"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ЕМІ БАР МА?

24.05.2019
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізге діни ағымдардың түр-түрі келді. Солардың ішінде әсіресе Ислам дінінің атын жамылған ағымдардың қоғамға қатері зор екеніне бүгінде көз жетті. Қазіргі күні олардың біразын түстеп тануға болатын болса, енді бірін пікір-ұстанымына қарап айыруға болады.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша ең қауіпті ағымдардың бірі псевдосәлафилік болып тұр. Деструктивті, яғни қоғамдағы үйлесім мен тұрақтылықты, салт-дәстүр мен зайырлылық принциптерін, конституциялық жүйені бұзуға бағытталған бүлдіргі ағымның сипаты жайлы дінтанушы зерттеушілер еңбектеріне сүйеніп көрелік.

Бірінші кезекте, тәкфирилік ағым өкілдері ғасырлардан бері қалыптасқан мәзһаб ғұламаларының еңбектерін жоққа шығарады. Халифат құру туралы аса қатерлі ұстаным дәл осындай сенімнен көктеп шығады. Ал «Менен кейін 30 жыл халифат болады. Одан кейін патшалық жалғасады» делінетін көрегендікпен айтылған Пайғамбар хадисін халықты фитна-бүлікке бастап жүргендер, әрине, мойындамайды.

Әлбетте, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Мұндай деструктивті, радикалды ағым өкілдері мұсылманды кіші күнәлары үшін дінсіз санауға дейін барады. Ал намаз оқымағанның бәрін кәпір санау – шариғатқа мүлде қарама-қайшы пікір. «Кімде — кімнің жүрегінде Жаратушыға деген тозаңның түйіріндей сенімі болса, ол адамның Исламы өзінде қалады» (яғни ол адам — мұсылман) деген дін ғалымдарының бірауызды пікірі бар. «Мұсылманды дінсіздікте айыптау оның қанын төгумен бірдей»,- делінген имам Бұхариден сахих тізбекпен жеткен хадисте, оны қайда қоямыз? Бұдан шығар қорытынды: деструктивті ағым өкілдері адамның діни сенім-нанымын, көзқарасын тергеп-тексеріп, соның аясында ғана мәміле жасайды. Діни төзеалмаушылық сынды қыңыр қасиеттер опа бермейтінін әлемдегі геосаяси проблемалардан айқын көріп жүрміз.

Діни экстремистік және радикалды райдағы сенімдегілер үшін «ұлттық құндылық», «мемлекетшілдік» деген ұғым жоқ. Яғни отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін бағаламайды, мемлекеттік рәміздерді мойындамайды. Тіпті балаларының зайырлы білім алуына қарсылық көрсететіндері де бар. Деструктивтілікті анықтайтын бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Жат ағымдар осылайша тек жеке азаматтардың өміріне ғана зардабын тигізіп қоймай, еліміздің ішкі тұрақтылығы мен ұлтаралық және конфессияаралық келісім саясатына да залалын келтіруде.

Діни экстремизм мен терроризмге бастап апаратын тура жол – діни радикализмге шалдығатындар – қоғамнан өз орнын таппаған, әлеуметтік ортадан шеттелген адамдар. Дінге сенушілердің радикалдануына ықпал етуші күштердің негізгісі – діни-радикалды идеологияны насихаттайтындар. Діни-радикалды уағыздардың ықпалына тез ілінетіндердің қатарында қылмыс әлемінің өкілдері де бар. Өйткені радикалды уағызшылар мемлекет билігі мен жүйесіне сын тағып, оған балама ретінде «әлеуметтік әділдік орнаған қоғам» жайлы уағыз жүргізеді, экстремистік пиғылдағы теріс пікірлер таратады. Ал қылмыстық әлем өкілдері, әсіресе темір торға қамалғандар, мұндай тақырыпқа көбірек қызығатыны белгілі.

Теолог ғалымдардың пікіріне сүйенер болсақ, діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық-зомбылықтарын көрсету. «Діни экстремизм»  әлемді өздерінің  шектен шыққан көзқарастарына сәйкес қайта құруға ұмтылады.  «Діни экстремизм» – террористік іс-әрекеттердің туындауына себеп болатын саяси құрал. Жаһандану заманында «діни экстремизм» қанатын кеңге жайып, халықаралық деңгейге жетіп отыр.  Қазіргі уақытта халықаралық экстремизм және терроризммен күресті әлемдік қоғамдастықтармен біріге отырып жан-жақты күшейтуіміз керек. Бүкіл әлемдегі кез келген мемлекетке бұл «қоғамдық қасіретке» қарсы күресті жеке жүргізу қиындыққа соғады.

Бізге керегі — ұлттық болмысқа ие, дәстүр мен төл мәдениетімізге негізделген, моральдық-материалдық тұрғыдан адамзаттың озық игіліктерін пайдалануға, оған үлес қосуға бастайтын прогрессивті Ислам.

Десек те «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» демекші, бүгінгі күндері мемлекет тарапынан тура жолдан жаңылысқан жандарға жол нұсқау, психологиялық тұрғыдан оңалту, теологиялық, заңдық көмек беру арқылы зайырлы өмірге бейімдеу шаралары қолға алынған. Мәселен, Дін мәселелерін зерттеу орталығының Семей өңірі бойынша секторы мамандары бұл ретте игілікті істерді жолға қойған. Аталған орталық жұмыс барысында деструктивті идеологияның ықпалына ұшыраған, радикалды ұйымдардан зардап шеккен жандарға көмектер көрсетуде.

Қазіргі күндері жалған сенімнің жетегінде жүріп, алайда уақыт өте келе теолог мамандардың және туыстарының, тұтас қоғамның ықпалымен дәстүрлі ата дінімізге қайта оралған жандар да бар. Дегенмен радикалды идеялармен уланып, темір тордың арғы жағында жазасын өтеп келіп, түзелген қандастарымыз үшін тура жолды табу қымбатқа түсетіні белгілі жайт.

Ендеше, жақындарыңыздан жоғарыда аталғандай оғаш қылықтар байқасаңыз, уақыт жоғалтпай теолог мамандардың көмегі мен кеңесіне жүгінгеніңіз жөн.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

16 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

16 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

19 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

19 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

20 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

20 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

21 час бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

21 час бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

21 час бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

21 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС