындағы келеңсіз жағдайларды жоюға бағыттау керек,- деген комиссия төрайымы Әсем Бекқызы студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бірлесе жұмылу қажеттігін баса айтты.

Роза Мауылханқызы, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

18.06.2026
Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

Абай облысында әскери міндеттілерді кезекті әскери жиынға шақыру науқаны басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының қорғаныс...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

18.06.2026
Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

Абай облысында мамыр айы бойы «Таза Қазақстан – Таза су айдындары» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

18.06.2026
Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

Цифрлық технологиялар дәуірінде ғылымды дамыту тек зерттеу жүргізумен ғана шектелмейді. Заманауи университеттер үшін ғылыми деректерді тиімді талдау, болашақтағы зерттеу бағыттарын...

Толығырақ...Details

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

16.06.2026
Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында азық-түлік өнімдерін белгіленбеген орындарда сату фактілері әлі де кездеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласының...

Толығырақ...Details

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

16.06.2026
Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

Абай облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар деректерін міндетті түрде түгендеуден өткізуі қажет. Түгендеуден өтпеген азаматтар кезектен шығарылмайды, алайда тұрғын...

Толығырақ...Details

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15.06.2026
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

11 часов бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

11 часов бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

11 часов бұрын

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

2 дня бұрын

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

2 дня бұрын

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

3 дня бұрын

Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

3 дня бұрын

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

3 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

3 дня бұрын

Қайта жаңғыртылған екі теміржол вокзалы елімізде алғаш рет Абай облысында пайдалануға берілді

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС