"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Құқықтық-сауаттылық қажеттілік

31.05.2019
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 29 мамыр күні қалалық  әкімдікте «Қазақстандағы адам құқықта-рын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» атты оқыту семинар-тренингі өтті. Семинар-тренингті ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, сарапшысы Светлана Жаркенова, комиссия мүшесі Ольга Волкова және мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Еліміздің 15 аймағын аралап келе жатқан «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» атты оқыту семинар-тренингінің модераторлары 29 мамыр күні Семей қалалық әкімдігінде аялдады. Шәкәрім университетінен соң семинар Абай, Бесқарағай аудандарында, әрі қарай Жезқазған, Арқалық қалаларында жалғасатын болады.

— Еліміздің өзге аймақтарына қарағанда, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы халықтың құқықтық ақпарат алу деңгейі жоғары. Біздің мақсатымыз – Қазақстанның барлық өңірлеріндегі халыққа тегін құқықтық ақпарат беру. Семинар барысында құқықтық ақпарат алу, сотқа дейін және сотта өз құқығыңды қалай қорғауға болады, Қазақстанда құқығы қорғалмаған жағдайда не істеу керек, қайда жүгіну керек деген сынды сұрақтарға конституциялық құқықты ескере отырып жауап беретін боламыз. Еңбек қатынастарынан туындайтын дау-дамайлардың, әлеуметтік жанжалдардың алдын алуға байланысты да оқыту жүргізіледі. Журналистердің Қазақстанда ақпарат алу деңгейі қандай? Ол қандай заңмен жүзеге асады? Журналистердің құқықтары бұзылғанда не істеу керек? Мұның барлығы осы семинар барысында айтылады. Заңды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтап, оны қорғайтын болсақ, еліміздің дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуға мүмкіндігі болады,- дейді Тастемір Дәуітұлы.

Семинар төрт бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде модератор Тастемір Әбішев адам құқықтарының тұжырымдамасы; адам құқықтары және құқықтық мемлекет; құқықтық сана және құқықтық мәдениет; адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қолдану принциптері және басқа да тақырыптарды қозғады.

— Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекет үшін ең жоғары құндылық болып табылады. Бұл туралы Ата Заңның 1-бабында тайға таңба басқандай атап көрсетілген. Ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған осынау ұлан-ғайыр территорияда егемендік орнағанына 27 жылдан астам уақыт өтті. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Қазіргі уақытта бұл ұйымға 193 мемлекет мүше. Өздеріңіз білесіздер, 2017-2018 жылдары Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. 2013 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы, 2013-2015 жылдары аралығында БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесінің мүшесі болды. Мұның барлығы Қазақстандағы жалпы заңдылықтың, адамдардың азаматтық құқықтарының сақталу деңгейіне берілген жоғары баға,- дейді Т.Әбішев.

Семинардың екінші бөлімінде ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің азаматтық, еңбек және экология пәндері кафедрасының профессоры Светлана Жаркенова ҚР-ның еңбек заңнамасына енгізілген жаңа нормалар мен өзгерістер, еңбек шартын жасасу, еңбек шартын жасаушы тараптардың құқықтары мен міндеттері, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек даулары және оларды шешу тәртібі туралы ақпарат берсе, үшінші бөлімде комиссия мүшесі, «MEDIALIFE» қоғамдық қорының президенті Ольга Волкова Қазақстандағы ақпаратқа қолжетімділік, ақпарат алу құқықтарын қамтамасыз етудің халықаралық стандарттары жайлы баяндады. Семинардың төртінші бөлімінде еңбек және әлеуметтік дау-дамайлардың, жанжалдардың алдын алу тетіктері және оларды шешу жолдары, адам құқықтарын сот арқылы және соттан тыс қорғау тетіктері, медиация, Қазақстандағы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті проблемалары жөнінде айтылды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

5 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

5 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

5 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

20 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

21 час бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

21 час бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

21 час бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 день бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС